Өзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасы

Раздел Дополнительное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасыӨзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасыӨзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасыӨзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасыӨзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасыӨзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасыӨзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасыӨзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасыӨзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№56.

Мерзiмі:19.12.2015жыл.

№15- сабақ.

Тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: адамгершілік,қамқорлық,жауапкершілік,адалдық,имандылық.

Мұғалiм:Сүншалиева Алтынкөз Ерғалиқызы

Класс:7 «Б» «В» Оқушылар саны: 30

Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметттік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұлғасынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап , өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері:

- азаматтық тұлға , азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру;
- азаматтық ұстанымдары мен көзқаратарын қалыптастыру;
- оқушыларды алдарына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы ортаға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Дөңгелене отыру.Сәлемдесу.

5Т( сыныптағы тәртіп , талап , тыныштық , тазалық және татулыққа назар аудару).

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасы: 14 сабақ «Аялай біл сен деп соққан жүректі» тақырыбына шығарма жазу.

Дәптермен жұмыс. «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер? » ойтолғау жазып келу.

Дәйек сөз: «Ел мен үшін не істей алады деп сұрама, ел үшін өзім не істей алам деп сұра»
Дж.Кеннеди

2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу. «Мұғалімнің сыйы».

Екі дос
Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды.Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады.Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.Алып барған соң ол жаудың қолбасына:
-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға келдім.Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ.Бір-ақ нәрсе беремін. Ол-өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.
Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:
-Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын.Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы.
-Ол да болсын,көзімді ал да,досымды босат,-дейді жігіт.Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған жағдайда болмаса,бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар",-деп түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

-Екінші достың орнында болсаң не істер едің?

-Қолбасшы неге әскерлерін шегінуге бұйрық берді?

-«Азамат »дегенді қалай түсінесің?

-Адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

-Сенің ойынша азамат болу үшін өмірде қандай құндылықтар мен қағидаларды,ұстанымдарды басшылыққа алу керек?

Шығармашылық және топтық іс-әрекет.

Сөздер мен олардың анықтамаларын салыстырып, әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын беріңдер:

Ұғымы

Анықтамалары

1 Азаматтық

А) Ақылдылық, ойлылық. Адамға ғана тән қасиет.

2 Азамат

Ә) Адамдарға деген ізгі ниет, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық.

3 Адамгершілік

Б) Адамның тұлғалық жақсы қасиеттерін танытатын ұғым

4 Кісілік

В) Адамгершілігі бар парасатты адам.

5 Саналық

Г) Ел үшін кісілік көрсетіп, борыш, міндет, парызын адал орындауы.

Жауаптары: 1-г, 2-в, 3-ә, 4-б, 5-а;

Топпен ән айту.

«Өз елім»

Сөзі: Қ.Мырза Әли

Әні :Н.Тілендиев

Келгенде көктемі

Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі

Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің -

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүрегім.

Төрім деп менің

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің!

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің!

2.Ақ күмбез астығы

Асқар боп өрілген.

Жалынды жастығы

Жүлдені бермеген.

Өз елім менің -

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүрегім.

Төрім деп менің

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Үйге тапсырма: № 15 сабақ М.Мақатаев «Төрт ана» жаттау. Оқушы дәптеріндегі 2 тапсырманы орындап келу

Соңғы қортындылау сәтi:

Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Ресурстар:

оқулық,дәптер, аудио.

Сабақ барысын талдау.

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№56.

Мерзiмі:18.12.2015жыл.

№15- сабақ.

Тақырыбы: Сөз іспен көрікті.

Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттері: махаббат,сөзге беріктік,әдептілік.

