Сабак жоспары Култегин жазуы

Раздел Дополнительное образование
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Орхон ескерткіштері. «Күлтегін жазуы»

Сабақтың мақсаты: білімділік - Күлтегін жырлары туралы терең түсіндіре отырып, көркемдік ерекшелігін ұғындыру. Оқушылардың ізденімпаздылыққа,шығармашылыққа деген ынталарын арттырып,білімдерін кеңейту. дамытушылық - Орхон ескерткіштерінен табылған жырда айтылғын негізгі мәселелерді таныстыра отырып, жырдағы тұлға жан -жақты сипаттама беру. Өзіндік ерекшелігі мен құндылығын бағалау. тәрбиелік - оқушыларды ізденуге жетелеу,отанды сүюге баулу, тарих тағылымдары арқылы тәлімді тәрбие беру. Сабақтың түрі: іздену сабағы Сабақтың әдісі: іздендіру,баяндау, жинақтау,салыстыру, талдау, ой қозғау. Сабақтың көрнекілігі: қосымша әдебиеттер, слайдтар Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 1. Ежелгі дәуір әдебиеті туралы не білеміз? 2. Неліктен біз ежелгі дәуір әдебиетін төл әдебиетіміздің тарихының басы деп есептейміз? 3. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын қандай шығармаларды білесің? 4. Бұларды зерттеп, әдебиетіміздің тарихына қосуға, елге танытуға үлес қосқан қазақ ғалымдарын атаңдар? ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұны. 1. Ой шақыру. Секен Тұрысбековтың «Күлтегін» күйі жіберіледі. Көне түркі алфавиті,тас ескерткіштердің суреті көрсетіледі. Түркі халқының атақ -даңқы өшпесін... («Күлтегін »жырынан.) сөзіне оқушылардың назары аударылады. Орта Азияның түркі тайпалары руна жазуын қолданған, ал араб әліпбиін кейінірек, Х ғасырда ислам дінінің енуіне байланысты пайдаланған. Әлемге әйгілі Орхон ескерткіштері тастарының бетіне осы руна жазуымен көптеген жырлар жазылған (VІІІ). Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев (ХVІІІ - ХІХғ.ғ.). Құлпытастарға қашалып жазылып, бізге жеткен осы бір ғажайып жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VІІғ. Іргелі мемлекеті - Түркі қағанатының құрамындағы рулардың өзара жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Кейіннен Орхон - Енисей ескерткіштері атанған жырлардың негізгі ойы - елдің тәуелсіздігін, береке - бірлігін сақтауға шақыру.

Жырда айтылатын негізгі мәселе 1. Түркі қағанатының тәуелсіздігінен айырылған 630 -680 жылдар. 2. Түркілердің тауғаштарға бағыныштылығы: бірі - тауғаштың алтын - күмісіне, жібек матасына алданып қалуы; екіншісі - таққа отырған ұрпақтың жігерсіздігі; 2. «Күлтегін» жырын мәнерлеп оқып, түсіндіру. Оқушыларға мәнерлеп,үзінді оқыту. Оқулықпен жұмыс. Жырдың көркемдік ерекшелігін білдіретін сөз айшықтарын теріп жазу. Мысалы: «от - су қылмадым», «түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым», «тізеліні бүктірді, бастыны еңкейтті»; 3. Жырдағы тұлғаларды топтастырып, сипаттама беру. а) Күлтегін . Тоңұқұқ. Білге қаған. ә) Елтеріс Қапаған б) Елбілге ана, Тауғаш халқы в) Ұмай ана Күлтегін - жырдағы оқиғаны ұйымдастырушы негізгі тұлға. Оны түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі деуге болады. Күлтегінде түркілерге тән ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінез бар. Елдің «Сондай батырым болса» деген арманына сай нағыз батыр. 47 жас жасаған әскербасы, Бумын,Қаптаған,Істемі қағандардың ұрпағы, білге қағанның туған інісі, жырдағы ең өзекті тұлға, эпостық образ. 4. Күлтегін бейнесіне жан -жақты талдау жасау. Күлтегін - атқа мықты, бекем бекзада деген сөз. Күлтегін тұлпарлары: Алып шалшы ақ айғыр, Қарагер, Башғы боз ат. Күлтегін өмірінің жырда әртүрлі жас белесімен айқын сипатталуын теріп жазып көру. ... інім Күлтегін жеті жаста қалды... - 7жас; ... Он жаста ... інім Күлтегін ер атанды...- 10жас; ...Он алты жасқа келгенде...ел -жұртын сонша молайтты...- 16жас; Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық...- 21жас; Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде...- 26жас; Күлтегіннің жиырма жеті жасында...- 27жас; Күлтегін сол соғыста отыз жаста еді....- 30жас; Күлтегін отыз бір жаста еді....- 31жас; Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді...- 47жас;

5. Жырдағы батырлар жырымен салыстыру.

«Алпамыс» жыры

«Күлтегін»жыры

«Қобыланды»жыры

«Күлтегін»жыры

Қойға шапқан бөрідей, Талқандап қуып береді...

Әкем қағанның қосыны бөрідей, Талқандап қуып береді...

Айдарлысын құл қылды, Тұлымдысын тұл қылды...

Бек ұлдары құл болды, Пәк қыздары күң болды...

6. Венн диаграммасы.

Күлтегін

Ұқсастығы,айырмашылығы

Батырлар жыры



7. Сөздікпен жұмыс. 135 беттегі сөз маржанды жазу. ІV. Қорытынды. Рефлексия. Батырлар жыры - елдікті, «Күлтегін» жыры -елдікті, Исатай - Махамбет -еркіндікті, Желтоқсан көтерілісі - тәуелсіздікті ту етті, сол үшін күресті. «Бүкіл түркі халқы үшін» Түн ұйқымды төрт бөлдім, Жанып күйіп,өрт болдым» («Күлтегін»жырынан.) деген жолдарын бүгінгі күнмен қалай байланыстырар едіңдер? V. Үйге тапсырма. Жырды түсініп оқып, үзінді жаттау. «Жыршы тастар - әлемнің керемет таңғажайыбы» (ойтолғау жазу).

© 2010-2022