Будақденелер (Ашық сабақ 7 - сынып)

Сабақтың мақсаты:Білімділік:Ондық бөлшекті натурал санға көбейту бойынша оқушылардың білімдерін бекіту және тиянақтау, жүйелеу.Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.Тәрбиелік:Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылық, іскерлік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілер класының жалпы сипаттамасы. Құрылыс ерекшеліктері. Көптүрлілігі.

XIV. тарау: « Бунақденелілер класы».

ПӘН: биология

МЕКТЕП: Жарқын орта мектебі.

КҮНІ: 13.01.2015 2 сабақ-45 минут

Мұғалім: Карипбаева Л.Т.

СЫНЫП: 7

ОҚУШЫ САНЫ: 8

КЕЛМЕГЕНДЕР

Сабақ мақсаты

Оқушыларға бунақденелілердің сан алуандылығын олардың тіршілік ету ортасы және дамуы туралы түсінік алады.

.

.


Тілдік мақсаттар

Глоссарий

Толық түрленіп даму, шала түрленіп даму.

Алдыңғы тақырып

Кенелер туралы жалпы сипаттама.

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Сабақтың басы

2 мин

І. Тренинг: « Жылулық сезімі»

(оқушылар бір-біріне ыстық тілектерін жолдайды.)

Ынтымақтастық атмосферасын орнату арқылы

сабақтың мақсаты таныстырылады.

Ресурстар



3 минут

30 минут











































5 минут





5 минут





















































































































































ІІ. Ұйымдастыру кезеңі

1.Глоссариймен жұмыс

Шала және толық түрленіп даму.

2.Қызығушылықты ояту.

Бунақденелілер туралы слайд көру.

ІІ.Мағынаны ажырату.

Шала түрленіп дамитындар (hemіmetamorphosіs) - төменгі сатыдағы қанатсыз жәндіктерге және жоғарғы сатыдағы жәндіктердің бірқатар отрядтарына тән даму жолы. Бұларға: біркүндіктер, инеліктер, тарақандар, дәуіттер, термиттер, таяқшатәрізділер, теріқанаттылар, биттер, жартылай қатты қанаттылар, т.б. жатады. Шала түрленіп дамитындардың онтогенезі 3 сатыдан тұрады: жұмыртқа, дернәсіл және ересек жәндік (имаго). Бұларда қуыршақ сатысы болмайды (қ. Толық түрленіп дамитындар). Бұлардың ерекшелігі жұмыртқадан шыққан дернәсіл ересек жәндікке ұқсайды және қоректенуі де ұқсас келеді. Имаголарының қанаты болған жағдайда, дамуының соңғы сатыларында дернәсілдерінің де қанат нышандары пайда болады. Құрлықта тіршілік ететін Шала түрленіп дамитындардың дернәсілдерін - нимфа, ал суда тіршілік етуіне байланысты арнайы тыныс алу органдары (желбезектері) пайда болады, мұндай дернәсілдерді - наяда деп атайды. Бұларға біркүндіктер, көктемдіктер, тағы басқа жатады

