Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі

Бестөбе кенті негізгі мектебінде «Өзін-өзі тану:«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында жоспарға сәйкес іс-шаралар, байқаулар мен ашық сабақ өтті.

2016 жылдың 2 ақпан мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндік салтанатты түрде 2 ақпан күні мектепте ашық деп жарияланды.

Шараның басты мақсаты - «Өзін-өзі тану» пәні бойынша рухани-адамгершілік білім берудің жаңартылған бағдарламасын оқыту-тәрбиелеу процесіне тиімді енгізу жұмысын белсенділендіру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мұғалімдердің ,жалпы адамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін тереңдету, білімдерін арттыру, рухани тұрғыда дамыту.

Апталықты ашқан өзін-өзі тану мұғалімдері Муканова С.С. және Маханова А.С.ұстаздар мен оқушыларды апталықтың жоспарымен таныстырды.

Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.

Ақпанның үшінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Муканова С..С. «Жүректен жүрекке», «От сердца к сердцу» деген іс-шараны өткізді.Оқушылар өздерінің тілектерін жазып дайын жәшікке салды.Мектеп оқушылары іс-шараға белсенді қатысты. Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.

4 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Маханова А.С.«Мейірімділік.Махаббат.

Қайырымдылық», «Доброта.Любовь.Милосердие» атты тақырыптарда балалардың шығармашылық жұмыстары, суреттер байқауын ұйымдастырып өткізді. Бұл іс-шараға қазақ және орыс тілдерінде оқитын 1-4 сынып оқушылары ат салыса отырып қатысты. Жеңімпаздар апталықтың жабылу салтанатында марапатталады.

Келесі күні, яғни 5 ақпан күні мектебімізде «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» тақырыптарында ең үздік өлең байқауы 1-4 сынып оқушыларында болды. Байқауға әр сыныптан оқушылар қатысты, қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылды.

Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі. Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.

Ақпанның сегізінде кітапханашы Муканова М.К. «Өзін-өзі тану» еліне саяхатқа» шақырды. Балаларға қызғылықты оқиғалар оқылып, махаббат, мейірімділік, адалдық жайында пікір таластырылды.Сонымен қатар аталған тақырыпта әдеби көрме ұйымдастырылды.Мектептің барлық балалары осы күні кітапхана қонағы болуға мүмкіншілік алды. Үлкен балалар кітапханада көрме тамашалап, өздерін қызықтырған әдебиетке жазылып, пікір таласуларға қатысса, кішкентай бүлдіршіндеріміз түрлі-түсті суреттерді тамашалап, өздері де сүйікті кейіпкерлерінің суретін салудан бас тартпады. Өздерінің сол күні кітапханада қызықты өткенін айтып жатты.

Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі. Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.

Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіне байланысты, мектеп психологы Шолпан Ислямовна Есмагулова тренинг 2,3,4 сыныптарында «Мира восторг беспредельный…» атты тренинг өткізді. Оқушылар осы тренинг сабақтарда өз және қоршаған ортаның мағыңыздылғын түсінді. Балалар ойындарына белсене қатысып, тапсырмаларды орындады. Өзін-өзі тануы адамға тек қуаныш ғана әкелмейді, өмірдің мақсаттарына жету үшін мүмкіндіктерін ашады екенін білді.Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.

Ақпанның оны өзін-өзі тану мұғалімі Маханова А.С. 6 «Ә» сыныпта «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақ барысында жан сұлулығы, тән сұлулығы, сыртқы сұлулығы, ішкі сұлулық түсініктерін өздерінің жеке өмірлерінен мысал келтіре отырып талдады.Сабақтың мақсаты оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға және ұлттық ойындарымызды насихаттауға тәрбиелеу.

Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.Өзін-өзі тану пәнінен онкүндігі.

Мектебімізде апталық қызықты әрі сапалы өтті. 2-9 сынып оқушылары апталыққа белсенді қатысты.

12 ақпан күні өзін-өзі тану пәнінің онкүндігінің аяқталуына байланысты салтанатты жиын өтті. Онда онкүндік бойына өткізілген іс-шаралардың қорытындысы жасалып, мектеп оқушылары мен педагогтарының қатысуымен жасалған концертпен жабылды.

Өзін-өзі тану мұғалімі Маханова А.С.



© 2010-2022