Тест по казахскому языку для 7 класса

Раздел Дополнительное образование
Класс 7 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 - сынып

1 - нұсқа
1. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін сала қалай аталады?
A. Лексика; B. Синтаксис; C. Морфология; D. Фонетика.
2. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай ашық, қысаң деп бөлінеді?
A. Еріннің; B. Тістің; C. Жақтың; D. Тілдің.
3. Қай дыбыстар жуан дауыстыға жатады?
A. ә, е, і, ы; B. қ, п, т, с; C. ы, ұ, ө, е; D. а, о, ұ, ы.
4. Қай жерде У дыбысы жуан айтылады?
A. Беру; B. Елу; C. Өру; D. Ору.
5. Қысаң дауыстыларды тап.
A. а, ә, ы, и, і, у; B. а, ә, о, і, и, е; C. а, ә, о, ө, е, э; D. ы, і, и, ұ, ү, у.
6. Жіңішке дауыстыларды тап.
A. ә, о, ү, ы, і; B. ә, ө, ү, і, е; C. а, ө, ұ, і, е; D. а, о, ұ, ы, у.
7. Құрамында тек езулік дауысты бар сөзді көрсетіңіз.
A. Ермұрат, доп; B. Айсәуле, жіп; C. Динара, өнер; D. Айдос, құлын.
8. Дауыссыз дыбыстарды тап.
A. б, в, д, ж, и; B. н, ң, о, ө, п; C. д, ж, з, й, к; D. л, м, н, ң, ы.
9. Үш буынды сөзді тап.
A. Қарағанды; B. Атырау; C. Ақтау; D. Орал.
10. Ұяң дауыссыздарды тап.
A. р, л, й, м, н; B. р, л, п, ф, к; C. б, в, г, ғ, д; D. д, з, ж, н, ң.
11. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа - басқа сөздердің тобын білдіретін сөздерді қалай атайды?
A. Антонимдер; B. Синонимдер; C. Омонимдер; D. Көп мағыналы сөздер.
12. Антонимді тап.
A. Кіші, сулы; B. Ескі, суық; C. Қатты, жұмсақ; D. Жылы, қараңғы.
13. Омонимді тап.
A. Арық; B. Арпа; C. Алматы; D. Толық.
14. Жалғаудың түрлерін тап.
A. Түбір, туынды; B. Көптік, септік; C. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші; D. Дара сөз, күрделі сөз.
15. Көптік жалғауы бар сөзді тап.
A. Үлкендерді сыйлау - әдептіліктің белгісі. B. Марат ертең келеді. C. Кешегі жарыста Асан жеңіліп қалды.
D. Омар қалада тұрады.
16. Қазақ тілінде неше септік бар?
A. 4; B. 5; C. 6; D. 7.
17. Кімге? Неге? қай септіктің сұрақтары екенін тап.
A. Барыс; B. Табыс; C. Жатыс; D. Шығыс.
18. Жатыс септігінде тұрған сөздерді тап.
A. Кітаппен, дәптерден. B. Кітаптан, дәптерден. C. Кітапта, дәптерде. D. Кітапқа, дәптерге.
19. Көмектес септігінде тұрған сөйлемді тап.
A. Мен әкемнің сағатын ала алмадым. B. Мен әкеммен бірге сағат алдым.
C. Мен әкемді жақсы көремін. D. Мен әкемнен көп нәрсе үйрендім.
20. Көп нүктенің орнына септік жалғауын қой.
Мен досым... бірге кітап оқыдым.
A. - нан; B. - дан; C. - а; D. - мен.



7-сынып

2 - нұсқа
1. Фонетика нені зерттейді?
A. Сөз тіркестерін; B. Сөз құрамын; C. Сөйлем мүшелерін; D. Тіл дыбыстарын.
2. Тіл дыбыстары ненің қатысына қарай жуан, жіңішке деп бөлінеді?
A. Еріннің; B. Тістің; C. Жақтың; D. Тілдің.
3. Ашық дауыстыларды тап.
A. а, ә, ы, и, і, у. B. а, ә, о, і, и, е. C. а, ә, о, ө, е, э. D. ы, і, и, ұ, ү, у.
4. Қай сөзде У дыбысы жіңішке айтылады?
A. Қу; B. Су; C. Жу; D. Елу.
5. Қысаң дауыстыларды тап.
A. а, ә, ы, и, і, у. B. а, ә, о, і, и, е. C. а, ә, о, ө, е, э. D. ы, і, и, ұ, ү, у.
6. Жуан дауыстыларды тап.
A. ә, о, ү, ы, і; B. ә, ө, ү, і, е; C. а, ө, ұ, і, е; D. а, о, ұ, ы, у.
7. Құрамында тек езулік дауысты бар сөзді көрсетіңіз.
A. Ақмарал, тұман; B. Айман, ірімшік; C. Айнұр, айна; D. Жұлдыз, Сандуғаш.
8. Дауыссыз дыбыстарды тап.
A. б, в, д, ж, и; B. н, ң, о, ө, п; C. д, ж, з, й, к; D. л, м, н, ң, ы.
9. Үш буынды сөзді тап.
A. Айна; B. Тарақ; C. Қалампыр; D. Раушан.
10. Үнді дауыссызды тап.
A. р, л, й, м, н; B. р, л, п, ф, к; C. б, в, г, м, н; D. д, з, ж, н, ң.
11. Мағыналары бір - біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы қалай аталады?
A. Антонимдер; B. Синонимдер; C. Омонимдер; D. Көп мағыналы сөздер.
12. Антонимді тап.
A. Кіші, ескі; B. Жаңа, суық; C. Жомарт, сараң; D. Жылы, үлкен.
13. Омонимді тап.
A. Қара; B. Күріш; C. Алматы; D. Сары.
14. Жалғаудың түрлерін тап.
A. Түбір, туынды; B. Көптік, септік; C. Сөз тудырушы, сөз түрлендіруші; D. Дара сөз, күрделі сөз.
15. Көптік жалғауы бар сөзді тап.
A. Мұса Алматыға кітаптар алуға кетті. B. Мен сөмкені алдым.

C. Кешегі жарыста Асан жеңіліп қалды. D. Омар қалада тұрады.
16. Қазақ тілінде неше септік бар?
A. 4; B. 5; C. 6; D. 7.
17. Кімді? Нені? қай септіктің сұрақтары екенін тап.
A. Барыс; B. Табыс; C. Жатыс; D. Шығыс.

18. Шығыс септігінде тұрған сөздерді тап.
A. Кітаппен, дәптерден. B. Кітаптан, дәптерден. C. Кітапта, дәптерде. D. Кітапқа, дәптерге.

19. Ілік септігінде тұрған сөйлемді тап.
A. Мен әкемнің сағатын ала алмадым. B. Мен әкеммен бірге сағат алдым.
C. Мен әкемді жақсы көремін. D. Мен әкемнен көп нәрсе үйрендім.

20. Көп нүктенің орнына септік жалғауын қой.

Менің досым... жасы он екіде.
A. - ның; B. - дың; C. - нан; D. - да.

© 2010-2022