Табиғат Сыныптан тыс сабақ

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ



Табиғат Сыныптан тыс сабақ



Масатбаева Салтанат Сабырқызы



Астана қаласы

Табиғат Сыныптан тыс сабақ

Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «ТАБИҒАТ ЖӘНЕ БІЗ»

Сабақтың мақсаты: Өзіміз өмір сүріп отырған ортамен таныстыру,

табиғат пен адам қоғамының байланыстары, табиғатты

аялау, қорғау жолдарын әрдайым есте сақтау керек

екенін ұғындыру

:

Міндеттері: А) Қазақ халқының баға жетпес құнды байлығы -

табиғатын қорғау;

Ә) Әр оқушының басты парызы табиғатты қорғау

екенін ұғындыру;

Б) Әртүрлі ситуациялық жағдайлар арқылы қоршаған

ортада болып жатқан мәселелерді шешуге атсалысу

Көрнекіліктері: «Табиғат және біз» /слаид/, қанатты сөздер,

оқушылар салған сурет - қолөнер топтамасы, т.б.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. // Тәрбие сабақтары. № 1, 2009

  2. //География және табиғат. №2, 2009 жыл

  3. //География, Биология, Экология орта мектепте. №1,

  1. //Ашық сабақ. Факультатывті сабақтар. №2, 2011 жыл

  2. Ы.Алтынсарин. Жинақтары. Алматы. 2000 жыл

  3. «7 қазына» . Алматы. 2002 жыл



Сабақ барысы:

Табиғат Сыныптан тыс сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөлініп отырғызады.

1 топ. «Жануарлар әлемі»

  1. топ. «Табиғат әлемі»

3 топ. «Өсімдіктер әлемі»

ІІ. Негізгі кезең:

1. «Ой шақыру» мақсатында мұғалімнің оқушыларға сауалдар қояды

2 . Топ тақырыптарын қорғау (слаид арқылы)

Әр топ өз тақырыптарын қорғау мақсатында дайындап келген слаидтан презентацияларын көрсетіп, тақырыптары туралы мәліметтер береді.

1 топ. «Жануарлар әлемі»

  1. топ. «Табиғат әлемі»

  2. топ. «Өсімдіктер әлемі»

2. Көрініс. Ы.Алтынсарин. «Таза бұлақ» әңгімесі желісінде құрылған.

Қатысушылар: Автор:

Саудагер:

Молда:

Жас жігіт: Табиғат Сыныптан тыс сабақ

Ойтолғаныс. /Топ оқушылары көріністегі жағдайға байланысты өз ой-

пікірлерін айтады /.

3. Сіз білесіз бе? Қоқыс неше жыл өмір сүреді? (кесте)

Қағаз

2 - 10 жыл

Консервалы банкі

90 жыл

Шылымның фильтрі

100 жыл

Полиэтилен пакет

200 жыл

Пластмасса

500 жыл

Әйнек

1000 жыл

4. Экологияық тапсырма. Қанша қоқыс шығарамыз? (экологиялық есеп)Табиғат Сыныптан тыс сабақ

Мектептегі 1 кабинеттен бір күнде 250 грамм қоқыс шығады (қағаз, қаламсап, резеңкенің қалдықтары т.б.). Мектеп-лицейінде 3 қабатта орналасқан 72 оқу кабинеттері бар. Тәулігіне әр кабинеттен шығатын қоқыс заттарын есептеп шығарайық:


Қабат

Оқу кабинеті

1 тәуліктегі қоқыс (салмағы)

1 айдағы қоқыс

(салмағы)

1 жылдағы қоқыс (салмағы)

1 қабат

18

250 гр ×18꞊4 500

4500×25꞊112500

112500×225꞊25312500

2 қабат

33

250 гр ×33꞊8 250

8250×25꞊206250

206250×225꞊46406250

3 қабат

21

250 гр ×21꞊5 250

5250×25꞊131250

131250×225꞊29531250

Барлығы

72

18 000 кг

450 000 кг

101 250 000 кг

Табиғат Сыныптан тыс сабақ

5. Тест. «Экология және мен»


  1. Сіз тісіңізді жуып тұрсыз. Сол уақытта шамамен қанша литр суды босқа ағызасыз?

А) 1 литр Ә) 2 литр Б) 5 литр

2. Сіздің отбасы мүшелері газетті оқып болды. Ары қарайғы сіздің әрекетіңіз:

А) бірінші мүмкіндікте лақтырып тастау

Ә) газетті қағаз жинайтын жерге тапсырып, сөйтіп жергілікті бөлім «Жасыл әлем» ұйымынан алғыс алу

Б) бұл менің жұмысым емес

3. Сіздің әке-шешеңіздің машинасы өте ластанған. Не істейсіз?

