Конспект Жорық жоспарын, қозғалыс графигін, шығын сметасын жасау

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ 7 Жаяу туризм

Тақырыбы: Жорық жоспарын, қозғалыс графигін, шығын сметасын жасау.

Сабақтың мақсаты: Жорық жоспарын, қозғалыс графигін, шығын сметасын жасауды үйірмешіге үйрету .

Сабақтың міндеттері:

Білімділік - жоспарлай білу, қағазбен жұмыс істей білу.

Тәрбиелік - жоспармен қозғала білу;

Дамытушылық - алдын ала жоспар құру, қатемен жұмыс істей білуді дағдылану.

Құрал-жабдықтар: суреттер, кестелер, сызбалар

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, бар ынта жігерлерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Маршрутты әзірлеу

Машрутты әзірлеу туризм түріне, мақсатына, жыл мезгіліне, туристер тәжірибесіне, т.б. факторларға байланысты.

Маршруттың тактикалық схемалары мынадай болады:

- сызықтық(линейная);

- айналмалы(кольцевая);

- радиалды және оның варианттары;

- түйдектелген(комбинированная).

Маршрут күрделілігі біртіндеп қиындау керек, мысалы, 1 дәрежелі жорықта қатысқандар 2 дәрежеден өтуді көздеуі мүмкін және т.с.с.

Маршрут ауданын зерттеу

Туристер алдын ала саяхат ауданының географиялық, тарихи, әкономикалық және т.б. ерекшкліктерін зерттеу қажет. Ол үшін көркем және ғылыми әдебиеткөздерін, географиялық сүреттемелер мен анықтамаларды, метеорологиялық байқауларды, бұл ауданда болған туристік топтардың есептерін оқып, қарап шығу қажет.

Туристер ауданның жер бедерін, ауа райы көрсеткіштерін, өзен мен көлдердің лоцияларын, ауа райы болжамын, экскурсиялық нысандардың орналасуын, көрінісі әдемі нүктелерін алдын ала біліп алуы керек.

Осымен қатар, барлық қажетті құжаттар мен рұхсаттарды дайындап қою керек.

Ауданды зерттеу қаүіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де керек.

Маршрутты безендіру

МКК рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек:

Саяхат жоспары. Жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б.

Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттар мен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді.

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді.

Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн - 15км, 2 - 20км, 3 - 20км, 4 - 20км, дневка, 20, 25, 25, 20, 15км.

2 дәреже - 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, дневка, 20, 20, 20, 25км, дневка, 25, 25, 25, 20км.

3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, дневка, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, дневка, 25, 25, 25, 25, 25, 15км.

Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі - құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне дәлдеу керек болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді - уақыт резерві болуы керек.

Құрал-жабдықтар тізімі. Топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман.

Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолыың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен дневка демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек.

Схемаға қосымша жолдың ең қиын жерлерінің сүреттемелері мен олардан өту әдістері көрсетіледі.

Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі.

Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі.

Смета(шығын есебі). Барлық шығындар есептеледі. Қосымша тағы 10-15 % ақша қоры болу керек.

Байланыс тәртібін алдын ала ойластыру керек, Бақылау(контроль) нүктелері мен мерзімдері көрсетіледі..

Қаүіпсіздік мәселелері.

Жорыққа 1-2 апта қалғанда топ рұхсат алу керек. Рұхсаты маршруттық кітапша немесе парақ ретінде беріледі.

ІІІ. Қорытынды.

Әр оқушының істеген жұмыстарына баға беру.


© 2010-2022