Урок, поурочный план Жорыққа дайындық

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ 16 Жаяу туризм

Тақырыбы: Жорыққа дайындық.

Сабақтың мақсаты: жорыққа дұрыс, білімді түрде дайындық .

Сабақтың міндеттері:

Білімділік - жорыққа шығар алдында барлық жағдаятты білімді түрде анықтай алу;

Тәрбиелік - жоспармен қозғалу;

Дамытушылық - өзінің көмегіне молынан жүгіне білу;

Құрал-жабдықтар: суреттер, кестелер, сызбалар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Туристік саяхат қаүіпсіздігі - маршрут жолын, тактикалық схемалар мен кедергілерден өтудің техникалық әдістерін таңдаудағы негізгі критериі.

Туризм техникасы дегеніміз - туристік маршрут немесе оның кесіндісінде кездесетін кедергілерінен өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу. Туризм түріне байланысты, әртүрлі кедергілерден өту үшін:

- кедергілердің ерекшеліктерін білу;

- осылардан өту әдістерін жете білу;

- осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды дұрыс таңдап қолдана білу қажет.

Туризм тактикасы дегеніміз - қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын ұақытын мүмкіндікше аз мөлшерде жұмсап және қаүіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика - маршрут жолымен өөту үшін қажетті құралдар мен әрекеттер жиынтығы. Тактикаға кіретіндер: жорықтың график-жоспарын жасап оны орындау, яғни жол мен жол кесінділерінен қолдағы құралдар мен жағдайларда қаүіпсіз түрде өту.

Тактика екі кезеңнен тұрады: а) жорық алдындағы(жорыққа дайындық); б) жорық тактикасы(жорық кезіндегі).

Жорық алдындағы тактикаға 1) маршрутты таңдау, 2) жорықтың график- жоспарын құрастыру, 3) азық-түлік пен құрал-жабдықтар тізімін жасау, 4) өзінің физикалық, техникалық дайындығы мен тәжірибесі бойынша таңдалып алынған маршрут өтуге қабілеті жеткілікті туристер тобы мен оның жетекшісін таңдап алу.

Жорық кезіндегі тактика : 1) жорық жоспары мен бөлек тілімдерін өту графигін өту графигі үнемі реттеп, түзетіп отыру, 2) жорық кезінде алдағы нақты жерлерден өту жолын табу, 3) әрбір кесіндіден өтуде топ қимылын ретін нақты жоспарлау мен іске асыру, 4) жолдың әрбір кесіндісінде техникалық әдістерді, шаралар мен әрекеттерді таңдау.

Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, өлім, мақсатқа жетпеу, қаржыны, адамадардың күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.

Тактикалық мәселелерді шешудің оларды қиындататын әралуан факторлары болады: ауа райының шұғыл өзгеруі, табиғи апаттар, басқа туристік топқа жәрдем беру қажеті, жарақаттар немесе сырқаттар, топтың нашар хал-күйі және т.с.с.

Жорық мақсаты жорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Мақсаттар: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу(экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздеу-құтқару.

Спорттық жорық мақсаты - туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.

Рекреациялық жорықтар(демалу) әдетте көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай қылып, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып өткізіледі.

Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.

Зерттеу жорықтары әралуан мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес өткізіледі.

ІV. Қорытынды.

Оқушылардың жұмыстарын практикалық түрде тексеріп, баға беріп өту.


© 2010-2022