Конспект Шығармашылық ізденіске жетелейді

Раздел Дополнительное образование
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қырықбаева Жанар Жетібайқызы

кітапханашы

Абай атындағы орта мектебі,МДШО

село.Көкжайдақ Ақсу ауданы

Шығармашылық ізденіске жетелейді

Кітап-ғажап дос. Ол өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласын болады. Ешқашан өкіндірмейді. Осы бір айтылып, жазылып қалған ғанибет сөздер оқырман бойына жігер мен табысты қосып құйғандай. Іздену де талпыныс та адамдар жасын талғамайтын қасиеттер. Мен де сол ойшылдар мен ғалымдардың ақындардың, шешендердің сөздеріне табынушы оқырман, ұстаз, кітапханашымын.

Кітапханашы - көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары - адамдармен қарым-қатынас құралы болып табылады. Кітапханашы шығармашылық ізденісте оқырманмен байланысып, оқушының мәдени-ағарту, әр ғасырда өмір сүрген ғылымдар еңбегімен танысуына ықпал етеді. Ыбырай Алтынсариннің «Туы бірдің түбі бір, жолы бірдің жүгі бір» деген аталы сөзіне ден қойсақ, бала тәрбиесі-баршамызға ортақ.

Мектептегі балаларға берудегі игі мәдени шаралар мектеп кітапханасында атқарылып келеді. Кітапханашы баланы оқыту мен тәрбиелеуде ұстазға жаңаша жұмыс жасауға, үнемі шығармашылық ізденісте әдістемелік көмек беріп отырады. Қазіргі уақытта заман да жаңа, оқушы да жаңа.

Жаңашыл кітапханашы- жаңашыл ұстаз, жаңашыл үйретуші. Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына тіреледі»,-деген. Мектепте жақсы оқушы, орташа оқушы деп бөліп жарады, ал кітапханашыға оқырманның бәрі бірдей. Оқушы баланың ойы жүйрік, болашақ қоғам қайраткері, озат мамандық иесі болуы үшін бойына барлық жақсы ізгіліктерді сіңіруіне өз үлесімізді қосып отырамыз.

Мектеп кітапханасы кішкентай болғанмен атқарар жұмысы үлкен. Кітапханаға оқырмандар, оқушылар жиі келіп қажетті әдебиеттерін, материалдарын жазғызып алып, газет-журналдарды оқу залында отырып керегінше пайдаланады. Кітапханада үнемі түрлі тәрбиелік шаралар жүргізіліп отырады. Мектеп кітапханашы-үйретуші ұстаз. Ол да жаңа заман талабымен жұмыс жасап, ізденіп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып, ой салады. Мектептегі кітапхана мектептің жүрегі, бір бөлігі деп айтар едім.



© 2010-2022