Наурызға арналған қойылымның сценарийНаурыз біздің болыста

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Наурыз біздің болыста!

Қонақтар жиналған. Ортаға шабарман жүгіріп жетті.

Шабарман: Уа, халайық сүйінші! Біздің болысқа, Наурыз мерекесімен құтықтауға, Абылай хан мен билер келе жатыр.

Болыс басы: Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге енсін!

Хан: Ұлыс береке әкелсін!

Төле би: Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын.

Болыс басы: Кәнекей дастархан жайылсын, күй ойналсын. Төрлетіңіздер, құрметті қонақтар!

Осы мезетте әйелдер қауымы дастархан жаюға кіріседі. Күй тартылады. Шабарман әйелдерге көмектесіп жүр. Күйдің аяқ тұсында Хан мен билер кіріп келеді.

Болыс басы: Болысымызға ат басын бұрғаныңыз біз үшін құрмет!

Абылай: Бұл болыста, өзінше бір сарай! Жастардың сарайы. Мерекеге осыншама дайындық көрген екенсіздер, өтіп кетуге датымыз бармады. Төле би той думанға батаңызды берсеңіз.

Төле би: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Әумин!

Болыс басы: Төрлетіңіздер, мерекемізді бірігіп тойлайық!

Барлығы дастархан басына жайғасады.

© 2010-2022