Жаңа технологияны қолдану барысында «Егемен өмір орталығын»

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жаңа технологияны қолдану барысында «Егемен өмір орталығын» құру


2006 жылдан бастап оңалту орталығы кейбір мүмкіндігі шектеулі балаларды оқу орындарына енгізу аясында компьютермен жұмыс жасай білу әдістерін үйретіп келеді (инклюзия). Тәжірибе барысында анықталғандай, осы бағытта толыққанды жұмыс атқаруға және барлық сынақты қолдану және енгізуге, әлі де бір баспалдақтың жетіспейтіндігі байқалады. Бұл мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамға қосудағы ата-ана мен педаогтың байланысы.

Көп жағдайда, ата-аналар баладан бір мезгіл тынығу мақсатында орталыққа хабарласады, осы жерде, біз өз міндетімізді күррделендірудеміз, атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі баланы тек дамытып қана қоймай, мүмкіндігі шектеулі баланы білім беру мекемелеріне қосуды көздеп отырмыз. Осыған байланысты оңалту орталығы 2009-2010 оқу жылында «Егемен өмір орталығын» ашуды жоспарлап отыр.( Центр независимой жизни)

Егемен өмір орталығы - бұл, мүмкіндігі шектеулі баланың бәрімен бірдей мүмкіндігін құратын және әлеуметтік қызмет жүйесіндегі инновациялық көпсалалы моделі.Бұл орталық ата-ана мен ата-ана, ата-ана мен педагогтар одағы.

Жұмыс түрі - сұхбат, әңгімелесу, семинарлар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық үйірмелер.

Жұмыстың мақсаты - мүмкіндігі шектеулі баланы өмірдің барлық аспектілеріне мүмкіндігінше қосу үшін, оның қоршаған ортасын өзгерту .

Егемен өмір орталығының жұмыс процесі 2 этаптан тұрады:

1. Абилитация - ауруы анықталған баланың өміріне ерте араласу

2. Білім беру мекемелеріне енуіне ықпал жасау

Бірінші этапта 3 жасқа дейінгі балалардың ауру түрін және оңалту жолдарын

анықтау мақсатында скрининг және бақылау жұмысын жүргізу.

Екінші этапта мүмкіндігі шектеулі баланы инклюзивті білім алу тәсілдеріне дайындау.



Жаңа технологияны оқу - тәрбие процесіне ендіру.

Қазіргі кезеңде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер түрлі ынтамалы бастамалар мен түрлендірілуге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік - педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұймдастыру қажеттілігі туындайды. Бұл үшін педагогтардың инновациялық іс-әрекетін ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі талап етіледі. Ал, жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты-міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жету.

Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылуда. Олардың ерекшелігі сонда оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибе сыналуда.

Педагогика мен психология ғылымында «педагогикалық технология», «білім беру технологиясы», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы» және т.б. ұғымдар кеңінен қолданылуда.

«Технология» ұғымын түсіндірудегі көзқарастар да түрліше. «Технология» сөзі грек тілінен аударғанда «өнер, шеберлік+ілім» дегенді білдіреді. Демек, ол дайындау, өңдеу, күйін өзгерту әдістерінің жиынтығын білдіреді екен. Бұл термин әдетте өндірістік үрдісті сипаттауда кеңінен қолданылып келген,ал,педагогика

Т.К.Смыковская, Т.Б.Руденколардың пікірінше: «Әдістеме тек бір ғана оқыту үрдісіне көңіл бөлсе, технология бір мезетте оқу және оқыту үрдісімен қатар жұмыс істейді және технология алға қойылған мақсаттың нақты соңғы нәтижесіне кепілдік береді». Ежелгі философтардың өзі педагогикалық шеберлікті тарату туралы айтқан, ал бұл осы күнгі технологияға жақын. Сондай-ақ,К.Ушинский, А.С.Макаренко да технологиялық рәсімдерді анық көрсете білген.

Педагогикалық технология дегенге В.П.Беспалько: «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба»,-деп анықтама берген.Мұнда ғалым педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланысты әдіс-тәсілдер жиынтығы ретінде қарастырады..

Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс,тәсіл,амал, дидактикалық талап секілді психологиялық - педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады.

Бүгінгі күні өзін-өзі таныта алатын жеке тұлғаны дамытуда оқытудың озық жүйелерін меңгеру - уақыт талабы. Балалардың білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай. Топ балаларының төмен, орташа, жоғары қабілетте болуы айқын үрдіс.

Сондықтан баланың іздену, шығармашылық қабілетін дамытуда Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технолногиясы нағыз қажеттілік. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қараев Жауынбай Амантұраұлының деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты - жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Балаларддың таным қабілеттеріне сай 4 деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі.

Ж.Қараев деңгейлік тапсырмаларда:


  1. жаңа өтілген тақырыпты қайталап, пысықтау, ереже жаттау.

( біздің сабақтарда жаңа өтілген тақырыпты қайталаймыз, пысықтау міндетті түрде жасалады, ал бізде ереже жоқ себебі, бізде дамыту бағдарламасы, яғни ГОСО - да жоқ, бағдарламаны бірнеше жылғы іс-тәжірибемізден және басқа да Қазақстан, Ресей мамандарының іс-тәжірибелерін қорытындылай келе жоба жасап жұмыс жасау үстіндеміз. Сіздер де қалай?)

2. - ойлау қабілетін жетілдіру ( қалай жетілдіреміз? Ойын арқылы, жаңа технология қолдану арқылы. Жаңа технологияны қалай қолданамыз, біз бұрын диафильм қөрсек, қазір бейне клип көреміз, компьютер ойнаймыз, біздің орталыққа келгенде нан мен судан басқа ешнәрсе білмейтін бала, қазір компьютер ойнайды, түстерді компьютер арқылы ажырата алады, түрлі ойындарды ойнау қабілеті мол.

3.- танымдық іздену ( эвристикалық) ( танымдық іздену мұнда да баланың зейінін шоғырландыру, ес қабілетін, ойлау қабілетін , кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау қабілеттерін дамыту мақсатында және тапсырманы өз бетінше орындап, жан-жақты ізденіп, өзінің білімділігін дәлелдеуі мақсатында береміз)

4. - ұғым, түсінік, қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын қояды.

( Мысылы, сіз тақырыпты өттіңіз, бала оны өмірде , тәжірибеде қолдана білу үшін, ары қарай қиялымен жетілдіруі керек. Мыс: доппен таныстырдыңыз, доп не үшін қажет, ол өмірде қажет пе, қай жерге пайдаланамыз, не мақсатта, ұғым - доп деген не ол т.б.)

Жеке тұлғаның біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және білім деңгейін айқындау да деңгейлік тапсырмалар барлық білімгерлерге ұсынылады. Олар жұмыла іске кіріскенде мұғалім үлгерімі төмендерге дербес, жекелей көмек бере алады.

1-ші деңгейдің «міндетті», «оқушылық» жұмысын жаппай орындау мемлекеттік стандартқа сай жүргізіледі. Әр деңгейлік тапсырма бойынша ұпай саны белгіленіп, рейтингтік жүйемен жинақталып, мониторинг бойынша бағаланады. Жоғары деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындаса, ұпай санының артуынан көтеріңкі баға алуына мүмкіндік беріледі, дамыта оқыту жүзеге асады.

Бұл технологияның ерекшелігі : әр тұлға өз бетінше жұмыс жүргізуге дағдыланады. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес ойлау қабілеті артады, жасқаншақтықтан арылады.


Деңгейлеп оқыту технологиясы



Мақсаты

  1. қабілеті мен мүмкіндігіне қарай

  2. топтардың ерекшелігіне бейімдеу

  3. оқуға деген ынтасын арттыру


Деңгейлер

  1. оқушылық

  2. эвристикалық

  3. шығармашылық



Маңыздылығы


  1. қиындықты жеңіп

  2. қызығушылығының пайда болуы

  3. жаппай жұмысқа кірісуі

  4. бос отырған баланың болмауы

  5. баланың білім деңгейін

  6. білімпаздығын дамытуы

  7. ізденіс дағдысы, шығармашылық

  8. қабілетті дамытуы



Әдістер

  1. топтап, жұптап оқыту

  2. оқытудың ұжымдық әдісі

  3. модульдік оқыту

  4. сатылай кешенді талдау әдісі



Нәтижесі

  1. білім деңгейін, мүмкіншілігін

  2. іскерлігін дамытады

  3. мақсатқа жетелей алатын оқушы

  4. шығармашылық тұлға тәрбиелеу

Білім берудің жаңа мазмұны тұлғаның білімін, білігін, дағдысын емес, оның білім алу арқылы дамуына ерекше көңіл бөлуді талап етеді.