Мұғалiм:Сүншалиева Алтынкөз Ерғалиқызы

Класс:5 «Б» «В» Оқушылар саны: 30

Сабақтың мақсаты: оқушылардың айтқан уәдесінде тұра білуі және адамның жан дүниесі мен сыртқы тұлғасының тұтастығы, ойы мен сөзінің бірлігі туралы түсініктерін дамыту

Міндеттері:

- «Сөз іспен көрікті» деген сөзінің мағынасын ашу;
- Өз сөзімен әрекеттеріне мінез - құлқына баға беру;
- Өз-өзін тәрбиелеуге мүмкіндік жасау.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Дөңгелене отыру.Сәлемдесу.

5Т( сыныптағы тәртіп , талап , тыныштық , тазалық және татулыққа назар аудару).

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Үй тапсырмасы: 14 сабақ 47 бет түсінік айту.Мақал - мәтелдердің мағынасын ашып келу.

Дәптермен жұмыс. «Сөз және мағына» шығарма жазу.

Дәйек сөз: «Сөзі тұрақсыз кісінің жүзі төмен»
Ахмет Йүгінеки

2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу. «Мұғалімнің сыйы».

Тікен

Ертеректе бір елде жазаның мынандай жан түршігерлік түрі болыпты. Кінәлі адамдарды аш арыстанға жегізетін көрінеді. Халық жиналып тамашалайды екен.
Кезекті кінәлі мырзасынан қашып кеткен бір құл еді. Биік қабырғалармен қоршаған алаңның ортасына кінәлі құлды байлап қойып, он күннен бері аш жатқан арыстанды жібереді. Байғұс құлға қарай бар екпінімен жүгіріп келе жатқан арыстан бірден тоқтап қалып, кінәлі құлдың қолын жалай бастайды. Жиналғандар тегіс таң қалысыпты.
Құлдан бұл керемет көріністің себебін сұрағанда, құл былай депті:
-Мен орманда осы арыстанға кез болған едім. Аяғына кіріп кеткен тікеннен ыңырсып тұр екен. Тікенді алып астап, екеуіміз дос болдық,-депті.
Оқиғаны тыңдаған халық таңдай қағысып:
-Құлды босатыңдар! - дейді. Кінәлі құл мен арыстанды босатып жібереді. Арыстанның құлдың соңынан үйреншікті мысық секілді ілесіп бара жатқанын көрген жұрт қайран қалады.

-Құлды не үшін босатты?

-Арыстан не үшін көмектесті?

-«Сөз бен істің бірлігі» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Шығармашылық және топтық іс-әрекет.

Бір - бірімізді мадақтайық.Әріп таңдау.

Әріпке сай сөз ойлап табу.

А- ақылды

Ә - әдемі

Б - берекелі

Өзін өзі тану сабақ жоспар Адамның азаматтық тұлғасы

Топпен ән айту.

«Өз елім»

Сөзі: Қ.Мырза Әли

Әні :Н.Тілендиев

Келгенде көктемі

Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі

Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің -

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүрегім.

Төрім деп менің

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің!

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің!

2.Ақ күмбез астығы

Асқар боп өрілген.

Жалынды жастығы

Жүлдені бермеген.

Өз елім менің -

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүрегім.

Төрім деп менің

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

Қайырмасы:

Үйге тапсырма: № 15 сабақ М.Мақатаев «Төрт ана» жаттау. Оқушы дәптеріндегі 2 тапсырманы орындап келу

Соңғы қортындылау сәтi:

Баяу әуен қойылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

Ресурстар:

оқулық,дәптер, аудио.

Сабақ барысын талдау.

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп:№56.

Мерзiмі:24.12.2015жыл.

№16- сабақ.

Тақырыбы: Адамның азаматтық тұлғасы.

Құндылық: Дұрыс әрекет.

Қасиеттері: адамгершілік,қамқорлық,жауапкершілік,адалдық,имандылық.

Мұғалiм:Сүншалиева Алтынкөз Ерғалиқызы

Класс:7 «А» Оқушылар саны: 26

Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның қоғам алдындағы әлеуметттік және азаматтық жауапкершілігін сыни көзқарас тұлғасынан сезінуге үйрету.Мемлекеттік тілге құрметпен қарап , өз елін мақтан ету сезімдерін тәрбиелеу.

