Сабак жоспары И. Жансугуров омири мен шығармашылыгы

Раздел Дополнительное образование
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты: а) Ілияс өмірі мен шығармашылығы туралы білімді өз бетінше меңгеруіне ықпал ету; ә) ақын өмірі мен еңбегінен үлгі алып, өзін - өзі тәрбиелеуге жетелеу; б) сөйлеу мәдениетін дамытуға, тыңдау әдебін қалыптастыруға, оқу, талдау дағдылары мен іскерлік белсенділігін, шығармашылық ізденісін шыңдауға ықпал ету. Міндеттері Мазмұнға байланысты: өз бетінше іздену; мәтін мазмұнын меңгеру. СТО - ға байланысты: ақын өмірі мен шығармашылығынан үлгі - өнеге ала білу, бүгінгі өмірмен салыстыру, өзіндік көзқарас, пікірін айту. Топқа байланысты: жеке, жұпқа,топқа жұмыс істеп, бір -бірін тыңдай білуге жұмылдыру. Күтілетін нәтиже: әр оқушы өз бетінше іздене алады; мәтін мазмұнымен танысады,ақын өмірі туралы ақпараттарды меңгереді; ақынның іс - әрекетін, өнерін бағалай алады; әр оқушы өз ойын, көзқарасын айтуға мүмкіндік алады, өз пікірін дәлелдейді, ойын, көзқарасын айтады, қорғайды, тыңдау әдебін меңгереді. Нәтижені бағалау: жазу арқылы (хат жазу) Сабақтың көрнекілігі: Ілияс Жансүгіровтың портреті, кітаптар көрмесі, интерактивті тақта,мәтін. Керекті жабдықтар: түрлі түсті маркерлер, ватман, қалам. Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту. Сабақтың технологиясы: СТО Оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту. Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары. Пәнаралық байланыс: тарих, пәнішілік және өмірмен байланыс. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. І. Қызығушылықты ояту. «Оркестр» ойынын ұйымдастыру. Екі топ мүшелерін өз орындарына отырған соң (1-ден 5-ке дейін) осы топ құрамы жанұя тобы екенін түсіндіру. Бұдан соң әр топ мүшелерін реттік қатарымен санатып (1-ден 3-ке дейін), әр топтан жұмыс тобын құру. № 1,2,3,4,5 № 1,2,3,4,5 жанұя тобы №1,1,1,1 № 2,2,2,2 №3,3,3,3 жұмыс тобы

ІІ. Мағынаны ажырату. Мәтінмен жұмыс. 1- тапсырма. Әр жұмыс тобына тапсырма беру. № 1 жұмыс тобы 1-бөлім № 2 жұмыс тобы 2- бөлім № 3 жұмыс тобы 3- бөлім Жұмыс тобындағы әрбір оқушы берілген мәтін мазмұнымен танысады. Жеке оқиды, жұпта бір -біріне айтады, топта талқылайды. 2-тапсырма. Жұмыс тобы жанұяға оралады, мәтін бөлімдерінің мазмұнын бір-біріне баяндайды, талқылайды. 3- тапсырма. Шығарманың толық мазмұнын ұжым алдында мұғалім нұсқауымен баяндайды. ІІІ. Ой толғаныс. Хат жазу. Сабақты қорыту. Қазақ әдебиетінң алып бәйтеректерінің бірі саналатын өрен жүйрік, асқақ ақын Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы танысып, өз ой - пікірлеріңді ортаға салдыңдар, балалар. Ендеше талап, еңбек, өнер адам баласын арманына жеткізетініне және « ғалымның хаты өлмейтініне» бүгін тағы бір көз жеткіздік. Олай болса сендердің де білмекке құштарлықтарың, талаптарың мұқылмасын, биікке самғар ізденіс қанаттарың талмасын деп бүгінгі сабақты қорытындылай келе сөз кезегін топ басшыларына берейік. Бағалау. Топ басшылары толтырған бағалау парағындағы мәліметтерді сынып журналына түсіріп, жариялау. Үйге тапсырма. 1. І. Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы деректер, баспасөз материалдарын жинау. 2. «Күй» поэмасының мазмұнымен танысып келу.

© 2010-2022