«Шебер қолдар» үйірмесінің бағдарламасы

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Шебер қолдар» үйірмесінің бағдарламасы.

Түсінік хат.

( Оқытылуы-бірінші жыл)


Бұл бағдарлама оқушыларды еңбекке,түрлі өнер бұйымдарын жасауға,ой-өрісін,шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып,бар затты ұқсата білуге,сол заттың қадір-қасиетін білуге,күнделікті өмірде қолдана білуге көмектеседі.

Бағдарламаның мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Бағдарламаның міндеті:

-Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу.

-Шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

-Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру

-Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

Біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүниетанымы, көзқарасы қалыптасқан , бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу,сондықтан сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет.

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.

Бағдарлама оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты құрастырылған. Сабақтың түрлері: баяндама, лексия, пікірталас, әңгімелесу, талдау, теориялық, машықтық, жеке, топтық, сауалнама, кездесулер түрінде, технологиялық нұсқау карталар, үлгі суреттер арқылы орындалуы жүзеге асырылады.

Күтілетін нәтижелер:

Көркем еңбек бөлімінде ұлттық киім түрлері, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан қиып жапсыруға үйренеді.

Тұрмыстық еңбек бөлімінде әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіруге үйренеді.

Жұмсақ бейне ойыншықтар бөлімінде жұмсақ ойыншықтар жасау технологиясына үйренеді.

Жапсырмалау жұмысы бөлімінде қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан ертегілер әлемінен көрініс құрастыруға үйренеді.

Былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.

Ою-өрнек бастырмалар бөлімінде ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістеріне үйренеді.

Сәндік қолданбалы - өнер элементтері бөлімінде шолпы, алқа, білезік, тұмарша бұйымдарын жасауға үйренеді.

Су моншақ тоқып үйрену бөлімінде моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен кестелеу жұмыстарына үйренеді.

Тоқыма-өнері бөлімінде тоқу әдістеріне үйренеді.

Қазақтың дәстүрлі өнері ою оюды,оны тұрмыста қолдану жолдарына үйренеді.

Бұл бағдарлама қосымша білім беру мекемелерінде әдістемелік көмек ретінде ұсынылады.

Оқушыларға арналған қосымша білім берудегі балалар шығармашылық үйінің оқу жоспарына сай үйірменің күнтізбелік жоспарының құрылымы аптасына 4 сағат,жылдық сағат саны 148 сағатқа дайындалған.

«Шебер қолдар» үйірмесі сабағынның негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады.

Әр сабақта оқушы қолөнер бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіреді.

Қолөнер үйірмесінде халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең қолөнерін жасап үйренеді.

Бұрынғы ата-бабамыздың қолөнерін жоғалтпай ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру бүгінгі күнгі басты міндетіміз. Сондықтан қолөнер үйірмесіне қатысушы оқушылардың алған білімдерін, өнерлерін тек өздері біліп қана қоймай, кейінгілерге үйретеді.


«Шебер қолдар» үйірмесі бағдарламасының мазмұны

Техникалық еңбек-2сағат.

Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.Әртүрлі бұйымдардың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау.

Адамгершілік қасиеттер -4 сағат.

Шыншылдық, абырой, салауаттылық, жаман әдеттер, жол және өрт қауіпсіздігі, сақтық шаралар, электр құрал-саймандарын пайдалану жөнінде түсініктер. Әдеппен сөйлеу дәстүрі. Отбасындағы әдеп.Табиғи материалдармен жұмыс жасау. Табиғи материалдарды жинақтау, жапсырмалау.

Көркем еңбек-4сағат.

Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек жұмыстарымен танысу. Ұлттық киім түрлері. Әйелдер мен ерлер киімдері. Түрлі материалдан киімдерді қиып жапсыру.

Тұрмыстық еңбек-8 сағат.

Қолөнер көркемдік бұйым материалдарынан әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жұмсақ бейне ойыншықтар-8 сағат.

Әр түрлі бұйымдар жасау (жануар, құстар, адам, жәндіктер) технологиясымен таныстыру. Сызба, пішу, құрастыру, тігу, безендіру.

Жапсырмалау жұмысы-12сағат.

Қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан құрастыру. Ертегілер әлеміне көрініс жасау. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Былғарымен жұмыс жасау-8сағат.

Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, бояу, пішу, онымен жұмыс жасалатын құрал-жабдықтармен таныстыру және қолдана білу. Әр түрлі бұйымдар жасау.

Ою-өрнек бастырмалар-14 сағат

Ою-өрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сәндік қолданбалы өнер элементтері -12 сағат.

