Өзін - өзі тану Ынтымақ түбі береке

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін - өзі тану Ынтымақ түбі берекеӨзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:№56.

Мерзiмі:24.12.2015жыл.

№16- сабақ.

Тақырыбы: Ынтымақ түбі береке.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: татулық, ауызбірлік, достық .

Мұғалiм:Сүншалиева Алтынкөз Ерғалиқызы

Класс:6 «А» Оқушылар саны: 33

Сабақтың мақсаты: оқушыларға ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-оқушыларға ынтымақ ұғымы туралы түсінік беру;

-оқушылардың өз-ара жағымды қарым-қатынастарын, сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету,
-оқушыларды татулыққа, ауызбірлікке, достаққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Дөңгелене отыру.Сәлемдесу.

5Т( сыныптағы тәртіп , талап , тыныштық , тазалық және татулыққа назар аудару).

2.Тыныштық сәтi. Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ….. (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.
Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма?
Табиғатта серуендегенде ол сізде қандай сезімді тудырды?

Үй тапсырмасы: 15 сабақ «Он екі миллион» түсінік айту.

Дәптердегі №5 тапсырманы орындау.

Дәйек сөз: «Игілік- басы ынтымақ, ынтымақты елде күншуақ»
Халық нақылы

2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу. «Мұғалімнің сыйы».

Әнет баба әңгімесі
Алдына сәлем бере және елді ынтымақтастыру жөнінде келген Төле биге Әнет баба садақтың алты оғын біртіндеп сындырып, екі бүктеп он екі шыбық етіп, ортасынан буып:
- Міне, енді сындырып көрші,- дейді.
Төле бірден бір бума шыбықты қайдан сындырсын. Шыбықтарды Әнет бабаға қайтарып:
- Айып етпеңіз, бұл жұмбағыңызды түсінбедім, Әнет баба,- депті. Сонда Әнет баба былай деп өсиет айтыпты.
- Төлежан, ешқашан да өзімшіл болма, көптің айтқанын тыңда. Көптің айтқанын тыңдасаң, көп те сенің айтқаныңды орындайды. Көп болсаңдар, өзара ынтымақта болсаңдар, сендердің белдеріңді де ешкім сындыра алмайды. Ал әрқайсың жеке-дара болып, ынтымақтарың жараспайтын болса, мына жеке шыбықтарды сындырған секілді әркім бірліктеріңді бұзып, берекелеріңді кетіреді - деді Әнет баба.

1.Баба өсиетінен не ұқтыңдар?
2.Баба өсиетінен қандай қорытынды шығаруға болады?

Шығармашылық және топтық іс-әрекет.
1) 1 зат есім (тақырыбы) Ынтымақ
2) 2 сын есім___________________________
3) 3 етістік_____________________________
4) 4 сөзден тұратын сөйлем_______________
5) Түйін (1 сөз) _________________________
Тапсырма:Адамдардың бірлікке келуі, бірлесіп тірлік жасауы, татулығы үшін қандай қасиеттер қажет? (татулық, достық, ауызбірлік, бірлік)
Осы сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер.
Ұғым Анықтамалары
1. татулық
2. достық
3. ауызбірлік
4. бірлік
5. ынтымақтастық А) Адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті.
Ә) Адамдардың берік бірлігі, сыйласымдылығы.
Б) Бірлікке келу, бірге тірлік жасаудың көрінісі, татулықтың белгісі.
В) Мақсаты бір топ мүшелерінің тату-тәттілік, ынтымақтастық, ұйымшылдық көрсете білуі.
Г) Ынтымақтасып біріккен бір ауыздылық, іштей байланысты табиғи біртұтастық,
Жауаптары: 1- ә); 2-а); 3-в); 4-б); 5-г).

Топпен ән айту.

Бейбітшілік сақталады.

Әні: Ә.Еспаев
Сөзі:Н.Шәкенов

Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік - ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар,
Бейбіт елдің біз ұланы.

Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!

Қорғау үшін өмір көркін -
Бүгіннен де ертең нұрлы.
Болдырмаймыз соғыс өртін,
Достар берік сапқа тұрды.

Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!

Ел ұраны мәңгі анық,
Әр жүректе жатталады.
Қолға алса барлық халық,
Бейбітшілік сақталады.

Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!

Үйге тапсырма: 16 сабақ «Ынтымақ түбі - береке» тақырыбына эссе жазу

Соңғы қортындылау сәтi:

Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Ресурстар:

оқулық,дәптер, аудио.



Сабақ барысын талдау.

















© 2010-2022