Әдістемелік көмек Тәуелсіздік толғауы

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАСЫН БАРЛЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ОҚЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ





Астана 2015

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 хаттамасы

Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік толғауы» атты шығармасын барлық жалпы білім беретін оқу орындарында оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. - 15 б.

Оқу құралында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындалған. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқыту негізінде оқушылардың азаматтығы мен патриотизмін қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелері оқушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып зерделеудің тиімді формалары мен әдістері ашылған. Әдістемелік ұсыныстар педагогикалық және ата-аналар қауымдастығына арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015







Кіріспе

Қазақстандық экономиканың өсу қарқынына белгілі бір дәрежеде ықпал еткен әлемдік дағдарыс оның қарыштап дамуына тосқауыл бола алмады. Бұған Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың көреген де салиқалы саясатының арқасында қол жетіп отыр. Қазақстанның білім беру жүйесі өз дамуының түбегейлі жаңа кезеңіне өтті. Біздің елімізде әлеуметтік және экономикалық өзгерістермен қатар жаңа адамды қалыптастыру процесі бір мезгілде белсенді түрде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз жолдауларында оқыту процесінің тәрбиелік компонентін күшейтуге көп көңіл бөліп отырады, «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында бала тәрбиелеу - болашаққа ең үлкен инвестиция екенін ерекше атап көрсеткен. Ұлттық және әлемдік білім беру жүйесінің ең үздік дәстүрлерімен тәрбиеленген ұрпақ қуатты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбек мүмкіндіктерін құруға қабілетті. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың біздің балаларымыз дұрыс менмендігі, ынтымақтастық пен мәдениетаралық өзара әрекеттестікке қабілеті, өзінің және елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс деген сөзі жас ұрпақты тәрбиелеу саласындағы Қазақстанның мемлекеттік саясатының мәнін құрайды. Біздің Тәуелсіздігіміз Ұлт Көшбасшысының ішкі және сыртқы саясатында жүзеге асқан халықтық кемеңгерліктің, халқымыздың достығы мен Ұлы бірлігінің, оның қонақжайлығы мен кеңпейілдігінің, оның бірегей тарихы мен көпұлтты мәдениетінің мығым іргетасына орнатылған. Еліміздің жастары осы қарапайым және түсінікті шындықты терең игеруі тиіс. «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін орта мектептің жоғары сынып оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері міндетті түрде оқуы тиіс. Осыған байланысты берілген құралдың мақсаты - жалпы білім беретін оқу мекемелерінде Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» шығармасын зерделеуде оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындау.









1 Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту негізінде азаматтықты және патриотизмді қалыптастыру

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту және талдау Қазақстан халқының өз тағдырын және өз болашағын құру мүмкіндігін анықтауда жасаған дұрыс және көрегендік таңдауы халық жаңа Қазақстанды бейбіт жолмен жаңартуда екенін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік - көп ғасыр бойы қазақ халқының көксеген арманы, оның мүддесі мен үмітінің жемісі, қазақстандық патриотизмнің нышаны. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, қазақстандық патриотизм мемлекеттің негізін қалаушы ұстанымдарына жатады. Патриотизм бастаулары өз отбасына, Отанына деген сүйіспеншілікте, ел тарихын терең меңгеруде, оның егемендігі мен өркендеуіне күш салған аға ұрпақтың еңбегін түсіну мен құрметтеуде көрінеді [1]. Нұрсұлтан Әбішұлы патриотизмді әсіресе жастар бойында дамытқан кезде еліміздің өркендей түсетініне баса назар аударды. Біздің жастарымыз ар, борышқа адалдық, парасаттылық, Отанымыздың игілігі жолындағы жасампаздық сияқты жоғары құндылықтарға шынайы беріліп өсуі тиіс. Ұлт көшбасшысының пікірінше, өзіне қатысты талап қоюшылық, қоршаған жандарға қатысты адалдық, өз еліне деген шынайылық - өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі сәттер деп санайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан патриотизмінің іргетасы - барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан абыройы алдындағы ортақ жауапкершілігі» - деп атап көрсетті. Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды этностық айырмашылықтарына қарамастан біріктіруге тиіс [2]. Соңғы жылдардағы өскелең ұрпақ тәрбиесімен байланысты үлкен өзгерістер, жаңа проблемалар патриоттық тәрбиенің мәнін, оның қоғамдық өмірдегі орны мен рөлін қайта пайымдаумен шарттастырылған. Патриоттық тәрбие рспубликадағы барлық қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Патриот - бұл патриотизммен рухтанған адам. Қандай да бір істің мүддесіне берілген, ол істі шын жүрегімен сүйетін адам. Азамат - осы мемлекеттің тұрғылықты халқына жататын, оның қорғауында болатын және құқықтар мен міндеттер жиынтығы берілген адам. Қоғамның саналы мүшесі. Азаматтықты және патриотизмді тәрбиелеу Отанының азаматы - патриотының қасиеттері бар және азаматтық борышын бейбіт және соғыс уақытында ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған. «Азаматтық» түсінігі - белгілі нормаларды сақтаудан, мемлекет пен қоғам мүддесіне эмоционалды біржақтылықтан, мемлекет пен қоғам алдындағы парыз және жауапкершілік, мемлекет пен қоғам жағдайында азаматтардың қатар өмір сүру мәдениетінің белгілі бір деңгейі, азаматтық қарым-қатынастар жүйесі, азаматтық міндеттерін орындау қабілеті мен дайындығынан тұратын күрделі, көпқырлы ұғым. Қоғам тарихында «азаматтар», «азаматтық», «азаматшылық», «патриотизм» түсініктері тығыз байланысады. Әдебиеттерде бұл түсініктер шектелмейтіндіктен, әлеуметтік құбылыстарды түсінуде, негізделген ғылыми тұжырым жасауда объективті қиындықтар туындатады. Тіпті, түрлі энциклопедиялық басылымдарда «азамат» және «азаматтық» түсініктеріне берілген анықтамалардың да айтарлықтай айырмашылығы бар. Сонымен, «азамат» түсінігі «азаматтық» ұғымынан әлдеқайда кеш пайда болған. В. Дальдің Түсіндірме сөздігінде «азамат» ұғымы былай түсіндіріледі: «қала тұрғыны, қалалық, посадтық, қауымның немесе жалпы басқарылатын халықтың мүшесі, халық, жер, мемлекетті құраушы әрбір жан немесе адам. Белгілі қаланың азаматы деп осы қалаға тіркелген көпесті, ұсақ саудагерді немесе цеховойды айтады...». В. Даль

