Мақала қазақ тілі Қазақтың рәміздік космонимдері

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚТЫҢ РӘМІЗДІК КОСМОНИМДЕРІ

Қазақ тілінде топонимдер немесе антропонимдер белгілі бір тарихи дәуірге, оқиғаға байланысты рәмізге айналса, космонимдер халықтың әртүрлі наным-сенімдеріне байланысты рәмізге айналған. Қазақ тілінде космонимдік атаулардың сыр-сипаттары Ш.Уәлиханов, Х.Әбішев, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Қ.Аронов еңбектерінде біршама баяндалған.

Ай космониміне байланысты халқымыздағы наным-сенімді Ш.Уәлиханов былайша түсіндіреді: «Ай - бір кезде тәңірі болған тәрізді. Қазақтар жаңа ай көргенде иіліп сәлем береді және жаздыгүні сәлем берген жерінің шөбін жұлып, үйге келген соң ол шөпті отқа салады. Қазақтар айға ұзақ қарамайды, өйткені Айдағы кемпір кірпік санайды деп қорқады. Дәретке отырғанда Айға қарап отырмайды. Жалпы алғанда, қазақтар Айды құрметтеп сөйлейді [35; 28].

Айдың жаңа туған ай көрінісіне табыну бірте-бірте оны сұлулықтың символы ретінде тануға ауысса керек. Қазақ тіліндегі туған айдай, туған айдай балқу, туған айдай иілу, туған айдай жалтырау т. б. тұрақты теңеулер осының дәлелі.

Жалпы, қазақ халқы Айдың адамға әсері болатынын білген. Сондықтан айлы түнде далада ұйықтамау, жалаңбас сыртқа шықпау, Айға ұзақ қарамау, жас нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмеудеген түсінің қалған.

Қазақ малдың тұяғын, мүйізін Айға ұқсатқан. Сондықтан сүйікті деген малдарын ай тұяқты тұлпарым, ақ мүйізді қошқарым, ай мүйізді сиырым деп өзгеше мадақтайды. Айдың символдық мағыналарын қазақ есімдерінен байқауымызға болады. Қазақ ұл қыздарына Айнұр, Айгүл, Айжан, Айман, Айым, Айтолған, Толғанай, Айсәуле т. б. есімдер берген.

Қазақтың зергерлік өнімдерінде Айдың бейнесін бейнелейтін бұйымдар бар. Мәселен, айбалта, ай сырға, айшық т. б. [6;9]. Сонымен, көне замандарда Айды құдыреттің иесі деп түсініп, оған табынса, кейінгі дәуірлерде оны әдеміліктің, сұлулықтың символы ретінде тану қалыптасқан.

Күн - қазақ халқында ерекше бағаланатын аспан шырақтарының бірі. Мұны тіліміздегі Күнмен қатысты тұрақты тіркестердің, алғыс-қарғыс сөздердің, мақал-мәтелдердің түп-төркінен көре аламыз.

Күн космонимінің ауыспалы мағыналары көбінесе күннің сәулесі, жарық, нұр болып келеді. Қазақ жақсы көрген кісісін «жарығым», «сәулем», «нұрым» деп еміренген. Жақсылық тілеген адамына космонимінің рәміздік мән-мағыналарын білдіретін мынадай тұрақты теңеулерді атауға болады: күндей көркем, күндей жайнау, күндей балқу, күндей қуатты. Күнмен қатысты алғыс-қарғыс сөздері: Күн сөнбей сөнбе! Алдыңнан ақ күн тусын! Күндей жайнай бер! Күнмен бірге батқыр!

Күнге қатысты халқымыздағы нанымның бірі - ауру адамды батып бара жатқан Күнге қаратып, жер ұшық жасап, емдеу дәстүрі. Бұл ғұрып бойынша, Күн қызарып ұясына қонған шақта, ұшықтаушы ауруды күн батысқа қаратып, жерге үш рет етпетінен жатқызып, пәле-жаладан құтқаруын сұрап, ұшықтайды. Бұл ұясына батып бара жатқан Күн адамның бойындағы ауруды алып кетеді деген наным-сенімнен туған.

