Тренинг: «Зейін, ес, қиял – өзгеше бір әлем»

Раздел Дополнительное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тренинг

Тақырыбы: «Зейін, ес, қиял - өзгеше бір әлем»


Бала ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен бірге зейін, қиял, есте сақтау, ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.


Мақсаты: а) Білімділік: Балаларды ұжымдық шараларға қатысуға,

педагогтың ұсынысы мен талабын тындай,

түсіне білуге және оны орындауға үйрету.

ә) Түзете - дамытушылық: Балалардың зейінін, есте сақтау

қабілетін, тілін, қиялын дамыту.

Сөздік қорын, ұсақ қол қимылдарын дамыту .

б) Тәрбиелік: Балаларды ойындарға белсенді араласуға тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта

Көрнекіліктер: ағаш, қапшықтар, суреттер, ойыншықтар, слайд

Әдіс - тәсілдер: Қызығушылықты ояту, ой қозғау, сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру.

Тренинг ережесін қабылдау:

  1. Жұмыс барысында тыныштықты сақтаймыз.

  2. Жұмыс аяқталған соң орын жинастырамыз.

  3. Достық қарым-қатынасты сақтап бір-бірімізге көмектесу.

Тренинг 6 бөлімнен тұрады:

  1. тапсырма - «Айна»

2- тапсырма - «Екі суреттердің бір-бірінен айырмашылығын тап?»

3 - тапсырма - «Бірдей бас киімдер мен қолғаптарды сызықпен қос»

4 - тапсырма - Қимылды ойыны: «Ойыншықты тап»

5 - тапсырма - «Ғажайып жануарлар» (Суретші нені шатастырды)

6 - тапсырма - «Еске түсіреміз және қайталаймыз»

Тренинг барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызады.

Кел, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

- Балалар, бүгінгі тренинг-сабақ - ертегідей болады.

Құстардың дауысы жазылған үнтаспаны тыңдайды.

  • Бұл ненің дауысы?

  • Құстардың дауысы.

ІІ. Психологиялық сәт

Жылулық шеңбері:

  • Балалар, сиқырлы таяқшаның көмегімен сендерді құстарға айналдырамын.

Құстар қанат қағады,

Құстар қанат жаяды.

Аспанда қалықтап,

Құстар ұшып-қонады.

  • Балалар не көріп тұрсыңдар?

  • Қандай әдемі ағаш! Бұл - ғажайып ағаш.

  • Ғажайып ағашта - сиқырлы қапшықтар өседі. Сиқырлы қапшықтарда - тапсырмалар бар. Әр орындалған тапсырмаға, сендерге сыйлық береді - әдемі кубик.

Тренинг-сабақ барысында көңілді музыка әуені үнтаспадан қойылады.

ІІІ.

1-ші қапшықта - айна.

1 - тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Айна»

Мақсаты: балалардың қиялын дамыту.

Шарты: Балалар, бет әлпеті қандай екенін аңықтайды және оның бет әлпетін атайды.

  • Сендер айна боласыңдар, ал мен оған қараймын. Менің көңіл-күйім қандай ? (жайдары, ашуланшақ, қуанышты, ренжулы)

  • Сендердің көңіл-күйлерін қандай?

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік.

Жарайсыңдар, балалар! Ойынымызды әрмен қарай жалғастырайық.

2-ші қапшықта - екі дөңгелек

2 - тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Екі суреттердің бір-бірінен айырмашылығын тап?»

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту.

Шарты: Жұп суреттерге қарап барлық айырмашылықтарды табу.

Жарайсыңдар, балалар. Өзімізді қошеметтеп қояйық.

3-ші қапшықта - суреттер

3 - тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Бірдей суреттерді тап »

Мақсаты: Балалардың зейінін шоғырландыру.

Шарты: Балалар суретке қарап бірдей суреттерді табу сызықпен қосу.

4-ші қапшықта - сәбіз, банан

4 - тапсырма: Қимылды ойыны: «Ойыншықты тап»

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту.

Шарты:

  • Сиқырлы қапшықта не бар екен? Мынау не?

  • Сәбіз

  • Қандай жабайы аң, сәбіз жегінді ұнатады, оның ұзын құлағы, төрт аяғы бар?

  • Бұл - Қоян. Қане, кім қоянды табады?

  • Мынау не?

  • Банан

  • Қандай жануар, бананды жақсы көреді, олар өте ақылды, ағаштан ағашқа секіреді?

  • Бұл - маймыл. Кім маймылды табады?

5-ші қапшықта - бояу, қылқалам

5 - тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Ғажайып жануарлар»

(Суретші нені шатастырған?)

Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту.

Шарты: Балалар суретке қарап суретші нені шатастырғанын айту керек және көрсету. Ненің басы? Ненің құйрығы? Ненің аяғы? Ненің мойыны? Ненің денесі? ( Лақ, тауық, үйрек, мысық, күшік, көбелек, бақа)

Келесі тапсырмаға көшейік

6-ші қапшықта - кубик

6 - тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Еске түсіреміз және қайталаймыз»

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту

Шарты: Балалар сыйлыққа алған кубиктермен сурет құрастыру - торғайдың суретін. «Торғай» деген тақпақты еске түсіру, қимылдармен көрсету.

Ү. Қорытынды

  • Осы ойындар арқылы ерікті зейінін, есте сақтау, қиял, көру және ойлау қабілеттеріміз дамиды.

ҮІ. Қоштасу шеңбері: «Алақандарымызды шапалақтаймыз»

Жақсы көңіл күймен қоштасу үшін «алақандарымен шапалақтаймыз»

«Менің балаларым қандай ақылды, әдемі, мейірімді әрі көңілді!»





© 2010-2022