Презентация по экологий на тему Өсімдіктер-табиғат қорлары, қорғау шаралары

Раздел Дополнительное образование
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Өсімдіктер- табиғат қорлары, қорғау шаралары.

Мақсаты:

1.Өсімдіктерге қамқорлық жасап, қорғау жайлы түсінік беру.

Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тереңдете түсу, нығайту.

2.Балалардың ойлау дағдыларын қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Өсімдіктерге деген сүйіспеншіліктерін ояту, жасыл әлемді қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жарыс сабақ .

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: суреттер, тірек-схемалар, бүктеме.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тәлім сәт: Әр ертеңгі күнге сенімділікпен қарау қажет, сонда ғана адамның алдына қойған мақсаты мен тілегі орындалады. Ол үшін адам өз бойындағы жақсы қасиеттерін аша білу керек.
Яғни, мен ақылдымын.
Білімділік деген мен,
Күш деген мен
Табиғатты сүюші мен
Отанды қорғаушы мен
Сауаттылық деген мен
Жастық шақ деген мен
Денсаулық деген мен
Бәрі біздің қолымызда, жақсы іс жасап, нәтиже көрсете білу де біздің қолда!

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

.(шығармашылық тапсырма)

І топ:Топырақ, топырақтың құрамы

ІІ топ.Топырақтың маңызы, қорғау

ІІІ.Жаңа сабақ

Жаңа сабағымыздың тақырыбы « Өсімдіктер табиғат қорлары, қорғау шаралары»

Сабағымыздың мақсаты :

Өсімдіктерді қорғау үшін не істек керек?-деген сұраққа жауап іздейміз.

-Бүгіңгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз, ол үшін ІІ топқа шығармашылық тапсырма беріледі.
Ой қозғау.

Өсімдіктің маңызы қандай?
Оқушылардан күтілетін жауап:
- таза ауа
- баспана
- қорек
- тағам
- жиһаз
- дәрі-дәрмек
- демалыс орны

. Мұғалімнің түсіндірмесі
Өсімдік- тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана . Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Адамның түрлі іс-әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері-орманды кесу.Кешенді әсері- ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау-бақшаны, егістіктерді жояды.Ойланбай істелетін іс-әрекеттері-шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып , өсімдіктерге зардабын тигізеді. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттің 70%-зы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Топтық жұмыс.

1-топ.Өсімдіктердің пайдасы туралы не айтасыңдар?

2-топ. Өсімдіктердің өсуіне не қажет деп ойласыңдар?

Әр топқа өз тапсырмаларын орындаған сайын гүл беріліп отырады жарыс соңында осы гүлдердің санына байланысты жеңімпаз топ анықталады.
Бекіту.
Экология балалар көзімен.
-«Экология» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
- 1886 жылы «экология» терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және «табиғат пен тірі ағзалардың қарым-қатынасын зерттейтін» ғылым деген анықтама берген.
- Адам ақыл-ойының нәтижесі атом станциялары, зауыттар өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп туғызуда.
- Экологиялық, санитарлық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр.
- Орманда 400 жыл жасайтын жөке ағашы қала ауасында 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
І топ «Табиғатты аялайық» шығармашылық жұмыс. (сурет салу)
Тыйым салынады!
- Ағашты кесуге, сындыруға болмайды.
- Отты көрсең сөндір!
- Қалдық заттарды тастама!
ІІ топ Таза болса табиғат, аман болар адамзат.
Бөлме өсімдіктерінің маңызы
Ойын. Табиғаттан нені үйрендім? Тақтада бейнелеу.(22 слайд)
- Мен күннен мейірімділікті үйрендім (күнді салу)
- Мен судан тазалықты үйрендім (суды салу)
- Мен әдемі гүлдерден нәзік болуды үйрендім (гүлді салу)
- Мен ағаштан мықты, төзімді болуды үйрендім (ағаштың суреті)
- Мен табиғаттан қайырымдылықты үйрендім (құсты бейнелеу)
- Мен табиғатты қорғауды үйрендім (шөпті бейнелеу)
- Міне балалар, білімдеріңмен еліміздің бірнеше жерлерін гүлдендірдіңдер.
Ең көп еңбек сіңірген топты атау, бағалау.
Үйге тапсырма, аяқтау.

Аристангалиев Ерлан

Ақжайық ауданы

Есенсай ОЖББМ





© 2010-2022