Қоршаған ортамен таныстыру «Жемістер»

Раздел Дополнительное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қоршаған ортамен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: «Жемістер»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Балалардың жемістер туралы, оның бақта өсетіні туралы түсінігін кеңейту.Олардың аталуы, құрамындағы кездесетін дәрумендері, оның адам денсаулығына маңызы жөніндегі білімдерін тереңдету.

  2. Түзете - дамытушылығы: Балалардың тілін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.

  3. Тәрбиелігі: Балаларға табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру

Көрнекіліктер: суреттер, муляж, слайд

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау

2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

- Сәлеметсің бе! Қане,екеуміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз

ІІІ. Жаңа сабақ

- Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

Не?- деп ойлайсыңдар? (Жеміс)

-Күз мезгілінде нелер піседі?

-Алма, алмұрт, жүзім, қара өрік т.б.

-Жарайсың!

Өрік, алма, шие, алма

Жидек жүзім піседі

Бұл қай кезде болады? (күз)

Алма, алмұрт, шие, жүзім, өрік - жемістер.

Жемістер бақтарда өседі.

- Суретте бейнеленген жемістерді ата.

Қоршаған ортамен таныстыру «Жемістер»Қоршаған ортамен таныстыру «Жемістер»Қоршаған ортамен таныстыру «Жемістер»Қоршаған ортамен таныстыру «Жемістер»


  • Алманың түсі қандай?

  • - Пішіні қандай?

  • -Алма қайда өседі?

  • -Ағашта

  • - Жарайсың!

- Жүзім - бұл жеміс.

-Құрма - бұл да - жеміс. Ол дөңгелек пішінді, құрма өте пайдалы. Дәмі тәтті.

Қимылды ойын: «Жемістер»

Мақсаты: Балалар жемістердің аттарын атап, оларды сипаттауға үйрету.

Шарты:

- Мен баққа бардым алма көп екен. Алмұрт жоқ екен. (қасындағы балаға қарайды)

- Мен баққа бардым алмұрт көп екен, шие жоқ екен.

Жаттау:

Мен шиемін, шиемін (бастарын қорғайды)

Күннің көзін сүйемін (киеді)

Қышқыл шырын менде бар (қолдарын жаяды)

Төмен басты иемін (басын иеді)

ІҮ. Сергіту сәті:

Ал, балалар тұрыңдар!

Өнімдерді жинаңдар.

Мыны қатар - жемістер,

Мына қатар - көкөніс.

Түгел жинап алыңдар

Мол өнімді алтын күз.

Ү. Бекіту:

1. Дидактикалық ойыны: «Не жоғалды?»

Тақтаға бірнеше жемістер суреті ілінеді.

Тақтаға қарайық не көріп тұрсың? Жемістер.


  1. Дидактикалық ойын: «Заттың атын ата»

Шарты: Қоржынға салынған жемістерді қолдарына алып,дәмінің қатты, дәмді, тәтті, ащы - қышқыл зат екенін ажыратып атау және пішіндерін, түстерін ажыратып айту.

Мысалы: алма - тәтті, пішіні - домалақ, түсі - қызыл, жасыл т.б.

ҮІ. Қорытынды

Жемістер - алма, жүзім, өрік, шабдалы, анар, құрма т.б.

Жемістер бақта өседі.

ҮІІ. Бағалау Балаларды жеке - жеке мадақтау



© 2010-2022