Конспект Аялдау және түнемелік орындарға қойылатын негізгі талаптар

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ 9 Жаяу туризм

Тақырыбы: Аялдау және түнемелік орындарға қойылатын негізгі талаптар

Сабақтың мақсаты:Аялдау және түнемелік орынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді меңгерту

Сабақтың міндеттері:

Білімділік - өз өміріннің қауіпсіздігіне молырақ сену ;

Тәрбиелік - алыс жорықтарға шыққанда өзін-өзі тәріпті түрде ұстай білу;

Дамытушылық - өзінің көмегіне молынан жүгіне білу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Құрал-жабдықтар: Жеке және топтық туристік құрал -жабдықтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Аялдаулар және түнеу орындары "Түнеу орны" - туристік шаруашылықтың негізгі элементі, оның ішіне туристердің түнеуіне барлық қолайлы жағдайлар жасайтын обьектілер мен құрылғылар жиынын жатқызуға болады. Оны екі түрде қарастыруға болады: түнеу мекемелері (қонақ үйлер, турбазалар, демалыс орындары, пансионаттар, мотельдер) және лагерлер (кемпинг, палаталар қалашығы). Қолданыс ерекшелігіне байланысты: жыл бойғы және маусым аралық; қызмет көрсету жағынан - ашық (бәріне қол жетерлік) және жабық (арнайы тұтынушылар тобы). Түнеу орындары мемлекеттік немесе жекеменшік (тұрғылықты халықтың пәтерді жалға беру) болуы мүмкін. Түнеу орындары сияқты жыл бойғы немесе маусым аралық болып бөлінеді; қызмет көрсету жағынан - ашық, жабық немесе аралас; мемлекеттік, жекеменшік немесе өзге меншік басшылығында болуы мүмкін. 51. Лагерь (бивак) ұйымдастыру тәртібі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету Таудағы бивак орналастыру ережелері: 1. Сайдың астында, шөгінді жартас астында, қар көшкіні болатын жерде, өзен арнасының жанында, қар карнизінің астында орналастыруға болмайды. 2. Желден, өрттен, суықтан қорғану шараларын жасау. 3. Палатканы мықты бекіту. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шараларға саяхаттары, жарыстарды ұйымдастыру, даярлау және өткізу шаралары жатады: қатысушылар мен жетекшілердің көп қырлы дайындығы, маршруттарды, жарыс, жаттығу орындарын дайындау, туристік топтардың материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыздануы, туристік консультацияларды, тексеру мен бақылауды ұйымдастыру, жәрдем беру, іздеу-құтқару жұмыстарын өткізу. Қауіп-қатер себептері шартты түрде төрт топқа бөлінеді: 1 топ: табиғи қауіп-қатерлер; 2 топ: материалдық-техникалық қамтамасызданудың қателіктері мен жетіспеулігі; 3 топ: саяхатты дұрыс ұйымдастырмау; 4 топ: медициналық сауатсыздық, тәжірибе мен тактикалық-техникалық дайындықтың жетіспеуі, тәртіпсіздік. Табиғи қауіп-қатерлері: жер сілкінісі, қар мен тас көшкіні, мұз бен қар кертпештердің құлауы, мұздағы жарықтар, сел, тау өзендері; ауа райының қолайсыздығы - жел, найзағай, ауа температурасы мен ылғалдылығының шұғыл өзгерісі, жауын, қар, күн сәулелері, қараңғылық.

ІІІ. Қорытынды. оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,бағалау.


© 2010-2022