Деңгейлеп оқыту әдісін енгізе отырып балалардың белсенділігін арттыруға байланысты өткізілген сабақтардан мынадай түйін шығады:

  • дарынды балалар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;

  • әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;

  • мұғалім оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс жасауға баулиды;

  • оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен-өзі салыстыру арқылы анықталады;

  • оқытуды ізгілендіру жағдайында өзін-өзі жетілдіріп, тұлға ретінде қалыптасады.

Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, біз олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуіміз керек. Әрбір оқушының сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру - мұғалімнің басты міндеті. Бастауыш сыныпта балалар ойынға өте құмар болады. Ойнау арқылы білімге жетелеу керек.

ОЙЫН - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан мен әр сабақта атақты итальяндық педагог М. Монтессори әдістерін қолдануға тырысамын. Ойын - бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса,әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады, ойынның да өзіне тән мотивтері болады.

Мысалы: мазмұнды - ролдік ойын - баланың зейінін шоғырландырып, ес, ойлау қабілеттерін қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын арқылы бала өз қасиетін қанағаттандыра алады. Ойын сонымен қатар баланың ерік-сезім түрлерін, байқағыштығын дамытады. Ойын түрлері көп, оның ішінде біз жиі қолданамыз- ойын сабақ, ойын жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, бұндай ойындар баланы жан-жақты дамытып, білімін жетілдіреді.

ПАНОРАМАЛЫҚ САБАҚ.

Қоршаған ортамен таныстыру сабағы.

Тақырыбы: «Күзгі ағаштар»

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділігі: Күз туралы білімін бекіту, күзгі ағаштар айырмашылығын танып-білуге үйрету.

ә) Коррекциялығы:Байланыстырып сөйлеу қабілетін , таным қабілетін дамыту.

Б) Тәрбиелілігі: Табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Әдіс - тәсілі: информациялық - рецепиялық әдіс

Көрнекіліктер: күз бейнесі, сары жапырақтар, күзгі ағаш суреті

Сөздік жұмыс: жапырақ, бұтақ, сары, қызыл

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық сабаққа дайындық

  • Балалар, елестетейік, біз қазір ормандамыз. Көрсетіңдерші, орманда қандай үлкен ағаштар. ( балалар қолдарын жоғары көтереді

  • Жылы жел соқты:ш-ш-ш, жапырақтар сыбдырлады ( балалар қолдарын ербеңдетеді)

  • Салқын жел соқты: с-с-с ( ағаштар қимылдады) ( балалар қолдарымен олай - бұлай қозғалады)

  • Қатты жаңбыр жауды ( балалар үстел үстіне жаңбыр дауысын салады)

  • Жел тынышталды - жапырақ та, ағаш та қозғалмайды. ( балалар демалады)

  • Ойланайықшы, жаңбырдан соң орманда қандай өзгеріс болады?

  • Дұрыс, жауыннан соң орманда саңырауқұлақтар пайда болады.

  • Ал, жаңбыр жылдың қай мезгілінде болады?

ІҮ. Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбы: «Күзгі ағаш»

  1. а) Күз мезгілінің ерекшелігін ассосация арқылы анықтау

суық

жаңбыр

жылы киім

Күз жел

құстар қайтып барады

сары жапырақ

ә) Күзде ағаштар қандай болады?

