Ана - тіршіліктің тірегі сайыс сабағы 5 сынып

Раздел Дополнительное образование
Класс 5 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен



Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ана тіршіліктің -тірегі»

Сыныбы: 5 «Б»




2015-2016 оқу жылы

«Ана тіршіліктің-тірегі»

Тақырыбы: «Ана тіршіліктің -тірегі»

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды. 5 «б»сынып оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. - дей келе бүгінгі қыздарымызға тәрбиелік мәні бар сайыс сабағымызды бастаймыз.
Қатысушылар:

1.Жақсылық Алтынай 2.Таңатар Мейрім 3.Талғатқызы Айсұлу 4.Қабақбай Айдана 5. Мырзағали асылзат 6. Алмабай Анель

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру 2. Өз өнерлерін көрсету 3. Сұрақ- жауап 4.өздері жасаған бұйымдарын көрсету

5.Аспаздық өнері

Бағалау (Қол шапалақтау арқылы бағалау)

Олай болса сайсымызды бастаймыз

1.Таныстыру

1.Жақсылық Алтынай 2.Таңатар Мейрім 3.Талғатқызы Айсұлу 4.Қабақбай Айдана 5. Мырзағали асылзат 6. Алмабай Анель

1. Ән.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Сағымбек Талшын мен Касенова Жанель орындауында ән «Асыл ана»

2.Өз өнерлерін көрсету

1. 1.Жақсылық Алтынай Ана туралы жыр ән 2.Таңатар Мейрім Ана туралы ән 3.Талғатқызы Айсұлу Би 4.Қабақбай Айдана Би 5. Мырзағали Асылзат Ана туралы ән 6. Алмабай Анель Ана туралы тақпақ

2.Тақпақтар

(Ұлдар аналарына арналған тақпақтарайтады)
Жүргізуші: Ана деген - бастауы ұлылықтың
Ана деген - рәмізі сұлулықтың
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
Асқақтатар биікке ұрпақ атын
Олай болса Мерейді қарсы алайық.
Дауысына сүйсініп тамсанайық
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
Ән: Орындайтын: Нұрғали Мерей
3.Сұрақ-жауап

( ортаға келіп сұрақ жазылған қағаздар аламыз)

Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар.

5 «б» сыныбының КВН командасы. (Ұлдар)

4.Өздері жасаған бұйымдарын көрсету

Жүргізуші:

Ән Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары, - ән шырқалар бақытымен, бағымен Сағымбек Талшынның орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Биімен көрерменді тәнті ететін
Арулар келді міне толқып, тасып -

5.Аспаздық өнері

(ортаға қыздардың жасаған тағамдарын әкелеміз)
Жүргізуші: Бұралып Айсұлу біздің билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам -«Шығыс» биі ортада талғатқызы Айсұлу

Жүргізуші: Қыздарымызды марапаттаймыз.
Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің «Ана - тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.


© 2010-2022