Менің сүйікті ойыншығым ән-күй сабағы

Раздел Дополнительное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Үржар ауданы әкімдігінің «Ер Төстік» балабақшасы КМҚК


Менің сүйікті ойыншығым ән-күй сабағы


Менің сүйікті ойыншығым ән-күй сабағы

Менің сүйікті ойыншығым ән-күй сабағы







Саз жетекшісі: А.Д.Суртаева



«Менің сүйікті ойыншығым»

Мақсаты: Балаларға ойыншықты күтіп ұстай білуге үйрету.

Музыканы есінде сақтап оны қимыл арқылы, және де

ырғақты аспаптар да ойнап, қызығушылықтарын арттыру.

Әнді табиғи, жұмсақ дауыспен, еркін айткызуға шеберліктерін

қалыптастыру.

Саз жетекшісі: Балалар орындарымызға отырып дауысымызды

жаттықтырып алайық.

Сазды жаттығу: «Амандасу» (Сиқырлы әлемі кітабынан)

Саз жетекшісі: Әр үйдің бір еркесі,

Сәлем бердім қыздарға

Қыздар:Біз қыздармыз көбелекпіз,

Сәлем бердік сізге де.

Саз жетекшісі:Ер жігіттер, ер жігіттер,

Аман есен жүрсіндер.

Ұлдар: Біз аман есен жүреміз,

Сізге соны тілейміз.

Саз жетекшісі: Қане достар бірігіп,

Жаттығуды айтайық.

Дауысымыз шынығып,

Бұлбұл құстай сайрайық.

Бәрі: Еркем, еркем, еркем-ай,

Еркелеген еркем-ай.

Еркелеген еркемді,

Еркелетсем екен-ай.

Саз жетекшісі: Өте тамаша.Балалар, тыңдап қарандаршы мынау қай әннің

үзіндісі?

(«ойыншықтар» әнінен үзінді ойналады)

Балалардың жауабы.

Саз жетекшісі: Дұрыс, бұл «ойыншықтар» әнінен. Ал сендердің сүйікті

ойыншықтарың бар ма?

Балалардың жауабы: (Сүйікті ойыншықтарын атайды)

Саз жетекшісі: Олай болса сүйікті ойыншықтарымызға арнап әнімізді

орындайық.

ӘН: «Ойыншықтар»

(Әннің сонында беті-қолы кір-кір қуыршақ кіреді).

Саз жетекшісі: Сәлематсың ба Қуыршақ. Саған не болған? Беті- қолың неге

лас?

Қуыршақ: Мен ешкіммен амандаспаймын, мен ешкіммен ойнамаймын,

беті-қолымда да жумаймын.

Саз жетекшісі:Әй, бәсе, мына ән кім туралы жазылған десем. Бұл қір қуыршақ

туралы екен ғой. Балалар тыңдап қарандаршы.

Ән: «Кір қуыршақ» (Балаларға әнді тыңдатып, оны қайталату).

Қуыршақ:(жылап,тебінеді) А-а-а-а..... мен ондай емеспін, мен жақсы, әдемі

қуыршақпын.

Саз жетекшісі: Әдемі, жақсы Қуыршақ болғың келсе,беті-қолынды жууың керек.

(Қуыршақ мұңайып қалады).

Саз жетекшісі: Қуыршақ, саған не болды?

(Басын ұстап қарап) Балалар Қуыршақтың қызуы көтерліп

тұрған сияқты.

Музыка тыңдау: «Болезнь куклы» (Чайковскийдікі)

Саз жетекшісі: Балалар, біз қалай білдік қуыршақтың ауырып қалғанын?

Балалардың жауабы:

Саз жетекшісі: Ия, дұрыс музыка бізге айтты. Өйткені музыка бізге мұнайлы

болып естілді. Ал енді қалай Қуыршаққа біздер көмектесеміз?

Балалардың жауабы :

Саз жетекшісі: Олай болса бізде де музыка арқылы қуыршақты емдеп алайық.

Алдын ала бұл қандай аспап екенін тауып алайық

ОЙЫН: «Бұл қандай аспап?»

Саз жетекшісі: Алдымен сен күй тыңда,

Тартқан күйді дәл тыңда.

Қайсы аспапта ойнады,

Таба қойшы қалпында.

(Қоңыраудің ырғағы ойналады)

Балалар: Тартқан күйді тыңдадым,

Қиын емес жұмбағың.

Танымады дейсің бе?

Қоңыраудың ырғағын.

(Осындай тәсілмен музыкалық, ұрмалы ж.т.б. аспаптарды балаларға тыңдатуға болады)

Саз жетекшісі: Аспаптарыңды алындар музыка әуенімен оның ырғағын

соғыңдар.

Шулы және ұрмалы аспаптарда ойнау

«Апам үшін» әннің әуеніне.

Қуыршақ: Ой, балалар, маған не болды? Мен қатты ұйықтап кетіппін.

Бірақта мен бір тамаша түс көрдім, мен балалармен би билеп,

Ойын ойнап жүрмін.

Саз жетекшісі: Қуыршақ, сен ауырып қалдың, өйткені жуынғың келмеді.

Ал енді беті-қолынды жуып, таза жүрсен біздің балалар

Сенімен бірге би де билеп, ойында ойнайды. Солай ма балалар?

Балалардың жауабы:

(Қуыршақ беті-қолың жуғандай болады) (тегене, орамал, айна)

Саз жетекшісі: Балалар,, Қуыршақ беті- қолын жуды, ал енді би билейік.

Алдын ала шеңберге тұрайық,

Сазды-ырғақтық қимылдар жасайық.

  1. Марш

  2. Секірмелі жүріс

  3. Тізені бүгіңкеріп, шетке жүру

  4. Тура ат шабыс

  5. Жерді табанмен сипап өту

Қуыршақ: Көңілдене секірдік,

Марш адымымен біз жүрдік.

Жерді табанмен сипап алдық,

Ат шабыс пен де жүгірдік.

Ал енді бәріміз,

Би билеуге дайынбыз

БИ: «Менің сүйікті ойыншығым»

Қуыршақ: Тамаша, балалар, мен өте қуанышытымын, сендер жақсы

билейді екенсіңдер. Ал енді ойыншықтарымызды орына

жинайық.

Саз жетекшісі: Қуыршақ, біздің балалар сенімен ойын ойнағысы келіп тұр.

Қуыршақ: Ойнаса ойнайық.

ОЙЫН : «Домбыра»

Домбыраның құлағын,

Мәнерімен бұрадым.

Достарынды ертіп кел.

Досың ұйып тыңдасын,

Әнге қосып жырласын.

Тамылжыта күйге бас,

Сонан кейін биге бас.

Саз жетекшісі: Балалар сендерге ойын ұнады ма?

Келесі музыка оқу іс-әрекетінде әрі қарай жалғастырамыз.

Ал қазір орындарымызға отырайық.

ЖЕКЕ ӘН: «Қуыршағым менің»

Саз жетекшісі: Қуыршақ, саған ұнады ма?

Қуыршақ: Әрине ұнады. Менде үлкен кәмпит бар мен балалармен бірге

дәмін татқым келеді. Болады ма?

Саз жетекшісі: Әрине болады. Ал енді қоштасатын да уақыт келді. Кәне,

балалар орындарымыздан тұрайық қуыршаққа, қоңақтарға

қош сау болыңыз айтайық.

© 2010-2022