Сары жапырақ

Күзгі ағаш Жапырақ жерге түседі

Жалаңаш бұтақтар

(күзде жапырақтар сарғайып жерге түседі)

2. Суретпен жұмыс (күзгі демалыс паркі)

А) сөйлем құрату

ә) әңгіме құрату

3. Сөздік жұмысы

Күзгі ағашқа сәйкес сөздерді айтқызу

Жа - пы -рақ, са - ры, қы - зыл, бұ - тақ

4.Жеке баламен жұмыс.

Балаларға сөздерді жеке-жеке айтқызу

Ү. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар ( қолды жоғары көтеріп, тербелу)

Алдымнан жел еседі (Екі колмен бетке желпу)

Кіп-кішкентай ағаштар ( жерге отыру)

Үп-үлкен боп өседі ( қолды жоғары көтеру) ( 2-3 рет)

ҮІ. Бекіту.

Шимен жұмыс: «Бұтақ бейнесі»

Тапсырма: Шырпы таяқшаларын ағаш бейнесі сияқты етіп орналастырыңдар.

(бұл жұмыс баланың ұсақ моторикасы мен көру қабілетін және зейінін шоғырландырады)

ҮІІ. Бағалау

Жақсы жауап берген, жақсы жұмыс жасаған балаларды жетонмен мадақтау

ҮІІІ. Қорытынды.

Қане, балалар, айтыңдаршы,күз қандай болады?

Дұрыс, күз салқын, жаңбырлы, шаң-тозаңды, желді болады, күз мезгілінде құстар жылы жаққа кетіп, жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Күзгі ағаш қандай болады? Ағаштар сұр түске еніп, жапырақтар түседі. Жарайсыңдар, сендер барлығың жақсы меңгердіңдер. Рахмет, балалар!

Ойын моменттері - мыс: «санды ата» 5-тен үлкен, 10-нан кіші санды ата, «көршісін тап» 3-тің алдыңғы көршісі, 8-дің кейінгі көршісі, бейнелік жады - бірнеше таңбалы санды жазып 1 минут көрсету керек, сонан соң цифрларды жасырып 30 секунд ішінде жазып беру.Сол сияқты геометриялық пішіндерді ажырата білу, осы пішіндерден бір зат құрастыру қажет.

Ойынмен бірге математикалық жұмбақ ойынның да балаларға беретін тәлім тәрбиесі өте жоғары.

Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден -дерексізге, жеңілден- ауырға, жақыннан- алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуге болады.

Ж.Аймауытов жазады - «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек деп» өте дұрыс айтылған. Күнделікті бір затты, мыс:мынау -доп, мынау-доп, деп 1 апта бойы өтіп көріңізші, қандай нәтиже болар екен. Бір допты 1 апта өту үшін сіз сабақты түрлендіріп, допты жан-жақты, қызықты етіп өткізуіңіз керек.

Қазір, мен сіздерге өзімнің кішкентай құпияларымнан мысалдар берейін. Мысалы:

«Дыбыс арқылы санды ата» - балалар көздерін жұмады, мұғалім парта үстін қарандашпен тықылдатады, балалар санды айтады (есту, ойлау қабілетін)

«Саусағыңды көрсет» - мұғалім цифр жазылған карточканы көрсетеді, балалар цифрдың санын саусақпен көрсетеді. 4 алма, 6 саңырауқұлақ, 3 самолет, 8 үйрек т.б. ( көру, ойлау, салыстыру қабілетін)

«Үндемес» - мұғалім тапсырма береді, балалар үндемей орындайды да жауаптарын таблицамен көрсетеді ( мұғалім - 3-тен кейінгі санды көрсетеді, балалар 4 цифры жазылған таблицаны көрсетеді)

«Қолымда қанша түйме бар?» - мұғалім: менің қолымда 4 түйме, сол қолымда 3 түйме. Барлығы қанша түйме?, менің 2 қолымда 7 түйме. Оң қолымда 2 түйме, сол қолымда қанша?

Математикалық өлеңдер пайдаланса да қызық болады.

Мыс: 1. «Санамақ»

Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, бір арыстан.

Екі қоян, бір түлкі,

Бәрі нешеу кім білді? (8)

( 10-ға дейін санауды бекіту, есту қабілетін дамыту, ойлау қабілетін, қиялын дамыту үшін)

  1. «Бәрі нешеу?»

