• Преподавателю
  • Дополнительное образование
  • Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы және олардың сипаттамасы, ядролық жарылыс бұлтының ізіне пайда болатын зақымдау аумағы және оның радиациялық деңгейі, сәулелену мөлшері, радиациялау деңгейі

Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы және олардың сипаттамасы, ядролық жарылыс бұлтының ізіне пайда болатын зақымдау аумағы және оның радиациялық деңгейі, сәулелену мөлшері, радиациялау деңгейі

Раздел Дополнительное образование
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өткізілетін күні:1.11.2014 ж

  1. Сабақтың тақырыбы: Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы және олардың сипаттамасы,ядролық жарылыс бұлтының ізіне пайда болатын зақымдау аумағы және оның радиациялық деңгейі,сәулелену мөлшері,радиациялау деңгейі және олардың өлшеу бірлігі туралы жалпы түсінік

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы туралы түсінік беру.

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар.

  6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі - 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі - 10 мин.

  • Ядролық жарылыстың радиациясы дегеніміз не?

  • Сәуле ауруының қанша дәрежесін білесіңдер?

  • Өткір радиацияны қалай әлсіретуге болады?

б) Негізгі бөлім - 20 мин.

Ядролық зақымдау ошағы және оның сипаттамасы, ядролық зақымдау ошағындағы қирау аумағы және олардың сипаттамасы,ядролық жарылыс бұлтының ізіне пайда болатын зақымдау аумағы. Жергілікті жердің, атмосфераның, жерге жақын қабаттарының, әуе кеңістігінің, су мен басқа да объек-тілердің радиоактивті зақымдалуы ядролық жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың түсуінен болады.

Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздері: ядролық жарылғыш заттардың (плутоний - 239, уран - 235, уран - 238) бөліну өнімдері және осыдан барып топырақтың ядролық зарядтың бөлінбейтін бөлігімен активтелінуі.

Ядро қаруы жер бетінде жарылған алғашқы кезде радиоактивті бөлшектер жалындаған шардың ішінде болады. Ол шар бу мен түтіннің қоршауында жоғары көтеріледі де, бірнеше секунд өткен соң будақталған буға айналады. Жоғары қарай көтеріліп бара жатқан ауа өзімен бірге жерден топырақ бөліктерін қоса жоғары көтеріп әкетеді. Топырақтың мұндай бөлшектері радиоактивті болып қалады. Олардың ішіндегі ең ірі бөлшектері тікелей жарылыс болған ауданның өзіне түседі. Басқалары бұлттың ішінде қалады да, ауа ағынымен ілесіп, жарылыс орталығынан жүздеген километр қашықтыққа таралады. Жер бетіне біртіндеп жауып радиоактивті заттар радиоактивтік із деп аталатын радиациялық өңір түзеді.

Қауіптілік дәрежесі бойынша радиоактивті із шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді:

А аймағы - орташа зақымдану. Радиоактивті заттардың толық ыдырағанға дейінгі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=40рад, ішкі шекарасында Д= 400 рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 70-80%-ын құрайды.

Б аймағы - күшті зақымдану. Сәулелену дозасы сыртқы шекарасында Д= 400рад, ішкі шекарасында Д=1200 рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 10%-ын құрайды.

В аймағы - қауіпті зақымдану. Радиоактивті заттардың толық ыдыраған кездегі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=1200рад, ішкі шекарасында Д=4000рад. Оның көлемі бүкіл із ауданының 8-10%-ын құрайды

Г аймағы - төтенше қау!пті аймақ. Радиоактивті заттардың толық ыдыраған кездегі сәулелену дозасы аймақтың сыртқы шекарасында Д=4000рад, ішкі шекарасында Д=7000рад.

Бұл аймақтардың сыртқы шегіндегі радиация деңгейлері жарылыстан соң 1сағаттан кейін-8; 80; 240 және 800рад/сағ болады, ал 10сағаттан кейін-0,5; 5; 15; және 50рад/сағ болады.

Ядролық жарылыстың зақымдау әрекетінің сипаттамасы.

Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ-дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқын, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта әсер етулері адамдарға, қару-жарақ, әскери техника мен құрылыстар бетіне ядролық оқ-дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің сипатын қамтамасыз етеді.

Жеке құрамның түйдектелген зақымдану кезінде соққы толқын әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға зиянды сәулеге шалдығудан жасалған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін.

Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді.

Зақымдануды оның ауырлығына қарай өлтіретін, өте ауыр, орташа және жеңіл деп бөледі. Өте ауыр және орташа ауырлықтағы зақымданулар адам өміріне өте қауіпті болады, көбінесе өлімге әкеп соғады. Орташа және жеңіл ауырлықтағы зақымдану адам өміріне қауіпті емес, бірақ жеке құрамның ұрысқа қабілеттілігін төмендетеді.

Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады.

Қару-жарақ пен әскери техниканың істен шығуы көбінесе соққы толқын әсерінен болады да ұшақтар мен тікұшақтар жеңіл бүлінуі, ал қалған техника үшін орташа бүлінумен айқындалады.

Қару-жарақ пен әскери техниканың әлсіз зақымдануына объектінің ұрысқа қабілетін онша төмендетпейтін және экипаж күшімен оны жоюға болатын зақымдану жатады.

Орташа зақымдануға әскери жөндеу мен бөлімшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет ететін қару-жарақ пен әскери техниканың зақымдануы жатады.

Күшті зақымдану кезінде объект түгелдей жарамсыз болады. Толық зақымдану кезінде объектіні орнына келтіру мүмкін болмайды.

Фортификациялық құрылыстар негізінен соққылы толқыннан зақымданады. Ол үш түрлі қирау дәрежесімен сипатталады: әлсіз, орташа және толық.

Әлсіз қираудан кейін құрылыстар ұрысқа қолдануға жарамды, бірақ соңынан жөндеуді қажет етеді.

Орташа қирау кезінде құрылыстардың тікелей мақсатта қолданылуы шектеулі болады да, ол қатардан шығарылады.

Толық қирау кезінде құрылыстарды тікелей мақсатқа қолдану мен оны қалпына келтіру мүмкін болмайды.

Зақымдау объектілерін топтастыру.

Жалпы жағдайда зақымдау объектісіне шектеулі алаңда орналасқан қарапайым нысаналардың жиынтығы енеді. Қарапайым нысанаға дара нысандар жатады.

Объекті құрамына кіретін қарапайым нысаналар сипатына қарай біртектес және әртектес болып бөлінеді. Құрамына қарапайым нысаналардың бір ғана түрі енетін объект біртектес объект деп, ал объектіге әр түрлі сипаттағы нысаналар кіретін болса әртектес объект деп аталады.

Объект өлшеміне қарай нүктелі және өлшемді болып бөлінеді.

Нүктелі объектіге зақымдануы жартылай бола алмайтын, яғни ядролық оқ-дәрі жарылысы кезінде түгелдей зақымданатын, немесе мүлде зақымданбайтын объектілер жатады.Өлшемді объектілер ауданды немесе сызықты болып бөлінеді.

в) Қорытынды бөлім - 12 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздерін атаңдар.

  • Радиоактивті зақымдану қалай пайда болады?

  • Жер үстіндегі ядролық жарылыстан радиоактивтік іздің түзілуі туралы айтыңдар.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: ____________


© 2010-2022