Қазақ есімдерінен де Күн космонимін жиі ұшыратамыз. Мысалы: Күнжақсы, Күнсұлу, Айкүн, Күнтуар және т. б. Мұндай есімдердің пайда болуын Т.Жанұзақ былай деп түсіндіреді: «Личные имена народов Средней Азии, в том числе и тюркскихнародов, в основном близки как по форме, так и по содержанию. Это связани с культурно-историческими условиями существования народов, заселявших эту территорию. В древние времена они одухотворяли небо, поклонялись солнцу, воде, земле, считая священными. Эти (анимистические, тотемические) представления, культ природы, имели влияние формирование обычаев, примет и возникновение ряда личных имен. Древнетюркские личные имена Танирберген, Айсулу, Айжан, Кунай, Таутай, Кунтуар связаны с эти верованием» [36; 101].

Күннің қозғалысын бақылай отырып, халқымыз уақытты айырған. Қазақ тіліндегі таң қылаң берді, таң атты, таң арайланды, күн көтеріледі, шаңқай түс, тал түс, түс ауды, күн еңкейді, күн ұясына қонды деген сөз, сөз тіркестері - бір тәуліктің күндізгі мерзіміндегі тікелей Күннің аспандағы қозғалысымен байланысты шыққан халқымыздың өзіндік уақыт өлшемінің атаулары [18; 114].

Жетіқарақшы - қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздарының бірі. Жетіқарақшының қозғалысын жақсы білетін халық мыңдаған жылдар бойы онымен түн мезгілдерін білдіретін аспан сағаты есебінде пайдаланып келді. «Жетіқарақшы батпайтын жұлдыз, ол тек шыр айналады. Төрт жұлдызы бар оның бас жағы. Үшеуі артында, ол - құйрығы. Ол таң қысқа кезде қысқа айналып, ұзарғанда ұзын айналып, еңістеп барып,күншығысқа қарай көлденеңдеп жүріп, содан өрге ұмтылады. Еңістегенде таң атады (жазғы салым). Қысқа қарай айналып төбеге келіп, құбылаға қарай бұрылғанда таң атады. Түн ұзарған сайын ол төбеден ауа таң білінеді» [18; 78]

Үркер - түн мезеттерін, жыл мезгілдерін айыру үшін, қай халық болса да Үркерді пайдаланған. Үркер есебі - қазақ календарының арқауы. Үркердің ел жатқанша жамбасқа келуі - көктем белгісі. Наурыздың туғанын да Үркер білдіреді. Үркердің жерге түсуі жаздың басы болмаса да, мал өсірген елдер үшін өте-мөте маңызды шақ. «Үркер жерге түссе, жер көктейді» де малдың аузы көкке, адам аузы аққа тиеді. Маусымның 1-де Үркер тура Күннің ар жағына шығады. Енді осыдан кейін Үркер туып, көкке шығады (20 маусым). Бұл қыстан шыққан қойдың семіретін кезі. Үркер көтерілген сайын күн қысқара береді. Күз басының белгісі. Үркер көтеріліп, Сүмбіленің тууымен аяқталады. Үркердің күнге қатысты осы тұлғалары жыл сайын жазбай қайталанып отырады [17; 111].

Шолпан - түн қараңғысын жеңіп, дүние жүзіне нұрын шашып келе жатқан Күннің хабаршысы. Қазақ ортасында Күн мен Айдан кейінгі ең қадірлі шырақ - таң Шолпаны. Халық асқан сұлуларды Шолпанға теңеген:

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан,

Шолпандай таң алдында жалғыз туған.

(Халық әнінен).

Аспан шырақтарының ішінде жай көзге Ай мен Күннен кейінгі ең жарығы - Шолпан планетасы. Әсіресе таң алдындағы Шолпан көзге ерекше жарқырап көрінеді. Сондықтан халқымыз аталмыш аспан шырағын әсемділіктің, сұлулықтың символы ретінде таниды.


© 2010-2022