Дүкенен сабын алдым

Оның және қабын алдым.

Екі дәптер, бір қарындаш

Тіс ысқышты тағы алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болады, қолда бары? (6)

Мен сабақтарда ойын элементтерін көп қолданамын, ол балалардың ой-өрісін дамытып, тілдік қорын молайтады, зейінін шоғырландырады.

Мыс: 1. Ойын - не жасадың?

Бала: жүрдім, келдім, тамақ іштім, жуындым, бердім, алдым, оқыдым, жаздым, отырдым, ойландым, көрдім, ұйықтадым т.б. ( есте сақтау, ойлау, уақытты бағдарлау қабілетін дамыту, себебі, бала, таңертең тұрдым, жуындым, тамақтандым, сабаққа келдім т.б. еске түсіріп айтып отыр)


  1. .«Ойын - мен не көрдім?»

Тақтаға 4-5 ойыншық ілінеді (қоян, ұшақ, қуыршақ, жалауша, клоун) .Тақтаға шақырылған бала көріп шығады да, балаларға қарап реттілігімен атап шығу керек. Мен тақтада көрдім -қоян, ұшақ, қуыршақ, жалауша, клоун. ( көру қабілетін, реттілікті сақтау, байланысм\тырып сөйлеу қабілетін дамыту)


  1. «Сәйкес сөз тап»

Мыс: қарындаш ( әр әрәпке сөз ойлап табу керек)

  1. Дыбыс қосу арқылы

Мыс: қалам- қалама, ара-арал, тап-тапа т.б.

  1. «Бір дыбысты өзгерту арқылы»

Мыс: тас-сат, алқа-қала

  1. «бір сөз әріптерінен қандай сөз құрастыруға болады?»

Мыс: қарлығаш: ағаш-қар-шар-лашық-қара-аға т.б.

  1. Әріпті шеңбер ішіне жазу. Мыс: берілген шеңбер ішіне келесі сөздің үшінші әріпін жазу керек.

К

Е

М

П

І

Р

  1. «Керісінше»

Мыс: Бала берілген сөйлемді тыңдап оның қарама-қарсы мағынасын тауып аяқтау керек.

Түнде далада - қараңғы, ал күндіз ..... (жарық). Бұрыш ащы, ал қант .....(тәтті)

Балауыз ыстық, ал балмұздақ ...... ( мұздай). Жазда жылы, ал қыста..... ( суық)

Міне ,әріптестер аталған жұмыстарды жүргізу барысында, біз - бала психологиясын сезіне білуіміз қажет, бұл біздің педагогикалық біліктілігімізді көрсетеді. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктерді білу мүмкін емес.

М.Горькийдің сөзімен айтқанда: «Балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, баланы сүйетін адам, зор төзімділікпен жұмыс істейтін адам тәрбиелеуі керек».

Баланың жасына, жеке басының ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас жасай білу дегеніміз-оның жүрек сезіміне жол табу, тәрбиесіне ықпал жасайтын жұмыстың түрлері мен әдістерін табу. Сонымен бірге, баламен қарым-қатынаста әлептілік пен сыпайылықты сақтай отырып, баланың көңіл-күйінің жайдары болуына, қуаныш-ренішіне ортақтаса білуі - мұғалімнің нәзік психолог екендігін дәлелдейді.

Оқушыларға сапылы да тиянақты білім берудің негізі - өз пәніңді тереңінен игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойларын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдістерін қолдану және тәжірибелі ұстаздардың еңбегін тарату. Ал, озық тәжірибелі ұстаз болу жан -жақты шебер болуды меңзейді.

А.С.Макаренко шеберлікті былай деп тұжырымдайды: «Шеберлік - жетуге болатын нәрсе, шебер ұста, шебер зергер сияқты шебер педагог та бола алады, ол үшін көп ізденіп, тынымсыз еңбектену керек».

