Әдеби кешЖамбыл Жабаев (7 сынып)

Раздел Дополнительное образование
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Кештің мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.Оқушылардыңсөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақынөлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлт жандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Кештің өтілу барысы:

1-жүргізуші

Қайырлы күн құрметті көрермендер

2-жүргізуші

Армысыздар ардақты ұстаздар мен оқушылар

1-жүргізуші:
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

2- жүргізуші
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

1-жүргізуші:
Заманына «ХХ ғасырдың Гомері» , жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы- Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған кешімізге хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің кешімізде қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзінің үміт күткен ұрпақтары сыр шертеді.
«Өрлеу» оркестірінің орындауында « » күйі

2- жүргізуші

Бүгінгі кешіміз 4 бөлімнен тұрады
1 -тур. «Өмірі - аңыз, өзі - абыз»
Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығынан алынған сұрақтарға жауап беру

2 - тур «Жыр алыбы-Жамбыл»

Жамбыл атамыздың өлнңдерін мәнерлеп жатқа айту.

3 -тур «Жамбыл - айтыскер ақын»
келесі кезекті айтыскер ақындарға береміз.

4-тур «Жамбыл баба, мәңгі бірге қазақпен» өлең шығару

Оқушылар Жамбыл Жабаевқа шығарған өз өлеңдерін оқиды.

2-жүргізуші

Қақаған қара аралас соғып боран,
Ел үрей - көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.


1-жүргізуші:
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап береуіміз керек.

2-жүргізуші:

Жамбыл...... Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жахан, айдай әлемге жария етті.

1-жүргізуші:
- Ақын Сәкен Сейфуллин: «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халықтың қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» деген екен. Сондықтан біз оның өмірін, жырларын білуіміз керек.

Келесі кезекті мәнерлеп оқу бөліміне берсек.

2-жүргізуші:
«Жамбыл-ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау . Оның бір өзі әрі эпик,әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» - деп, жазушы Мұхтар Әуезов Жамбылға баға береді.

Келесі кезекте Жамбылдың ізін жалғастырушы айтыскерлерге кезек берейік.


1-жүргізуші:
Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл - менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға

1-жүргізуші:
Сиынып аруағына бабамыздың,
Киесін ұққандаймын даламыздың.
Жырлары-шежіресі еліміздің,
Сырлары-сағынышы санамыздың.
2-жүргізуші:
Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 170 жылдығына арналған кешіміз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет

Алматы облысы Алакөл ауданы Арқарлы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Утебаева Айгерім Мұратханқызы

© 2010-2022