А. Құнанбаев Қыс өлеңі 5 сынып

Раздел Дополнительное образование
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

А.Құнанбаев Қыс өлеңі 5 сыныпА.Құнанбаев Қыс өлеңі 5 сыныпА.Құнанбаев Қыс өлеңі 5 сыныпА.Құнанбаев Қыс өлеңі 5 сыныпА.Құнанбаев Қыс өлеңі 5 сыныпПәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 5 «Б»сынып күні:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі

Сабақтың

танымдық мақсаты

ДАМЫТУШЫЛЫ

ҒЫ:


Тәрбиелігі:

Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, табиғат

лирикасында жазылған тамаша туындысының идеясын терең меңгерту;әр

оқушының өзіндік қиялына ерік беріп, өзінше ой түюге баулу

Тіл дамыту,баланың кейбір іздену жұмысына,адам табиғат бөлшегі екендігін

бір-біріне ықпалы мен әсерін түсіндіру.

Оқушылардың қоғамға, табиғатқа деген көзқарасының қалыптасуына ықпал

жасау,өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу,ой өрісін дамыту

Ұлтымыздың ұлыларының еліне жасаған еңбегін бағалай білуге және ойын анық

жеткізе білуге , шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру, табиғатты сүюге,

аялауға тәрбиелеу.

Сілтеме

«Қазақ әдебиеті» 5-сынып 139-140- беттер

Дереккөздер мен жабдықтар

Абайдың портреті, слайдтар , бейнетаспа,түрлі әдістер «Сұрақ-жауап»,

«Алтын баған», Сергіту жаттығулары, ««Жапондық бағалау», «Блоб ағашы».

Күтілетін нәтиже

А

В

С

Ақынның өлеңдерін еске түсіреді.

Өлеңді оқиды, жаңа материалмен танысу барысында ықыласты болады.

Өлең мазмұнымен таныса отырып,өз болжамдарын шығармашылық тұрғыда жеткізеді.

Өлеңді талдайды,

тақырыбы мен идеясын

ашады, қиялдайды, өз

әрекеттеріне

рефлексия жасайды.

Сабақ барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Әдістер мен тәсілдер

Оқушы әрекеті

2 мин

І Ұйымдастыру

  1. Амандасу

  2. Түгендеу

  3. Оқушы назарын сабаққа аудару

Жайлы атмосфера қалыптастыру үшін шаттық шеңберін құрайды

Оқушылар

амандасып,бір-біріне

сәттілік тілейді

«Ұйымшылдық тәртіп-ең

басты міндет» сендерге

сәттілік тілеймін

(топ оқушылары әуе

шарларын

ұшырады)

1 . «Білу»

13 минут

ІІ Үй тапсырмасын сұрау

1.Ы.Алтынсарин «Өзен» өлеңін жаттау

2.Ы.Алтынсариннің әңгімелері

А)Тәрбие-бағып қағудан басталады

Ә)Тіршіліктің тұтқасы-еңбекте

Б)Мейірімділік-адам өмірінің айнасы

Мазмұндау жоспары бойынша әр топтан бір-бір оқушыдан шығып,түсіндіре

ді

Топ оқушылары жауап

берген оқушыға «от шашу»

әдісі арқылы шапалақтайды

және жапондық

бағалау арқылы

бағалайды.

3 минут

ут

Үй тапсырмасын бекіту,бағалау(бағалау гүлді карточкілері арқылы)

Бейне көрініс «Ы.Алтынсарин»»

Оқушылар түсінік алады.



1 мин

Мұғалім қысқаша түсінік беремін.


Деректер сөйлейді»

1841 ,1850, 1854, 1860 ,1876, 1879

т.б

1 оқушы шығып «деректер

сөйлейді»тапсырмасына

жауап

береді .

Топтар от шашу арқылы

шапалақтап көрсетеді.

Жаңа сабақ

2.«Түсіну»

2 минут



Психологиялық тренинг:

А.Құнанбаев «Қыс» өлеңі.

