Мақала: Менің сыныбым (6 сынып)

Раздел Дополнительное образование
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Менің сыныбым

Ауыл мектебінің мәселесі-қазақтың елдігінің мәселесі. Бұл-ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты мәселе екендігі әлемдік даму үрдістерінен хабардар көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарға аян нәрсе. Ауыл мектебі ұлттық мектеп. Қаймағы бұзылмаған ауылдың әр баласы өз халқының тәлім тәрбиесін, дүние танымын, ана тілін жастайынан естіп, үйреніп, мектепте жан-жақты дамытылуы тиіс. А.Байтұрсынов: «...білімдар тәлімсіздік-ең үлкен жауыздық. Тәрбиелі білімдар... . Міне, адам! Міне, тұлға!» - деп білімнен бұрын тәрбиеге көңіл бөлуді айтады. Осыны негізге ала отырып өзімнің тәрбие саласында атқарып жатқан істерім және өзім жетекшілік етіп жүрген 6 сынып туралы айтпақпын.

Біздің мектеп - шағын жинақталған ауыл мектебі. Менің сыныбымда 7 оқушы ғана бар. Әр дүйсенбі сайын сынып сағаты өтеді. Сынып сағатын қызықты да әсерлі өткізуге тырысамын. Оқушылар сынып сағатын асыға күтеді. Әр сынып сағаты 4 сатыдан тұрады.

1.Шақыру, балаларды осы тақырыпты меңгеруге белсендіру.

2. Ұғыну бағыты

3. Ойлану

а/ ситуациялық жағдайларды шешу

ә/ тақырыпқа байланысты әр түрлі суреттерді салу.

б/ тірек сигнал картасын пайдалану.

4. Игеру, бұл бағыт бір - біріне сұрақтар қою арқылы жүргізіледі.

Осындай жоспармен құрылған сынып сағаты баланы ізденіс жасауға, шығармашылық қабілетін дамытуға талпындырады.

2015-2016 оқу жылын біздің сынып ерекше жетістікпен бастадық. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік сынып» номинациясын жеңіп алғанбыз. Оқу жылының бірінші аптасынан бастап-ақ «Үздік сынып» аталып келеді. Сыныбым білім сапасы жағынан да, тәрбие жағынан да мектепте жоғары көрсеткішке ие. Сыныпта 2 оқу озаты, 3 оқу екпіндісі бар. Оқу озаттары Дирман Еркежан және Марат Нұрай. Оқу екпінділері Қанатбекова Забира, Нұрғизат Айсұлу, Тұрсынова Аида. Сыныбымның оқушылары барлығы да өнерпаз. Дирман Еркежан мектепішілік және аудандық «Биші балапан» байқауының жеңімпазы. Каблакатов Нұрлыбектің әншілік өнеріне ауыл ғана емес, аудан халқы да тәнті. Жақында ғана аудандық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының «Әнші-бұлбұл» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып келді. Марат Нұрайдың салған суреттері мектепішілік байқау сайын жүлделі орындар иеленеді. Қанатбекова Забира өзінің ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді. Сыныптағы іс-шаралар Забира мен Еркежанның ұйымдастыруларымен өтеді. Тұрсынова Аиданың бойына да барлық өнер дарыған. Ал, Нұрбикенова Амина өлең жазады. Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған кеште «Мұқағалиға» деп аталатын арнауын оқыды. Осындай өнерлі, шығармашыл оқушылармен жұмыс істеу мен үшін бір бақыт.

Биылғы оқу жылында мектепте 5-10 сыныптар арасында өткен «Күз кереметтері» атты сайыста 6 сынып оқушылары Бас жүлдені жеңіп алды. Дирман Еркежан оқушылар арасында өнерімен және өзінің білімділігімен ерекшеленіп «Күз ханшайымы» атанды.

Мақала:Менің сыныбым (6 сынып)

«Күз ханшайымы-2016»- 6 сынып оқушысы Дирман Еркежан Әміреқызы

Мектепте 6 сынып оқушыларының қатысуымен музыка пәнінің мұғалімі Нұрсұлтанова Құралайдың жетекшілігімен домбыра оркестрі құрылды. Оркестр өз өнерлерін мектеп сахнасында көрсетіп жүр.Мақала:Менің сыныбым (6 сынып)

6 сынып оқушыларынан құрылған домбыра оркестрі

Сыныбымызда өткен іс шаралардан көріністер:

Мақала:Менің сыныбым (6 сынып)

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сынып сағаты

Мақала:Менің сыныбым (6 сынып)

«Менің елім, күндей нұрлы Қазақстан» атты сынып сағаты

Болашақ ғалым, ақын, атақты суретші, өнер жұлдыздары осы ауыл балаларынан шығады. Мектеп партасындағы ауыл баласын тәрбиелеу арқылы ертеңгі елжанды азаматтарды қалыптастыруда осындай жұмыстар жүргізіп жатырмын.

Бүгінгі өмір талабын орындау үшін нарықтық экономиканың қатал заңдарына төтеп бере алатын, оңы мен солын танитын, терең білімді, саналы, жоғары мәдениетті, патриоттық сезімі жоғары жастарды тәрбиелеу-ауыл ұстазының басты міндеті.

Жетмекова Айтжамал Молдабайқызы

«Арқарлы орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы

Алакөл ауданы

© 2010-2022