А) ата-анаммен бірге машина жуатын жерге барып жуамыз

Ә) таныс балаларға жудыру

Б) машинаны жақын жердегі көгалдың ортасына қойып өзіміз тазартуға

кірісеміз

4. Түсте сіздің жолдастарыңызға баруымыз керек. Не істейсіз?

А) әкеңізге апарып таста деп өтініш жасайсыз

Ә) аяғыңызға ролик киіп өзіңіз кетесіз

Б) еш жаққа бармауға ұйғарасыз. Себебі бәрібір үлгермейсіз

5. Сіздің сүйікті көйлегіңізді жуу керек, не істейсіз?

А) қолмен тез арада жуасыз.

Ә) жууға үлкен апаңызға бересіз. Қарап отырмай іспен шқғылдансын.

Б) Көйлекті кір жуатын машинаға саласыз

6. Сіз сусындарды, көбінесе қандай ыдыспен аласыз?

А) шыны ыдыс Ә) пластика Б) қағаз ыдыс

7. Сіз салқын кеште машинада келе жатырсыз. Салқын тимес үшін не

істейсіз?

А) үйден алып шыққан жемпірді киесіз

Ә) машиналардың терезелерін жабасыз

Б) ата-анадан жылуды қосуды өтінесіз

8. Сізге ертең сабақта оқитын дәріске байланысты кейбір қажетті нобайларды

сызу керек.

Ол үшін сіз қандай қағазды пайдаланасыз?

А) өте жақсы жаңа сықырлап тұрған қағазды

Ә) жазу жазылатын блакнот

Б) бір беті таза, пайдаланылған қағаз

9. Сіз жақын тоғайға жолдастарыңызбен дем алуға бардыңыз. Сізден кейін не

қалды?

А) тамақтан қалған қалдықтар

Ә) ештеңе қалған жоқ, себебі қалдықтардың бәрін өзіңізбен алып

кеттіңіздер

Б) еркіндікке жол берілген. Сіз сыпырушы емессіз, қалдықтарды кез келген

жерге тастап, ыдыстарын ағашқа іліп, ойға келгенді істедіңіз

10. Сіз жаратылыстану сабағында не істедіңіз?

А) әдеттегідей ұйықтадық

Ә) дәптерге Арал теңізін салдық

Б) қоршаған сыртқы орта туралы тереңірек ойладық

Нәтижесі:

Ж А У А П Т А Р

А

Ә

Б

1

3

2

1

2

2

3

1

3

3

2

1

4

1

3

2

5

3

2

1

6

3

1

2

7

2

3

1

8

1

2

3

9

2

3

1

10

1

2

3




Тестің нәтижелері алдын ала тақтаның артқы жағына сызылған кесте артқы жағынан сызылған кесте арқылы қорытындыланады.

Тік бағытта сұрақтардың нөмірлері, көлденеңнен жауаптарының нұсқасы берілген. Ал қиылысқан жері сіздің ұпай саныңызды көрсетеді. Нәтижесін талдау:

30-26 ұпай. Сіз бағалы адамсыз. Сіз үшін табиғатты қорғау күні жылына бір рет келетін жай күн емес. Сіз жыл бойы ауа райына, көңіл күйіңізге қарамай, табиғатты қорғауға ат салысасыз.

25-18 үпай. Сізге, мүмкін ағаштардың түбін қопсыту, бұтақтарды қырқу, гүлдер егу ұнайтын шығар. Бұл іс-әрекет тек өзіңіздің бақшаңызда болады.

17-10 ұпай. Амал не, сіз орманды аяусыз қырқатын, өзендерге қара майды төгетін адамдармен аталасыз.Бірақ түзелуге кеш емес.

6.«Экологиялық базарлық». Оқушылар өздерінің қолдан салған суреттері

қөлөнер бұйымдары немесе кесте жұмыстары бойынша жұмыстарын қорғайды.

7. «Атамекен» әні.

ІІІ. Қорытынды.

Мұғалім сабаққа қатысқан белсенді топ мүшелеріне мадақтама айта

отырып, тәрбие сабағын мына жыр жолдарымен аяқтайды:

Білсең егер,табиғатта зор мән бар, Онда аң,құс,жануарлар, ормандар. Жерің, суың,таза ауаң қажетті Шын жүректен оны сендер қорғаңдар!..

Табиғат Сыныптан тыс сабақ





© 2010-2022