-Оқушылар,көздерімізді жұмамыз.Саусақтарыңмен дөңгелек жасаймыз.Бұл-көгілдір экран деп елестетіңдер.Экранда айнала аппақ көрпеге оранған.Бәрін қар басқан.Достарыңмен аққала жасап жатырсыңдар.Қардың ұшқындары үйдің төбесіне,шатырға,басымызға,

жерге түсіп жатыр.Енді көздеріңді ашыңдар.Бұл қай мезгіл?

«Ой қозғау»әдісі

Бейне көрініс

«Қыс түсті»

-Бұл қыс мезгілі:Желтоқсан, қаңтар,ақпан айлары.




3.

«Қолдану»

2 минут

Мұғалім қысқаша түсіндіреді:

А) Абай ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.


Абай

прозасы

поэзиясы

қарасөздер

поэмалар

өлеңдер

Ә) Абайдың табиғат лирикасы

Абайдың табиғат лирикасы - ақындық шеберлікпен жазылған сұлу, сырлы жырлар. Жыл мезгілдерін сипаттайтын өлеңдерінде көз алдымызға түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді. Табиғат туралы әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді, ізінше сол көрініске бөленген қазақ ауылының тіршілік кәсібіне, шаруа жайына

Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай.
Абай «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.

Сондай өлеңдерінің бірі - «Қыс».
















2 минут




2 минут




3 минут

А.Құнанбаев «Қыс»өлеңі

I бөлім «Қыстың сипаты»

II бөлім «Қысқы ауыл»





- Мына көріністе жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Қыс айларын ата.

-Қыс дегенде көз алдымызға не елестейді?


-Бүгінгі сабақ не туралы болмақ?

- Ендеше, бүгін Абай Құнанбайұлы-ның "Қыс" өлеңімен танысамыз.

«Қыс» өлеңі бойынша оқушылардың қыс суретін тұтас қабылдауы үшін сұрақ жауап алынады.

1.Мұғалім:-Өлең оқылғанда көз алдарыңа не елестеді

2.-Ия,қаһарлы қыс бейнесінің тағы қандай сипаттары көрінеді?

Осы кезде бейнетаспадан баяу үнімен бейне көрініс «Қыс қызығы» көрсетіледі.




«Жұптас, ойлан, бөліс» стратегиясы

Мақсаты:топ

тық жаңа

білімді жинақтау,ынты

мақтаса жұмыс жасай отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету.

Сұрақ-жауап

«Қыс» өлеңін бір оқушы

мәнерлеп оқиды.

Оқушылар күн ретін,тақырыпты дәптерлеріне жазады.

- Өлеңде түсініксіз сөздер бар ма?

«Түсініктеме күнделігі»

дәптерлеріне жазады.

Ұшпа- бұлт

Шидем- қой терісінен

тігілген тон

Қондыбай, Қанай- адам

аттары

Алты қанат ақ орда - киіз

үй

Оқушылар жаңа сөздерге

түсінік алады.

Оқулықпен жұмыс.





-Ашулы шал бейнесі

Ол ақ киімді,ақ сақалды,

оның түсі суық.


3.-Оның басқан жері неге сықырлайды?

4.-Аязбен қызарып ажарланды-дегенді

Қалай түсінесіңдер?

5.Өлеңде малшылар туралы не айтылған »Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы,Титығы құруына аз-ақ қалды дегенді қалай түсінесіңдер?


6.-Титығы құруына аз- ақ қалды-деген несі?Тұяғңы ауырғаннан ба?

7. Иә,қатты шаршау дегенді айтып тұр.Ал «Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр» өлең сөзін кім түсіндіреді?

8.Шидем деген қандай киім?

Демек, Абайдың «Қыс» өлеңі көз алдымызға жанды көріністі алып келді.Ол-ашулы шал бейнесі.Оның қабағы қатулы.Демінен ақ қар борайды.Сол-ақ қар мен боран қазақ ауылын, киіз үйлерді түгел ұшырып жіберейін деп тұр. сыртында малшы жылқыларды қайтарып,айдап бара жатыр.Киіз үйдің жанында балалар жүгіріп ойнап жүр.

-Аяз қатты болғанда аяқ бассаң,қатты сықырлайды.