ІІ ЖӘНДІКТЕР, насекомдар (Insecta) - буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Қазба қалдықтары девон кезеңінен белгілі. Филогенетикалық шығу тегі көп аяқтыларға жақын, арғы тегі сақиналы құрттар деп есептелінеді. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы 1,5 - 2 млн. түрі болуы мүмкін). Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз жәндіктер және қанатты жәндіктер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550-ден астам тұқымдасы бар. Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы - трихограмма - 0,2 мм) - 33 см-ге дейін болады. Жәндіктердің ең басты ерекшелігі - денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер). Үш бунақты (алдыңғы, ортаңғы және артқы) кеудесінде (әр буынында жұптан) алты аяғы болады, жәндіктердің ежелгі атының алтыаяқтылар (Нexapoda) деп аталуы осыған байланысты. Аяқтары жамбасша, ұршықбас, сан, сирақ және табаннан тұрады. Жәндіктердің жүруге, жүгіруге (тарақан, қоңыздарда, т.б.); секіруге (шегіртке, шекшек, бүргелер); жүзуге (жүзгіш қоңыздар, т.б.); қазуға (бұзаубас, т.б.); жемін ұстауға (дәуіт, т.б.); гүл тозаңын жинауға (бал арасы) бейімделген аяқтары болады. Ортаңғы және артқы буынында бір-бір жұп қанаттары бар. Тек қосқанаттыларда артқы кеуде буынындағы қанаттары - ызылдауыққа айналған. Жәндіктердің басым бөлігінде ұшуға екі жұп қанаттарын (көбелектер, инеліктер, торқанаттылар, т.б.), кейбір түрі тек артқы жұбын (қоңыздар, т.б.) ғана қағады. Құрсағы көп бунақты, кейбір түрінде 11 бунақты. Құрсағында аяғы болмайды, бірақ олардың қалдықтары рудимент (жұмыртқа салатын мүшесі немесе шаншары, еркегінде - жыныс мүшесі) түрінде сақталған. Жәндіктердің бұлшық еті тек көлденең жолақты. Ет талшықтарының саны 1,5 - 2 мыңға жетеді. Бұлшық еттерінің жиырылып-жазылуы бас миымен тығыз байланысты және оларға бұлшық еттен бөлінетін жиырылғыш белок - актомиозин әсер етеді. Жәндіктердің ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, артқы ішектен және сілекей бездерінен тұрады. Олар қорегіне қарай фитофагтар (өсімдік қоректілер), жыртқыштар, өсімдік шірнесімен қоректенетіндер, некрофагтар (өлексемен қоректенетіндер), сапрофагтар (басқа жануарлардың өлексесімен қоректенетіндер), қан сорғыштар, т.б. болып бөлінеді. Жәндіктер атмосфералық ауаны - трахея (кеңірдек) жүйесімен жұтады, ал суда тіршілік ететін дернәсілдерінде екінші реттік трахея не кутикулалы желбезек дамиды. Жәндіктердің дене температурасы тұрақсыз, сондықтан олар салқынқанды жануарлар тобына жатады. Қан айналу жүйесі нашар дамыған. Ол жүрек пен арқа қолқасынан құралған. Бірнеше камераларға бөлінген. Осы камералар бір бағытта жиырылып қанды (гемолимфаны) артқы жағынан қолқаға қарай сырғытады. Гемолимфа қолқадан бас қуысына, одан кеуде және құрсақ бөлігіне ағып, қайтадан жүрекке құйылады. Зәр шығару жүйесі - мальпиги түтікшелері. Бұл суды және организмге қажетті еріген затты гемолимфаға өткізеді, ал сіңбей қалған заттар артқы ішекке түсіп, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жүйке жүйесі бас миы, жұтыншақ асты ганглия және құрсақ жүйке тізбегінен құралған. Жәндіктерде сезім мүшелері жақсы дамыған. Олар әр түрлі механикалық, химиялық, дыбыстық, көру, есту, терінің сезу қабілеті, т.б. көптеген тітіркенулерді қабылдай алады. Жәндіктер дара жыныстылар және жыныс диморфизмі айқын байқалады. Бұлардың онтогенезі екі кезеңнен өтеді: толық түрленіп дамитындар және шала түрленіп дамитындар. Жәндіктердің биоценоз тұрақтылығын сақтауда айрықша маңызы бар. Олардың ішінде көптеген ауыл шаруашығы мен орман зиянкестері де жеткілікті: Қазақстанда әр түрлі қоңыр көбелектер, астық қоңыр көбелегі, жапырақ ширатқыштар, мүр көбелектер, өсімдік биттері, жапырақ жегілер, т.б. - зиянды жәндіктер; бит, бүрге маса, шіркей, сона, т.б. - қан сорғыш жәндіктер; тарақан, үй қара шыбыны, цеце шыбыны, т.б. - аса қауіпті ауру қоздырғышын тарататын жәндіктер; бал арасы, тұт жібек көбелегі - пайдалы жәндіктер кездеседі. Сонымен қатар ара, көбелек, т.б. жәндіктер өсімдікті тозаңдандырады; құмырсқа, қоңыз дернәсілдері топырақты қопсытады. Жәндіктердің сирек және жойылып бара жатқан 200-дей түрі (Тянь-Шань апполоны, әсем барылдауық қоңыз, махаон, сары көбелектің кейбір түрлері, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген

ІY. Ой толғаныс Тапсырма №1

  1. Бунақденелілер класының негізгі ерекшелігі неде?

  2. Имаго дегеніміз не?

  3. Шала түрленіп даму мен толық түрленіп дамудың ерекшелігі неде?

  4. Бунақденелілердің қандай пайдасы мен зияны бар?

V. Кері байланыс (Рефлексия).

Будақденелер (Ашық сабақ 7 - сынып)Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін, кемшіліктері туралы парақшаларға(стикерлерге) жазады, дәлел келтіріп сөйлейді, ДАНАЛЫҚ ағашына іледі.

Үй тапсырмасы: Бунақденелілердің табиғаттағы және адам өміріндігі маңызы туралы эссе жазу.


