Қазақ хандығынына арналған Тарих толқынында қойылымына сценарий

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Хандық.

Шабарман: Уа, халайық сүйінші! Жорығымыз оңды болды! Ұлыстың ұлы күні жеңіске жеттік. Ханымызды тәңір қолдасын. Батырларымызды қарсы алайық!

Бір топ әйелдер шашуларын алып батырларды қарсы алуға шықты. Батырлар мен Абылай хан келе жатты.

Батыр 1: Хан ием, біз жеңіске ауыз біршіліктің арқасында жеттік. Бірлігіміз жасасын!

Абылай хан: Ру руға бөлінбей, баршамыз бір тудың астында болсақ. Етектен тартақан дұшпан да, қылышын қайраған жұрттар да бізге қауіп төндіре алмайды.

Әйелдер қауімі шашу шашып, әндетте қарсы алды.

Төле би: Абылай хан, бабалардан келе жатқан «өз үйің - өлең төсегің» деген сөздің жаны бар емес пе?

Абылай хан: Иә, көке! Жорыққа шықанда шаңырағымыздың, отанымыздың тыныштығы ойлаған сәтте, кеудемізде қасық қан қалғанша жаудың күшін әлсіретіп, жеңіске ұмтылуды ғана ойлаймыз.

Батыр: Күлімкөз қарындастарымызды күңдікте, балаларымызды құлдықта көруден Алла сақтасын.

Төле би: Ұлыстың ұлы күніне сай жаудың күшін жойып жеңіске жеттік, мұны тойлауымыз керек!

Батыр: Ұлыс береке берсін, пәле-жала жерге енсін!

Абылай хан: Ұлыс береке әкелсін!

Төле би: Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын.

Әйелдер қауымы: Кәнекей дастархан жайылсын, күй ойналсын. Төрлетіңіздер, батырларымыз!

Абылай хан: Батамен ел көгерер. Дастарханға жайғасудан бұрын, Төле би мерекемізге батаңызды беріңіз.

Төле би: Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсақ, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Әумин!

Әйелдер қауымы: Төрлетіңіздер, мерекемізді тойлайық!

Барлығы дастархан басына жайғасады. Ән.



© 2010-2022