«азаматтық» түсінігін «азаматтарға, мемлекетке, халықтық басқаруға және бодандыққа жататындарға» қатысты қолданған [3]. Патриотизм - (грек. рatris - Отан, атамекен) - Отанына сүйіспеншілік - ғасырлар және мыңжылдықтар бойында нығайған ең күшті сезімдердің бірі. Біздің ойымызша, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту негізінде жастарда азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру келесі бейнеге жеткізуі мүмкін. Қазақстанның азаматы, патриоты - бұл: - мемлекет өмірінде өзінің рөлін түсінетін адам; - Отанын сүйеді; - Қазақстанның тарихи өткені және қазіргісін мақтаныш етеді, оның болашағын ойлайды; - мемлекеттік рәміздерді және халқының дәстүрлерін біледі әрі құрметтейді; - белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді; - қоғамдық және саяси оқиғаларға, республика өміріне қызығушылықпен қарайды; - Қазақстанды және оның мемлекеттік мүддесін қорғауы тиіс; - қазақ тілін, орыс тілін және әлемдік тілдердің біреуін біледі; - басқа ұлттар мен діндердің өкілдеріне толеранттықпен және құрметпен қарайды. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзін өмір сүретін және еңбек ететін мемлекеттің бір бөлігімін деп сезінген жағдайда ғана «қазақстандық» деген атқа мақтанышпен ие бола алады.

2 Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың формалары және әдістері