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ СЛАЙД - пен жұмыс

Мен педагогикалық басылымдардағы ой-пікірлермен санаса отырып, ХХІ ғасыр мұғалімінің моделін төмендегідей бейнеледім:

Ұлағатты, ұстамды;

Сабырлы да салмақты;

Тапқыр да талантты:

Адал да ақылшы;

Зерек те зейінді ұстаз;

  • адамгершілік пен елжандылық жаршысы;

  • рухани бай гуманист;

  • ізденімпаз, терең қазыналы, білімді;

  • сұлулықпен сусындаған эстет;

  • нәзік психолог;

  • тынымсыз еңбекқор, жан-жақты шебер;

Мұғалім өзінің білімпаздығы, кішіпейілділігі, қарапайымдылығы, сыпайылығы, ой-өрісіндегі рухани дүниенің бай болуымен кез-келген ортаның ұйытқысы бола алатыны сөзсіз.

Ойымды қорытындылай келе айтарым, ХХІ ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу үшін жоғарыда келтірілген қасиеттер барша ұстаз қауымының бойынан табылып отыруы тиіс. Бұл - заман талабы.

Сіз қалай ойлайсыз?

Біз ғылым мен техниканың барынша жетіліп, күнделікті тұрмысымызға еркін еніп, тыныс тіршілігімізге ықпалын жүргізе бастаған ХХІ ғасырға аяқ тіредік.

Қазіргі шәкірттерге бұрынғы өзімізге дәріс берген ұстаздарымыздың тәсілін қолдансақ қателескен болармыз, бүгінгі ұрпақтың сана -сезімі, жан дүниесі, ой-өрісі сіз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Олар заман ағымына орай ерте жетілген және ең соңғы техникалық және электрондық ақпарат құралдары арқылы жан-жақты мағлұматтар жинақтаған. Әдетте олардың қоғамдық көзқарасы , моральдық ұстанымы сіздің талабыңыз бен талғамыңызға сай келмей жатады. Сіздің жаттанды дәстүрге айналған сабақтарыңыз оларды қызықтыра қоймайды да нәтижесінде баланың сабаққа деген құлшынысы төмендеп, белсенділігі жоғалады. Балалардың сабаққа ықылассыз қатысуы, келмей қалуы, тастап кетуі немесе ұстазға деген құрметінің жойылып, ол қойған талаптарға мойын ұсынбауы да осы жағдайларға байланысты. Сондықтан біз балалардың бойындағы сан қырлы қасиеттер мен ерекшеліктерді ескере отырып, олардың әрбіріне тұлға ретінде қарасақ, әрқайсысының жеке мүмкіндігін жетілдіруге жол ашамыз және шыңдау арқылы барлық баланы ортақ мақсатқа ие, ұлттық мүддемізге сай етіп тәрбиелейміз, ұйымшыл ұжым түрінде қалыптастырамыз.

Бұл орайда бізге ақпараттар алмасу арқылы, балалардың өзін-өзі, бірін-бірі оқытуын, өзіндік ой-пікір қалыптастырып, қорытынды жасай алуын, ізденгіштігін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыратын интерактивті оқыту әдістері «ақылға қозғау салу», «топтық жұмыс түрлері», «пікірсайыс», «брейн-ринг» т.б. өте тиімді деп санаймын. Мұндай сабақтарда оқытушыны тек ақпарат беруші және жинақтаушы тұлға деп емес, оқуға үйретуге, ізденуге, ақпарат алмасуға бейімдеуші, итермелеуші жан деп есептеу керек. Осындай сабақтарда балалар мұғаліммен бірдей белсенділік көрсетіп, оқу материалы 90%-ға дейін игеріледі екен.

Мен өз сабақтарымды бала тез қабылдай алатындай, баладан мағлұматтар жинақтайтындай жағдайда, бала ешкімнен ұялып қысылмайтындай жағдайда өткіземін, себебі біздің орталық балаларының деңгейі сіздің балалармен салыстыруға келмейді, алшақтығы жер мен көктей, сонда да МЕН біздің балалар да ел қатарлы білім алсын деген ниетпен әрқашанда ізденісті, шығармашылық дамуды, өзін-өзі тануды - МАҚСАТ деп ойлаймын

Шаймерденова Салима Каппаровна - директор орынбасары, Қызылорда қаласы, облыстық балалар оңалту орталығы




© 2010-2022