Cабақтың тақырыбы: Кешірімділік-көңіл кеңдігі

Раздел Дополнительное образование
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Кешірімділік- көңіл кеңдігі

Құндылығы: Сүйспеншілік

Сабақтың мақсаты: Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен түсінушілікпен, сүйіспеншілік,ізгілік адам бойындағы жақсы қасиеттер екенін түсіндңру.

Көрнектіліктер: Оқулық, қалам, үнтаспа.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

I.Тыныштық сәті.

Орманға ойша серуен

II.Үйтапсырмасын тексеру:

Мұқағали Мақатаевтың «Күндестік құрысын» өлңінен берілген үзіндіден тапсырма.

Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?

Күндестік, бақталастық деген сөздерді қалай түсінесіңде?

Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

Адам адамға тек қуаныш сыйлауы керке деген пікірмен келісесің бе?

III. Дәйексөз

«Кешіре білген адам- күшті адам»

А.Йүгінеки

Қортынды сөз: Кемшыліксіз адам болмайды. Білмегендіктен, тәжірбиесіздіктен қателесулер болады. Кателесу- кінәлі болу.кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді.Ал жөнсөзге түсіне жығылып,кінәсән мойындап, қатесін түзей білу ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.

IV .Әңгімелеу.

Төле бидің тоғыз жасар Жетеске берген батасы

Ат берсеңіз өліп қалады, тон беосеңіз тозып қалады, одан да өлмейтін, өшпейтін, көкейден еш кетпейтін батаңызды беріңіз,-дейді, сондағы Төле бидің батасы:

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала!

Өзегің талса, өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!

Өзіңе өзі кәміл бол,

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол!

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеудегі басты ұстанымы, қағидасы не болған?

Қазақ данышпандарының осы бағытта айтқан қандай ұлағатты сөздерін мысалға келтірер едіңіздер?

Осы батадан қандай ой түйдіңіздер?

V. Шығармашылық жұмыс.

Өлеңді өз ойларымен қурастыру

Тұрғанда сан алуан ғасыр күдік,

Тәрбиеге берілді басымдылық,

Адамдық,азаматтық,ақ көңілдік,

Әркімге ең қажет асыл қулып,

Бәрімізден табылса құп жарасар,

Мейірім, ақыл, ізгілік, рақымдылық,

Бәрінің бастауы - кешірімде,

Тереңі рек ой түйсек жақын біліп.

VI. Топпен ән айту. Жарылқасын Даулеттің әні «Қазақ елі» әнін айту.

VII. Үйтапсырмасы

12- сабақтағы «Екі дос» аңыз әңгімесін оқып келу

VIII. Сабақты қортындылау.

Тыныштық сәті

© 2010-2022