Қазақстанның білім беру ұйымдарында атқарылып жатқан инновациялық жұмыстың әдістемесін зерделеу, тәжірибесін талдау негізінде Елбасы еңбегін оқытудың тиімді формалары және әдістері анықталды. Оқытудың стандартты емес, инновациялық формаларына Елбасының өмірімен және қызметімен байланысты дайындалған спектакльдер, салондар, әдеби кештер, саяхаттар жатады. Сабақты өткізудің стандартты емес формаларын қолдану бірқатар проблемаларды шешуге көмектеседі: тілді, қиялдауды, креативтілікті, ойлау шығармашылығын дамытады, ойлау қызметін белсендіреді және т.б. Мысалы, әдебиет сабақтарында азаматтық лириканы (А. Құнанбаев, С. Торайғыров, Қ. Аманжолов және т.б.) оқытуда 17 қаңтар 2014 жылғы Президент Жолдауында азаматтық туралы берілген анықтаманы тексеру мүмкіндігі беріледі. Оқушыларға құжаттың осы бөлігінен қазақстандық мемлекеттілік, яғни біздің құқықтарымыз бен еркіндігіміз туралы дәлелдерді таңдап алуды ұсынуға болады. Бұл демократиялық институттар (Қазақстан халқы Ассамблеясы, сөз бостандығы, цензураның жоқтығы, 40 конфессия мен денаминациялардың, 3259 діни бірлестіктердің әрекеті). Барлық осы ережелер Қазақстан Республикасының заңдарымен өмір сүретін әрбір азаматтың тұлғасына қатысты [4]. Қазақ және орыс халықтарының достығы мен ынтымақтастығының символы болған ұлы Абай, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин туралы тақырыптарды оқытуда «Қазақстан қазіргі әлемде» 5-тармағына: ДСҰ кіру, ЕурАзЭС құру, Азия және Таяу Шығыс елдерімен ынтымақтастық және т.б. (2005 жылғы 16 ақпандағы Жолдауы) немесе Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауының 7 басымдығына (7.1. Біздің елдеріміз арасындағы ауқымды интеграциялық үдерістер негізінде Ресеймен стратегиялық серіктестік қатынастарын дамыту) назар аудару қажет. 2005 жылғы 16 ақпандағы Жолдаудан алынған: «Қазақстанның әлемде қуатты экономикасы бар әрі халықаралық қоғамдастықтағы тұғыры берік өңірлік держава ретінде қабылданатынын да естен шығармағанымыз абзал»,− деген жолдар сабаққа эпиграф бола алады [5]. Оқушылар қоғамдағы бүгінгі келісімді қазіргі ұстанымдар тұрғысынан түсінеді және рухани тұлғаның маңыздылығын сезіне отырып, біз ұмтылып отырған болашақты көреді. 2007 жылғы 27 ақпандағы Жолдаудың VІ тарауы «Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары» деп аталады [6]. Педагогтар үшін бұл тараудың маңызы ерекше, себебі осы бөлімнің алғашқы жолдары кез келген сыныптағы алғашқы сабақты осы мәтінді, оның басын жазғызудан, саралау мен талдаудың (берілген сыныптағы оқу материалына сәйкес) бірнеше түрін жүргізуден бастауға үндейді. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында сабақта «Президенттің 2005 жылғы Жолдауындағы «Жасыл ел» бағдарламасы нені көздейді және жастардың осы іс- шарадағы рөлі қандай?» деген проблемалық сұрақты қоюға болады. Оқу жылының соңында кез келген сыныптағы қорытынды сабақта «Азамат және оның тұлғасы белсенді субъект ретінде» тақырыбында практикалық жұмысты Жолдаумен (мұғалімнің таңдауы бойынша) тығыз байланыстырып өткізуді ұсынуға болады. «Менің көңілімдегі үй» - осы бірінші кезеңде адамгершілік санаттардан құрылған үйді ойша «салуды» ұсынамыз. Үйдің «іргетасы» - ..., қабырғасы - ..., шатыры - ... және т.б., ал қатарына таңдау сөздері: ар, намыс, құқық, патриотизм, қорқыныш, зерігу, достық, махаббат және т.б.

15-20 минуттан кейін оқушылар өздері салған «үйді», өз үйін талқылай бастайды. Келесі кезең былай болуы мүмкін: Президент Жолдаулары бөлімдерінен алынған «кірпіштерді» пайдаланып «Адамзат үшін үй сал»: құқықтық мәдениет; саяси негіз және тұрақтылық; білім беру және әлеуметтік мәртебе және т.б. Осындай әдістерді жүргізу тиімділігінің нәтижесін келесі жолдармен бағалауға болады: эксперттік ой-пікір (ата- аналардың); тұлғаның құндылықты аясын талдауға (бағалауға емес) мүмкіндік беретін жасырын сауалнамалар; жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалған түрлі тестілеу инструменттері; балалардың өзіндік бағалауды пайымдауы. Кез келген оқушыда жеке тұлғалық сипаттамаларға (жеке тұлғалық қабілеттер, зияткерлік қызметі, өзіндік бағалау, еңбекқорлық деңгейі және т.б.) ие. Сонымен бірге, оқушылар оқытудың белгілі бір сатысында ортақ қасиеттермен де сипатталады. Кезеңге бөлудің төмендегі түрін көпшілік мақұлдады: мектепалдыға дейінгі жас (3-5 жас); мектепалды жасы (5-7 жас); кіші мектеп жасы (7-11 жас); жеткіншек жас (11-15 жас); ерте жастық жас (15-18 жас); студенттік жас (17-18 жас - 22-23 жас) (Б.Г. Ананьев бойынша). Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Мысалы, кіші жастағы мектеп оқушысы ең алдымен оқу қызметіне дайын болуымен сипатталады (оқу қабілетін анықтайтын физиологиялық, психикалық, зияткерлік даму деңгейімен). Бұл - кіші жастағы оқушының оқу мотивациясы негізінде жатқан өзіне жаңа міндеттер алу қабілеті. Орта мектеп жасында оқушы (10-11-ден 14-15жасқа дейін) өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауы анықтаушы рөл атқарады. Бұл кезеңде жасөспірім жақсылық пен жамандық туралы өз түсінігіне сәйкес әрекет етуге тырысады. Ол қарым- қатынастың өктем түріне, яғни оның субъективті күйзелісін және ойын ескермеген ықпалдарға қарсылық білдіреді, және өзіне құрметпен қарауды талап етеді. Жоғары сынып оқушысы (14-15 жастан 17 жасқа дейінгі ерте жасөспірімдік шақ) негізгі орта мектептен жоғары сыныпқа немесе жаңа білім беру мекемесіне ауысуда жаңа қоғамдық жағдайға енеді. Осы кезеңде еркіндікке ұмтылумен келісілген шарттастырылған, құндылықты-бағдарлы белсенділік үлкен маңызға ие болады. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениет көзқарасы, және әлеуметтік- гуманитарлық пәндерді оқуға деген әлеуметтік ойлауы, танымдық қызығушылығы тұрғысынан, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сыни ойлау тұрғысынан, және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас тұрғысынан дамытуға назар аудару қажет. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуда жүргізілген мониторинг негізінде келесі ұсыныстар беруге болады: - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмысын жандандыру; - оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда өскелең ұрпақты тарихи тұлғалар үлгілерімен, қазақстандық патриотизм мен халықтың ең жақсы дәстүрлері рухында тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту; - Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын сақтауға жан- жақты ықпал ету; - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерін оқыту бойынша жүйелі түрде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу. Адам тұлғасын дамыту - бұл ұзақ уақыт пен еңбекті, педагогтың да, оқушының да көп тер төгуін қажет ететін процесс. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту осы маңызды іске өзінің салмақты үлесін қосады.

