Дипломдық жұмыс. Махамбет шығармалары

Раздел Дополнительное образование
Класс 12 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



« Астана» Университеті




Хорамбаева Жазира Беккадировна






ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Махамбет шығармаларының тілі




Мамандығы: 5В011700-«қазақ тілі және әдебиеті»













Астана 2013




Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

« Астана» Университеті



«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі:

_______ Байжанова К.У




ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: Махамбет шығармаларының тілі




Мамандығы: 5В011700-«қазақ тілі және әдебиеті»










Орындаған: Жакина Ж.Б

Ғылыми жетекші: ________________










Астана 2013



Мамандығы: Қазақ тілі және әдебиеті

Гуманитарлық,құқықтық және тіл пәндері кафедрасы


Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша

ТАПСЫРМА

Студент: Жакина Жазира

Жобаның (жұмыстың) тақырыбы: Махамбет шығармаларының тілі

Университет бұйрығымен бекітілді_№_______"___"________ 2013 ж

Жұмысты тапсыру мерзімі ___________2013 ж

Жұмыстың бастапқы негізгі дереккөздері:

1 Жұмыстың негізгі дереккөздері ретін Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы - Алматы: Рауан, 1991 - 216 б;

2 Жалмаханов Ш.Ш. Түркі лексикасының семантикалық деривациясы (түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінің материалдары бойынша): ф.ғ.д. … дисс., 10.02.06. - Алматы, 2003 - 371 б;

3 Тіл білімі сөздігі - Алматы: Ғылым, 1998 - 544 б; Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы - Алматы, 1993 - 320 б;

4 Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі - Алматы: Ғылым, 1976 - 270 б; Махамбет энциклопедиясы - Алматы: Өлке, 2004 - 610 б; 5 Сыздықова Р.С. Махамбеттің әр сөзін түсініп оқысақ // Қазақ әдебиеті, 1.08.2003; Сыздық Р. Сөздер сөйлейді - Алматы: Арыс, 2004 - 232 б.

Дипломдық жұмыста қарастырылған негізгі мәселелер:

1. Махамбет тіліндегі денотаттық,кеннотаттық семалар

2 .Махамбет тіліндегі мәдени коннотацияның лексика-семантикалық топтары














Дипломдық жұмысты орындау бойынша


Кесте



Тарау

Кеңесші

Мерзімі

Қолы

Кіріспе

Абуов Ж.А

Наурыз 2013

1. Махамбет тіліндегі денотаттық,кеннотаттық семалар

Абуов Ж.А

Наурыз ,2013

2.Махамбет тіліндегі

мәдени коннотацияның лексика-семантикалық топтары

Абуов Ж.А

Сәуір,2013

Қорытынды

Абуов Ж.А

Сәуір,2013

















Мамандығы «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» студенті Хорамбаева Жазира Беккадірқызы «Махамбет шығармаларының тілі»тақырыбы бойынша дипломдық жұмысына

Рецензия

Тіл-тілдің сөз байлығы әрқашан мағына байлығымен астасып, тығыз байланыста болатыны белгілі. Сондықтан да лексикалық жүйенің дамуы жаңа сөздердің, терминдердің пайда болуы, өзге тілден енген лексикалық бірліктердің көлемі негізінде ғана жүзеге аспай, ол тілде бұрыннан бар сөздердің семантикасының дамуы, әр түрлі үстеме мағыналардың пайда болуы, тілдік бірліктердің ассоциативті-бейнелі әлеуетінің жүзеге асуы негізінде де көрініс табады. Ал тіл көріктігінің, сөз мағынасы өрісінің кеңейіп, жетілуі, әсіресе, көркем шығарма тілінен байқалатыны сөзсіз. Бұл тұрғыда қазақ халқының өмірінде өшпес із қалдырған тарихи оқиғаларды, халқының тіршілігін, мәдениетін, дүниетанымын бейнелеуімен, ана тіліміздің мол мүмкіншілігін айқындай түсуімен, тілдің тарихи даму барысын көрсете білуімен ерекшеленетін ақын-жыраулар поэзиясының тілі айрықша болып табылады. Сондықтан да қазақ көркем сөз дәстүрін жалғастырып, әдеби тілге жаңа образдар мен жеке сөздерді әкелген Махамбет ақынның асыл мұрасын танып-білу тіл тарихы үшін, жаңа сапаға жаңғырып жатқан ұлттық сана үшін де өте маңызды.

