Сабақ жоспары: Капроннан гүл жасау

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: «Капроннан гүл жасау»

Мақсаты:Инновациялық іс-әрекет арқылы жеке тұлға дамыту, танымдылығын, белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:«Шебер -класс»

Материалдық- техникалық құрал:

Гүлдер түрлері,сым темір, капрон түрлері, капрон жіп, жапырақтар, гүл сабақтары,дәнегі, қайшы, желімді таспа ж.т. б.

Пәнаралық байланыс: биология, тарих, математика, бейнелеу, экономика.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. оқушыларды түгендеу

арнаулы киімдерін кию

құралдарын тексеру

II.Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.

III.Жаңа материалды түсіндіру:

Күнбағыс гүлін орындау үшін бізге келесі бөлшектер керек.

-гүлдің сабағыСабақ жоспары: Капроннан гүл жасау

-сары капрондар

-сым темірлер

-капрон жіп

-жапырақтар

-желімді таспа

-қайшы

-дәнегі

-сым орағанға қалып

Таңдалған қалыпты алып сыммен 10-12 дана, бір келкі күлтелер дайындаймыз. Күлтелерді капрондармен қаптап, жіппен орап бекітеміз. Дайын күлтелерді сабағымен біріктіріп, желімді таспамен өңдейміз. Дәнегін қосамыз, бекітеміз. Жапырақтарды сабағына кигізіп, бекіту.Гүлді жөндеп қалпына келтіру.

IV Өзіндік жұмыс

1.Оқушыларға жұмыс құралдарын тарату.

2.Күнбағыс орындауға нұсқау беру.

Жұмыстың жасалу барысы

  • Сымтемірді дөңгелетіп алу.

  • Капронды кигізу арқылы тартып, пішінге келтіру.

  • Жіппен тартып байлау.

  • Гүлдің өңделмеген жағын жоғары қаратып, сабағымен қатты тартып бекіту.

  • Гүлдің ортасын орындаймыз. Ол өңделмеген сым темірлермен соны жауып, капронмен қаптаймыз.

  • Гүлді қайырып, гүлдің формасына келтіру.

  • Дайын гүл.

3.Т.Қ ережелерін ұстану.

4.Өзін-өзі бақылау.

5. Жұмысты аяқтап, жұмыс орынын жинастыру

V.Күнбағыс гүлін көрмеге өткізу.


© 2010-2022