Ұсақ моторика «Құм еліндегі көктем»

Раздел Дополнительное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұсақ моторика

Сабақтың тақырыбы: «Құм еліндегі көктем»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Баланың шығармашылық белсенділігін таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп, табиғи ынталандыратын орта жасау, жүйке жүйесін тыныштандыру, өзіне деген сезімін арттыру.

2.Түзете - дамытушылық: Баланың зейінін, қиялын, ойлау қабілетін арттыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.

3. Тәрбиелігі: Баланы белсенді іс - әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: қызығушылықты ояту, көрсету арқылы түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмысты орындату

Қажетті құралдар: Құмсалғыш - көк түсті қорап (құм тақтайшасы), құрғақ құм, моншақтар, суреттер.

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Баланы психологиялық жағынан тақырыпқа дайындау

Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

Сәлеметсіңдер ме! Мен сені көргеніме қуаныштымын!

Мен өзімнің жылуымның бір бөлігін саған бергім келеді. Кәнекей, қол ұстасайық. Сен менің жылуымды сездің бе?

(баланың жауабы)

Ал енді бір - бірімізге күлімдейік, сонда біздің көңіл - күйіміз одан сайын жақсара түседі.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

ІҮ. Жаңа сабақ

  • Бүгін біз құм еліне саяхатымызды жалғастырамыз. Бүгін біз сонда аттанамыз.

Құм еліне «кіру» салт-жоралғысы:

Құм еліне бару үшін құмсалғышты айнала тұрып, қол ұстасуымыз керек.

Енді өз атыңды ата.

Алақаныңды төмен қаратып, құмсалғыштың үстіне қолдарыңды соз. Көздеріңді жұмып, сиқырлы сөздерді қайтала.

Алақанымызды бағдарлап,

Тауып ал мейірім мен махаббат

Құм ханзадасы кел енді,

Тұрмыз күтіп, біз қарап.

Көздеріңді аш.

Қарашы бізге кім келді?

Ал енді Құм елінің ережесін қайталап айтайық.

Мұнда кірісуге болмайды!

Құм шашуға болмайды!

Құмсалғыштың бетінен матаны алып тасталады.

Біз «Құм еліне» келдік.

Құм ханзадасының әңгімесі.

Сәлеметсің бе! Менің еліме не болғанын білмейсің ғой. Бізге «Көктем» келді. Күн жарқырап шығып, ауа райы жылынып, ағаштар өздерінің сән - салтанатты күйлеріне еніп, әсемденді. Ал орманда ағаштар көп еді, көрші ертегілер елінен бізге залым сиқыршы әйел келді. Осындай сұлулықты көріп, ашуланып, сиқырлап тастады да, кетіп қалды. Ол қалай кетті, ағаштардың жарып шығып келе жатқан бүршіктері түсіп, шөптер мен гүлдер жоқ болып кетті.

Менің елім қайтадан ең әдемі, ең жақсы болу үшін көмектесші.

Педагог: Құм ханзадасы, сен уайымдама. Біз саған көмектесеміз. Көмектесеміз ғой .

  • Ағаштардың бұрынғы сәнін келтіру үшін не істеуіміз керек?

Дұрыс біз ағаштардың, өсіп тұрған шөптер мен гүлдердің және төбеде жарқырап шуағын шашып тұрған күннің суретін саламыз.

Баланың жұмысы.

Бала құм бетіне бүршік атып келе жатқан ағаштардың, шөптердің, гүлдердің, күннің суреттерін салады.

Құм ханзадасы: Орман қандай әдемі? Бұрынғысынан да әдемі болып кетіпті. Саған көп рахмет.

Жұмыс аяқталғаннан кейін бала қолын жуып, орнына отырады.

Педагог: Біз бүгін үлкен іс тындырдық. Кіммен кездестік?

Біз оған қалай көмектестік? Сен бүгін мейірімді жасаушы болдың. Қазір менің көңіл - күйім жақсы.

Сенің көңіл - күйің қандай?

Құм елінен «шығу» салт - жоралғысы.

  • Қолыңды құмсалғыштың үстіне созып, шар домалатқандай қимыл жаса. Енді оны жүрек тұсыңа қойып, менің айтқанымды қайталап айт:

«Біз өзімізбен бірге бүгін үйреніп білгеніміздің бәрін ала жүреміз!»

ҮІ. Қорытынды

Сұрақ - жауап

ҮІІ. Бағалау




© 2010-2022