Қорытынды

Бүгінгі Қазақстан - бейбітшілік пен тұрақтылықтың Отаны. Көшпенділердің рухын сақтаған Ұлы дала сан қилы оқиғаны басынан өткізді. Халықтың басына қандай қиындық түссе де, еркіндікті аңсады. Халықтың бұл арманын Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев шындыққа айналдырды. Оның қайраткерлігі - патриотизмнің, еңбек сүйгіштік пен халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып табылады. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытудың жастар бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудағы маңызы зор. Әдістемелік құралда атап көрсетілген жұмыстардың әдістері мен формаларын пайдалану, тәрбие ортасын құру Президенттің еңбектері негізінде оқушылардың өзара тұлғааралық қарым-қатынас жасауына, олардың адамгершілік-рухани құндылықтарды жүзеге асыру мотивациясын көрсетуіне, өзінің және өзге адамдар жасаған қылықтардың адамгершілік тұстарын талдауына көмектеседі. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениет көзқарасы, және әлеуметтік- гуманитарлық пәндерді оқуға деген әлеуметтік ойлауы, танымдық қызығушылығы тұрғысынан, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сыни ойлау тұрғысынан, және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас тұрғысынан дамытуға назар аудару қажет. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуда жүргізілген мониторинг негізінде келесі ұсыныстар беруге болады:

- «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмысын жандандыру;

- оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда өскелең ұрпақты тарихи тұлғалар үлгілерімен, қазақстандық патриотизм мен халықтың ең жақсы дәстүрлері рухында тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту; - Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын сақтауға жан- жақты ықпал ету; - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерін оқыту бойынша жүйелі түрде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу. Адам тұлғасын дамыту - бұл ұзақ уақыт пен еңбекті, педагогтың да, оқушының да көп тер төгуін қажет ететін процесс. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту сияқты маңызды іске де өздерінің салмақты үлесін қосты.





Әдебиет

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Астана, 1995 ж. 2 Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» - Астана, 2012 // Егемен Қазақстан. - 14 желтоқсан 2012 жыл. 3 Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка: В 4 т. - Спб., 1863-1866. 4 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы. Ресми мәтін. - Астана, 17 қаңтар, 2014. 5 Бахтина О.Б. Самопознание как основа нравственно- духовного воспитания в национальной системе образования Республики Казахстан // Теория и практика образования в современном мире. Материалы III междунар. науч. конф. г. Санкт-Петербург, май 2013 г. - СПб.: Реноме, 2013. - С. 81-83. 6 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Ресми мәтін. - Астана, 2007 // Егемен Қазақстан. - 28 ақпан 2007 жыл. 7 Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол». Ресми мәтін. - Астана, 2014 // Егемен Қазақстан. -11 қараша 2014 жыл. 8 Қазақстан Республикасының Туелсіздігі күніне орайлатырылған салтанатты жиындағы Елбасымыз Н. Назарбаевтың сөйлеген сөзі. - Астана, 15 желтоқсан 2014 жыл.

Мазмұны

Кіріспе

1 Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту негізінде азаматтықты және патриотизмді қалыптастыру

2 Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың формалары және әдістері

Қорытынды

Әдебиет



© 2010-2022