«Махамбет өлеңі - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең-жырында жоқ. Оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан» (З.Қабдолов); «Махамбет шығармашылығы - тілі мен көркемдік стилі жағынан өзіне дейінгілерден де, өзімен тұстастарынан да, өзінен кейінгілерден де, тіпті тақырыптас, жанрлас ақын-жыраулардың өлең-толғауларынан да көрінеу оқшауланып тұрған дүние. Бұл оқшаулық тек тілдік-стильдік ерекшеліктерінде ғана емес, суреткерлік дағдыларынан, өзгелерде жоқ сонылығынан, белгілі бір поэтикалық мектепті барынша жаратып, екінші бір шығармашылық бағыттың көшбастары болғандығынан көрінеді…» (Р.Сыздықова), - деп жоғары бағаланған Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің көркемдік, тілдік ерекшеліктері, дәстүрлі жыраулық поэзиямен сабақтастығы т.б. біршама зерттеліп келді (Х.Досмұхамедұлы, Қ.Жұмалиев, Б.Аманшин, Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова, Ә.Құрышжанов, Қ.Мұқаметқанов, Б.Шалабай т.б.). Бұл тұрғыда ақын мұрасын лингвистикалық жағынан зерттеген Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова, Ғ.Әнес, Ш.Ниятованың еңбектерін айрықша атап өтуге болады.

Ғалым Қ.Өмірәлиев «XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» атты еңбегінің бесінші тарауын Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арнайды. Ол ақын поэзиясының өзіне дейінгі дәуірдегі поэзия үлгілерімен байланысын, Махамбет тілінің лексикасын (ономастикалық, қару-жарақ атауларының, туыстық қатынас пен әкімшілік жүйеге қатысты ұғымдардың, өзге тілдерден енген сөздердің қолданысы, сөздердің ұшырасу жиілігі), ақын өлеңдеріндегі сөздердің стильдік-мағыналық қолданысын, Махамбет поэзиясының синтаксистік жүйесін т.б. сипаттайды. Ал «Махамбет поэзиясының өзіне дейінгі дәуірдегі поэзия үлгілерімен байланысы», «Махамбет поэзиясындағы философиялық-психологиялық параллелизм» атты мақалаларында ақынның шығармашылығына халық ауыз әдебиеті мен жыраулар поэзиясының үлкен әсері болғанын нақты мысалдар арқылы көрсете келе, қажетті жерінде бұрынғы жыраулар сөзін қайталап отырғанын дәстүрлі жалғастық, мұралану ретінде тану қажеттілігіне назар аудартып, Махамбеттің бірқатар өлеңі өзіне дейінгі философиялық және философиялық-психологиялық әдіспен жасалғанымен, өзінің лексикасы жағынан да, ұйқастық түрі жағынан да қазақ поэзиясында жаңа сападағы көркем дүниелер ретінде танылады.

Диплом жұмысының құрылымы.Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Хорамбаева Жазира Беқадірқызының дипломдық жұмысы осы жұмыс түрінің негізгі жазылу талабына сай орындалған.


Рецензия беруші:­_____________________________________________

Жұмыс орны:________________________________________________

Ғылыми атағы:______________________________________________

Қызметі:____________________________________________________

«___»______________________________2013 ж М.О


















Мамандығы «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті» студенті Хорамбаева Жазира Бекқадірқызы «Махамбет шығармаларының тілі» тақырыбы бойынша дипломдық жұмысына


ПІКІР

Махамбет поэзиясы - аса күрделі дүние. Ақынның өткен заман шындығын, белгілі бір ортаның мәдени, саяси, әлеуметтік сипатын, ұлттық болмысын, ділін, танымын әр алуан көркем образдар арқылы таныта білген экспрессивті поэзиясы біраз зерттелгенімен, ақын тілінің өзіндік табиғаты, терең ұлттық-мәдени, тарихи мәні толық танылып, мән-мағынасы ашылып болған жоқ. Сондықтан да ұлттық мүддеге негізделген Махамбет шығармаларының поэтикалық өрісін қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарымен ұштастырып (лингвостилистика, лингвопоэтика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика тұрғысынан), арнайы қарастыру - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Екіншіден, белгілі бір уақытқа сай келетін тарихи шындықты, халық өміріне, ұлттық санасына елеулі әсер еткен оқиғаларды, қазақтың ұлттық болмысын, дүниетанымын, өршіл рухын, дүниенің ағы мен қарасын (өмір - өлім, қуаныш - қайғы, сенімділік - опасыздық, әділдік - әділетсіздік, дос - жау т.б.) танытуымен, адам жанын жандандырып, «ұлттық идея», «намыс», «ерлік», «ақиқат», «өршіл рух», «елім, жерім» деген ұғымдарды айшықтай түсуімен ерекшеленетін және солардың бәрін көркем бейне, астарлы ой, үстеме мағына негізінде таныта білген Махамбет ақынның шығармашылық тілін зерттеу - көркемдік шеберлігімен, ұлттық дүниетаным тереңдігімен, бейнелі де экспрессивті тілімен айырықша келетін көркем мәтін тілін зерттеу деген сөз.

Үшіншіден, тақырыптың зәрулігі Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің тілі, оның ішінде коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздердің қолданылуы арнайы қарастырылып, көлемді түрде зерттеу объектісі болмағанынан туындайды.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Хорамбаева Жазира Бекқадірқызының дипломдық жұмысы осы жұмыс түрінің негізгі жазылу талабына сай орындалған және Мемлекеттік аттестациялау коммиссиясының отырысына қорғауға ұсынылды.


Ғылыми жетекші, профессор Ж.А. Абуов



© 2010-2022