Міндеттері:

- азаматтық тұлға , азаматтық ұстаным ұғымдары туралы түсінік беру;
- азаматтық ұстанымдары мен көзқаратарын қалыптастыру;
- оқушыларды алдарына саналы мақсат қойып,қоршаған ортамен саналы ортаға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастырукезеңi: Дөңгелене отыру.Сәлемдесу.

5Т( сыныптағы тәртіп , талап , тыныштық , тазалық және татулыққа назар аудару).

2.Тыныштық сәтi. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Үй тапсырмасы: № 15 сабақ М.Мақатаев «Төрт ана» жаттау. Оқушы дәптеріндегі 2 тапсырманы орындап келу.

Дәйек сөз: Үлкен болып қалу үшін ғаламада,

Үлкен арман керек екен адамға.
М.Шаханов

2-рет ер балаларға , 2- рет қыз балаларға айтқызу және бәріміз бірге қайталау.Дәптерге жазу.

Әңгімелеу. «Мұғалімнің сыйы»

ШЫҒЫС ҰЛЫНА ХАТ
Шығыс ұлы!
Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай» біздің ісіміз бітпейтін нағыз қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы!
Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан-ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.
Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр.
Менің көз алдыма: «Қарағым, ұлым, тағдырым сенің қолыңда» деп тұрған ізгі анна - қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бұл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады. «Ұланым, туған еліңді сақтап қал!» дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш қуатты тасытады.
- Сақтаймыз, анна, өміріңді сақтаймыз, - дегің келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың.
Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен бел жатыр. Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының ғасырлар бойы «Елім-ай» деп сары даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі күні жаңа күймен ұрыс алдында біз шырқасақ, оның айып-шамы жоқ. «Елім-ай» - елін сүйген қыз жүрегінен шыққан ән. Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда «Елім-ай» десе, ол - ант! Ол - серт! Ұрыс алдында жауынгердің жүрегіне төтенше махаббат құймақ. Шығыс ұлы, кел шырқатып «Елім-айды» салайық. Қайғымен емес, жауға бермейміз елімізді деп, жігерленіп салайық; қасіретпен емес, ел үшін, жер үшін өлімге қарсы жүреміз деп серт беріп, «Елім-айға» салайық.

1. Азаматтық парыз қандай сезімдермен, қасиеттермен шектесіп жатады деп ойлайсың?
2. Осы хаттан өзіңе қандай тәлім алар едің?

3. Қазіргі кезде Отаныңа, отбасыңа қандай жақсы істер жасай аласың?

Шығармашылық және топтық іс-әрекет.

Тапсырмада Б. Момышұлының парыз туралы бір топ ойы берілген. Осыны пайдалана отырып, түйіндеме жазу тапсырылады.

● Ел үшін аянба - ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба - жігіттеріңе сын.
● Отан үшін отқа түскін - күймейсің.
● Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық.
● Міне өмір бойы парыз сеніміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.
● Парыздан күшті күш жоқ.
● Парыздан қатал сот жоқ.
● Парыздан қорқынышты жаза жоқ.
● Парыздан жарқын жарық жоқ.
● Парыздан кіршіксіз тазалық жоқ.
● Парыз - жан рухы, жүректің жүрегі.
● Парыз - арман мен даңқ асқары.
● Парыз - адал берілгендік тамыры.
● Парыз - ержүректің рухы.
● Парыз - қаһармандық жүрегі.
● Парыз - ұлттың іргетасы.
● Парыз - намыс күзетшісі.

Топпен ән айту.

Анамның тілі - аяулы үні.

Сөзі : Ш.Смаханұлы

Әні: Ә.Тінәлиев

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: жаным,
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.
Қайырмасы:
Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.
Қайырмасы:

Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан.

Үйге тапсырма: 16 сабақ «Менің азаматтық ұстанымым» тақырыбында эссе жазу.

© 2010-2022