-Аяз қатты болғанда адамның екі беті қызарып кетеді,сонда ол әдемі болады.

-Малшылар жылы киінген,сонда да бораннан олар тоңып,оған қарай алмай теріс айналды.

Қар тепкенгше қажымас дегені шаршамас деген сөз.Жылқылар қардың астынан теуіп,шөп тауып жейді.Бірақ ылғи да қар тебе берсе тұяғы ауырады ғой.

-Ол енді шаршайын деп тұр

-Қыста малға қасқыр шабады,соны айтып тұр.

-Қойдың жүнінен тігілген

сырты матамен қапталған киім.


1 минут

Топқа бөлу.Оқушылар жылдың әр маусымына байланысты 4 топқа бөлінеді.

(төрт мезгілді суреттер арқылы)

Кеспе суреттер

Оқушылар топтарға

бөлініп ,өз орындарына отырады.

Талдау

4 минут

Бағалау парақшасын оқушыларға таратамын.

Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма

Постер арқылы топтық жұмыс

«Синквейн»стратегиясы

Бес жолды өлеңді талдау А.Құнанбаевтың «Қыс» өлең шумақтарын I, II, III,IV топ оқушылары талдайды.

1,2 топ «Қыс сипаты»

3,4 топ «Қысқы ауыл»

1.жол.зат есім

2.жол.сын есім

3.жол.етістік

4.жол жеті сөзді сөйлем.

5.Қос сөз

4 минут








2 -тапсырма

1.Қыс келді.

2.Бұлттай қасы жауып,жаңбыр жауды.

3.Қар тепкенге қажымас қайран жылқы.

4.Аяз келіп,күн ысыды.

5 .Кәрі құдаң қыс келіп,жер көктеді.

6.Аяз ата келіп,сыйлық берді.

7.Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр.

8.Далада аппақ қарлар бүршік жарды.

9.Ақ киімді,денелі,ақ сақалды шалға көмек бердім.

10.Беті қолы домбығып,үсік салды.

11.Малшылар шидем тондарын киіп, суға түсті.

12.Соқыр,мылқау танымас тірі жанды.

13.Кәрі құдаң қыс келіп,әлек салды.

14.Қар тепкенге қажымас қайран қоян.

Шатастырылған логикалық тапсырмалар . «Адасқан сөйлемдер» (слайд ) топтық жұмыс

Оқушылардың әрекеті

Номерленген кеспе

қағаздардан дұрысын

ажыратып табу

3 минут

Сергіту сәті «Көзімнің қарасы»

Бейнетаспадан Абайдың әні әуенімен көрініс көрсетіледі

Оқушылар ұжыммен

әнді орындайды.

5.

«Жинақтау»

5 минут

Тапсырма

Сабақтан алған әсері.

Ақ қалпақ-қыс жөнінде түсінік береді.

Сары қалпақ-оқиғаның жағымды жағы.

Қара қалпақ-оқиғаның жағымсыз жағы.

Қызыл қалпақ-эмоция,сезім.

Жасыл қалпақ-шығармашылық жаңа идеялар.

Көк қалпақ-сипаттау, суреттеу.

Әдіс-тәсілі «Ақылдың алты қалпағы»

Жеке жұмыс .

Оқушылар логикалық

эмоциядан қиялды

дәлелдеп ажырата

білуге талпынады және

өз ойларын жеткізеді.

6.

Бағалау


Бағалаушы парақшасы арқылы өз тобын бағалайды.

Мұғалім жиналған гүлді дөңгелекшелерді санап,топқа және жеке оқушыға бағасын қояды.

Оқушылар күнделіктері

не мұғалім қойған

бағаны қояды.

Ал, мұғалім парталарына барып,бағаның қасына қол қояды.

Үйге тапсырма

1 минут

Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгінгі алған білімді,

Ұмытпай, есте сақтайық!

Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңін жаттау және «Қыс мезгілі» атты шағын шығарма жазып келу.

Рефлексия

«Блоб ағашы» плакаты

Оқушылар сабақтан алған

әсерін стикермен

«Блоб ағашы»

суретіне жабыстырады.

© 2010-2022