Көркем қолөнер технологиясына түсінік. Шолпы, алқа, білезік, тұмарша, бұйымдар жасау.

Су моншақ тоқып үйрену-12 сағат.

Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен маталар кестелеу.

Тоқыма өнері-20сағат.

Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдістерін үйрету, дайындау, соңғы өңдеу жұмыстары.

Қол тігістері,кестелеу түрлері-16 сағат

Қол тігістері,кестелеу түрлері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.Кестелеу әдісімен бұйымдарды безендіру.

Құрақ құрау-8 сағат

Құрақ құрау жабдықтары.Геометриялық фигураларды қолдану әдісі.Мата қиындыларын топтастыру жұмысын жүргізу.Құрақтан жасалатын бұйымдар.

Әртүрлі материалдардан панно жасау-16 сағат

Панно ,оның шығу тарихы,түрлері туралы мағлұмат беру.Панно жасауға қажетті заттар,жабдықтар.Гүлдерден панно жасау.

Қорытындылау. Жобалар қорғау. Көрме ұйымдастыру-4 сағат.


«Шебер қолдар» үйірмесінің күнтізбелік жоспары

(оқытылуы-бірінші жыл)

Өтілетін тақырып

Сағат

саны

мерзімі

1-2

Техникалық еңбек.Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық мәліметтер, балаларға үйірменің мақсатының маңызын түсіндіру. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.Әртүрлі бұйымдардың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері, қолданылуы, түс үйлесімділігі, желімнің түрлері, қажетті материалдар әзірлеу, эскиздер жасау

2

3-6

Адамгершілік қасиеттер Шыншылдық, абырой, салауаттылық, жаман әдеттер, жол және өрт қауіпсіздігі, сақтық шаралар, электр құрал-саймандарын пайдалану жөнінде түсініктер. Әдеппен сөйлеу дәстүрі. Табиғи материалдармен жұмыс жасау. Табиғи материалдарды жинақтау, жапсырмалау.

4

7-10

Көркем еңбек.Қолданбалы еңбек халық шеберлерінің еңбек жұмыстарымен танысу. Ұлттық киім түрлері. Әйелдер мен ерлер киімдері. Түрлі материалдан киімдерді қиып жапсыру.

4

11-18

Тұрмыстық еңбек.Қолөнер көркемдік бұйым материалдарынан әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру, ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, безендіру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

8

19-27

Жұмсақ бейне ойыншықтар

Әр түрлі бұйымдар жасау (жануар, құстар, адам, жәндіктер) технологиясымен таныстыру. Сызба, пішу, құрастыру, тігу, безендіру.

8

28-39

Жапсырмалау жұмысы.Қағаз, мата, былғары, түрлі-түсті қағаздан құрастыру. Ертегілер әлеміне көрініс жасау. Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

12

40-48

Былғарымен жұмыс жасау.Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, бояу, пішу, онымен жұмыс жасалатын құрал-жабдықтармен таныстыру және қолдана білу. Әр түрлі бұйымдар жасау.

8

49-62

Ою-өрнек бастырмалар.Ою-өрнектің шығу тарихы, қолданылуы. Ою-өрнектің үлгілерін жасау, ою жиегін кестелеу әдістері. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

14

63-74

Сәндік қолданбалы өнер элементтері. көркем қолөнер технологиясына түсінік. Шолпы, алқа, білезік, тұмарша, бұйымдар жасау.

12

75-86

Су моншақ тоқып үйрену.Моншақ туралы жалпы мағлұмат, моншақпен бұйымдар кестелеу, моншақпен маталар кестелеу.

12

87-106

Тоқыма өнері.Тоқу өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тоқу әдістерін үйрету, дайындау, соңғы өңдеу жұмыстары.

20

107-122

Қол тігістері,кестелеу түрлері.Қол тігістері,кестелеу түрлері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.Кестелеу әдісімен бұйымдарды безендіру.

16

123-130

Құрақ құрау.Құрақ құрау жабдықтары.Геометриялық фигураларды қолдану әдісі.Мата қиындыларын топтастыру жұмысын жүргізу.Құрақтан жасалатын бұйымдар

8

131-146

Әртүрлі материалдардан панно жасау.Панно ,оның шығу тарихы,түрлері туралы мағлұмат беру.Панно жасауға қажетті заттар,жабдықтар.Гүлдерден панно жасау.

16

147-148

Қорытындылау.Жылдық есеп. Жобалар қорғау. Көрме ұйымдастыру

4


© 2010-2022