«Конституция-кемелдік кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей көп салалы колледжі












«Конституция-кемелдік кепілі»

тақырыбындағы дөңгелек үстел


«Конституция-кемелдік кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел


Арнайы пәндер циклдік комиссия

отырысында қаралып бекітілді

Хаттама №___ «___»_______2013ж.

ПБК жетекшісі Садуакасова.А.Т



Оқытушы: Байболов.Ж.Ж.








Тақырыбы: «Конституция-кемелдік кепілі»

Ұстанымы: «Заңды білу - заман талабы»

Мақсаты: ҚР конституциясының тарихына шолу жасау,маңызы мен мәнін айшықтау. Оқырмандарды Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу және таным белсенділіктерін,қызығушылықтарын одан әрі дамыту және ұштау.

Көрнекілігі: ҚР-ның картасы, ҚР әнұранының аудиожазбасы,

ту, елтаңба, ҚР Конституциясының макеті, техникалық құрал-жабдықтар т.б..

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Бүгін ҚР Конституциясына -18жыл! Меркелеріңіз құтты болсын! «Конституция-кемелдік кепілі» атты дөңгелек үстел ретіндегі бас қосуға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Қазақ елі тәуелсіздік алып, өз Конституциямызды қабылдағанымызға биыл 18 жыл толып отыр. Ата Заң біздің мемлекетіміз бен оның азаматтарына мінсіз қызмет етіп келеді.Осы жылдар ішінде Заңның, адамның құқығы мен бостандығының берік кепілі - еліміздің Президентінің бастамасы бойынша Конституцияға екі мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл Конституцияның біздің өміріміздің барлық қырларына тереңірек бойлай және әрі қарай дамуға ықпал ете отырып, жас Қазақстанмен бірге өсіп, өркендеп келе жатқанын білдіреді.

Конституция - кез-келген мемлекеттің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары мен міндеттері, құқықтары мен бостандықтары көрсетіледі.

Конституция өмірдің барлық саласындағы іргелі реформаларды жүргізудің негізіне айналды. Жүргізілген реформалардың арқасында біздің мемлекетіміз экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың орасан әлеуетін сәтті іс жүзіне асырып отырған құқықтық мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастықтағы ұстанымын айтарлықтай нығайтты.

Дөңгелек үстелді колледжіміздің құқықтану мамандығының студенттерінің дайындаған баяндамаларынан бастасақ.

Баяндама тақырыптары:

  • «Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуы»

  • «Основные достижения Республики Казахстан за годы независимости»

  • «Тәуелсіз ел ертеңі - бүгінгі білімді жастар»

Жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстел мақсаты, 18 жыл ішіндегі Ата Заңымыздың қоғамымыздың даму заңдылықтарыныңең жоғарғы көрінісі ретіндегі орнын ерекшелеу жүзінде қазіргі азаматтардың жеке өзіндік ой-толғауларын талқылау болып отыр.

Әңгімелесу бағытын төмендегі тақырыптар төңірегінде әңгіме

өрбітсек. (Сөз сөйлеу уақыты - 5 мин.)

• Сөз бостандығы

Сөз және пікір айту бостандығы демократияның кепілі болып табылады. Пікір таластыру және дауыс беру, жиналу және наразылық білдіру әділеттікті қамтамасыз етеді, ал осының барлығы шектеусіз сөз бен баспасөз бостандығына байланысты.

«Демократия үшін күрес» атты теледидар серияларының авторы Канадалық Петрик Уилсон: «Демократия дегеніміз - қарым-қатынас жасау: адамдар өздеріне ортақ мұң-мұқтаждарын талқылап, бәріне ортақ тағдырын қалыптастырады. Адамдар өздерін өздері басқармай тұрып, өз ойларын ашық айту бостандығына ие болуы керек», - дейді.

• Бостандық пен сенім

Дінге сену бостандығы, таратып айтқанда ұждан бостандығы бойынша кез келген адамды оның еркіне қарсы бір дінді немесе басқа бір сенімді мойындатуға болмайды. Дін ұстағаны үшін, әйтпесе ешбір дінді мойындамағаны үшін ешкімді де жазалап, айыптауға болмайды. Демократиялық мемлекет әрбір адамның дін ұстануы жеке басының ісі екендігін мойындайды. Көптеген демократиялық елдерде тарихи дамуға және әдет-ғұрыпқа байланысты мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыратын шіркеулер мен діндер ресми жұмыс істейді. Дегенмен, бұл жағдай үкіметті ресми түрде танылған діннен бөлек сенімдегі адамдардың бостандығын қорғау жауапкершілігінен босатпайды.

• Азаматтық құқықтар мен міндеттер

Демократия үкімет халыққа қызмет етуге тиісті деген қағидаға сүйенеді. Халық - демократиялық мемлекеттің азаматтары. Мемлекет өз азаматтарының құқықтарын қорғаса, азаматтар мемлекетке өз сенімдерін аманат етеді. Демократиялық қоғамда азаматтар өздері қалаған тәуелсіз ұйымдарға кіріп, қоғам өміріне еркін әрі белсене араласады. Жеке адам өз құқықтарын іске асырғанда өзінің және басқа адамдардың да құқықтарын қорғап, күшейтіп

отыруға міндетті.

(Қатысушылар өз пікірлерін ортаға сала отырып, берілген

тақырыптарды талқылайды.)

Жүргізуші: Біз Отанымыздың болашағы үшін әрбір азаматтың және қоғамның жоғары жауапкершілігін сезіне отырып, жеңіспен жеткен құқықтар мен бостандықтарға ұқыпты қарағанда ғана Қазақстанды өркендете аламыз. Бүгінгі дөңгелек үстел басындағы сұхбатымыз біздің ынтымақ пен татулық аясында бірге қол ұстасып өмір сүріп отырған көп ұлтты халқымызға Ата Заң

айбынының биік тұрғаны, оның қалтқысыз орындалуына үлес қосу басты міндетіміз екенін және алдымызда әлде де көптеген сан тарау Қазақстанымызды өркендету жолындағы қыруар істер күтіп тұрғанын айқын сезінгендейміз.

Қорытындыда барлық қатысушылар бірігіп, көк байрақ астында Қазақстан Республикасының әнұранын орындайды.



Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесінде қабылданатын қаулы:

- ҚР конституциясының мәні мен маңыздылығын колледж студенттері арасында кеңінен насихаттау мақсатында топ тәлімгерлерінің жетекшілігімен жоспарға сәйкес тәрбие сабақтарын ұйымдастыру;

- ҚР конституциясының 18 жылдығы аясында барлық мамандықтар арасында тәрбие жұмысының жоспарына енгізе отырып, Қазақстанның саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жетістіктеріне арналған кешенді мерекелік шараларды тиісті дәрежеде өткізу;

- Колледждің «Фемида» үйірмесіне ҚР конституциясының рөліне және ҚР тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне байланысты оқытушылар мен студенттер тарапынан мақалалар даярлау;







«Конституция-кемелдік кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел жұмысы барысында

«Конституция-кемелдік кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Конституция-кемелдік кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Құқықтану мамандығының 2 курс студенті баяндама оқу кезінде

«Конституция-кемелдік кепілі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел жұмысы барысында





© 2010-2022