Технологическая карта организованной учебной деятельности

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

«Ақ бота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК

Тәрбиеші:Рамазанова Айжан Жасұланқызы

Білім саласы: Таным
Бөлім: Матеметика
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Математика әлеміне саяхат
Мақсаты:
- Балаларға 1 - 5 дейінгі сандар туралы білімін бекіту,геометриялық пішіндер
- Ойлау қабілетін дамыту, заттардың санын салыстыра отырып, білімін бекіту
- Геометриялық пішіндер туралы ұғымын бекіту
- Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту
Қажетті заттар: сандар,геометриялық пішіндер, қағаз пішіндер, т.б.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ой - қозғау, сұрақ - жауап.

Мотивациялық қозғаушы:

Балалар, бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр.Алдымен біз қонақтар мен амандасып алайық. амандасайық!
Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық

Жүрекке жылу салайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық

-Сәлеметсіздерме, қонақтар?

-Балалар, көңіл күйіміз қалай?

-Ендеше,осы жақсы көңіл күйімізбен іс-әрекетемізді бастайық.

Әр балаға доп беріп сұрақ қою?

-Неше жыл мезгілі бар?

Балалар: Төрт жыл мезгілі бар

- Қыс айларын атаңдар?

Балалар: Желтоқсан,қаңтар,ақпан

-Қазір қай ай?

Балалар: Қаңтар айы

-Бір аптада неше күн бар?

Балалар: Бір аптада жеті күн бар.

- Бүгін қай күн?

Балалар: Бүгін жұма.

-Топтың бөлмесі қандай?

Балалар: Топтың бөлмесі кең.

-Терезелері қандай?

Балалар: Терезелері үлкен.

-Балабақшаның дәлізі қандай?

Балалар: Кең, ұзын, әдемі

Ұйымдастыру.Ізденушілік

-Балалар сандар мен геометриялық пішіндер математика әлемінен келген,сол әлемге барғыларың келе ме?

Балалар: -Иә барғымыз келеді.

Олай болса көздеріңді жұмыңдар.

Балалар көздерін жұмады.

Көзімізді ашамыз.

Математика әлеміне келу.

-Балалар қараңдар, мұнда бізге арналған түрлі-түсті ұяшықтар жасырулы тұр екен.Осы ұяшықтарды ашып,ондағы тапсырмаларды орындайық.

Қай ұяшықты ашамыз.

Бірінші ұяшық тапсырмасы /Отбасы/

Ата өзімен бірге бір санын 1 санын ала келіпті.

Бір санына сөйлем құрау

Балалар: Менің бір анам бар,күннің көзі біреу,менде бір бас бар.

Әже өзімен бірге бір санын 2 санын ала келіпті.

Екі санына сөйлем құрау

Балалар: Менде екі қол бар,құста екі қанат бар.

Әке өзімен бірге бір санын 3 санын ала келіпті.

Үш санына сөйлем құрау

Балалар: үш аю ертегісі,бағдаршамның үш көзі бар.

Ана өзімен бірге бір санын 4 санын ала келіпті.

Төрт санына сөйлем құрау

Балалар: Үстелдің төрт аяғы бар,жылдың төрт мезгілі бар.

Бала өзімен бірге бір санын 5 санын ала келіпті.

Бес санына сөйлем құрау

Балалар: Бес саусақ,жұлдыздың бес бұрышы бар.

Екінші ұяшық тапсырмасы.

1 2 3 4 5

-Ал енді осы сандарды тура және кері санау.

Үшінші ұяшық тапсырмасы.

САНДАРДЫҢ КӨРШІСІН ТАП
? 2?
? 3 ?
? 1 ?

Төртінші ұяшық тапсырмасы

«Қандай сан қалып қойды?» ойыны.
О,1, 3, 4, 5,

Сергіту сәті

Балалар шаршадыңдар ма? Олай болса демалайық.

1,2,3

Құсқа қарап ұш,

Құс қанатын жайды,

Үйрек мойнын созды,

Аққу көлге қонды.

4,5,6,7

Құстар көлге жетті.

Бесінші ұяшық тапсырмасы.

-Балалар қандай пішіндер?

Балалар: Геометриялық пішіндер

Ал осы пішіндер қандай заттарға ұқсайды?

Үшбұрыш неге ұқсайды?
Балалар: Үйдің шатырына, шыршаға;,шаршы.
Дөңгелек - неге ұқсайды?

Балалар: Допқа, алмаға, күнге.
Төртбұрыш - неге ұқсайды?

Балалар: Есік, терезе, тақта т. б.
Сопақша - неге ұқсайды?

Балалар: жұмыртқаға, қауынға, шарға, қиярға т. б. ұқсайды.

Алтыншы ұяшық тапсырмасы

Есеп-жұмбақ

1. 5 алманың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады

Балалар жауабы: 2 алма қалады.

2.Екі қоянда қанша құлақ

Балалар жауабы: 4 құлақ бар.

3.Сөреде 4 кітап тұрды

Оған әкеп бір кітап қостық,

Сонда барлығы қанша кітап болды

Балалар жауабы: 5 кітап болды.

Жетінші ұяшық тапсырмасы

Үстелде жұмыс жасау.

Сиқырлы пішіндер

Алдарындағы сиқырлы пішіндерден

заттар құрастыру.
Балалар алдарындағы пішіндерден заттар құрастырады.

Рефлексифті коррекциялаушы

-Жақсы,балалар сендер өте білімді,ақылды көп нәрсе біледі екенсіңдер.Барлық тапсырмаларды орындадыңдар.

Көздерін жұмып балабақшаға оралады.

Сабақты қорытындылау.

Балаларды мадақтау.

Ашық аспан тілейміз!

Күніміз жарық болсын!

Деніміз сау болсын!

Әрқашан күн сөнбесін! - деседі.







© 2010-2022