слайд



слайд










































































ІІ ЖӘНДІКТЕР, насекомдар (Insecta) - буынаяқтылар типіне жататын омыртқасыз жануарлар класы. Қазба қалдықтары девон кезеңінен белгілі. Филогенетикалық шығу тегі көп аяқтыларға жақын, арғы тегі сақиналы құрттар деп есептелінеді. Жер шарында кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы 1,5 - 2 млн. түрі болуы мүмкін). Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз жәндіктер және қанатты жәндіктер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550-ден астам тұқымдасы бар. Бұлардың дене тұрқы бірнеше мм-ден (ең майдасы - трихограмма - 0,2 мм) - 33 см-ге дейін болады. Жәндіктердің ең басты ерекшелігі - денесі бас, кеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Денесін тығыз кутикула (эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша) жапқан. Басында екі күрделі фасеттік көздері, қарапайым майда көзшелері, екі мұртшасы болады. Ауыз құрылысы қоректену әдісіне қарай: инеліктер, тарақандар, дәуіттер, қоңыздардың аузы кеміруге; көбелектер, шыбындардың аузы сұйық қоректі соруға; өсімдіктердің шырынымен және адамның, жануарлардың қанымен қоректенетін маса, бит, қандала, цикада, т.б. аузы шаншып-соруға бейімделген. Жәндіктердің кейбір түрінде аузы болмайды (бөгелек, біркүндіктер). Үш бунақты (алдыңғы, ортаңғы және артқы) кеудесінде (әр буынында жұптан) алты аяғы болады, жәндіктердің ежелгі атының алтыаяқтылар (Нexapoda) деп аталуы осыған байланысты. Аяқтары жамбасша, ұршықбас, сан, сирақ және табаннан тұрады. Жәндіктердің жүруге, жүгіруге (тарақан, қоңыздарда, т.б.); секіруге (шегіртке, шекшек, бүргелер); жүзуге (жүзгіш қоңыздар, т.б.); қазуға (бұзаубас, т.б.); жемін ұстауға (дәуіт, т.б.); гүл тозаңын жинауға (бал арасы) бейімделген аяқтары болады. Ортаңғы және артқы буынында бір-бір жұп қанаттары бар. Тек қосқанаттыларда артқы кеуде буынындағы қанаттары - ызылдауыққа айналған. Жәндіктердің басым бөлігінде ұшуға екі жұп қанаттарын (көбелектер, инеліктер, торқанаттылар, т.б.), кейбір түрі тек артқы жұбын (қоңыздар, т.б.) ғана қағады. Құрсағы көп бунақты, кейбір түрінде 11 бунақты. Құрсағында аяғы болмайды, бірақ олардың қалдықтары рудимент (жұмыртқа салатын мүшесі немесе шаншары, еркегінде - жыныс мүшесі) түрінде сақталған. Жәндіктердің бұлшық еті тек көлденең жолақты. Ет талшықтарының саны 1,5 - 2 мыңға жетеді. Бұлшық еттерінің жиырылып-жазылуы бас миымен тығыз байланысты және оларға бұлшық еттен бөлінетін жиырылғыш белок - актомиозин әсер етеді. Жәндіктердің ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, артқы ішектен және сілекей бездерінен тұрады. Олар қорегіне қарай фитофагтар (өсімдік қоректілер), жыртқыштар, өсімдік шірнесімен қоректенетіндер, некрофагтар (өлексемен қоректенетіндер), сапрофагтар (басқа жануарлардың өлексесімен қоректенетіндер), қан сорғыштар, т.б. болып бөлінеді. Жәндіктер атмосфералық ауаны - трахея (кеңірдек) жүйесімен жұтады, ал суда тіршілік ететін дернәсілдерінде екінші реттік трахея не кутикулалы желбезек дамиды. Жәндіктердің дене температурасы тұрақсыз, сондықтан олар салқынқанды жануарлар тобына жатады. Қан айналу жүйесі нашар дамыған. Ол жүрек пен арқа қолқасынан құралған. Бірнеше камераларға бөлінген. Осы камералар бір бағытта жиырылып қанды (гемолимфаны) артқы жағынан қолқаға қарай сырғытады. Гемолимфа қолқадан бас қуысына, одан кеуде және құрсақ бөлігіне ағып, қайтадан жүрекке құйылады. Зәр шығару жүйесі - мальпиги түтікшелері. Бұл суды және организмге қажетті еріген затты гемолимфаға өткізеді, ал сіңбей қалған заттар артқы ішекке түсіп, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады. Жүйке жүйесі бас миы, жұтыншақ асты ганглия және құрсақ жүйке тізбегінен құралған. Жәндіктерде сезім мүшелері жақсы дамыған. Олар әр түрлі механикалық, химиялық, дыбыстық, көру, есту, терінің сезу қабілеті, т.б. көптеген тітіркенулерді қабылдай алады. Жәндіктер дара жыныстылар және жыныс диморфизмі айқын байқалады. Бұлардың онтогенезі екі кезеңнен өтеді: толық түрленіп дамитындар және шала түрленіп дамитындар. Жәндіктердің биоценоз тұрақтылығын сақтауда айрықша маңызы бар. Олардың ішінде көптеген ауыл шаруашығы мен орман зиянкестері де жеткілікті: Қазақстанда әр түрлі қоңыр көбелектер, астық қоңыр көбелегі, жапырақ ширатқыштар, мүр көбелектер, өсімдік биттері, жапырақ жегілер, т.б. - зиянды жәндіктер; бит, бүрге маса, шіркей, сона, т.б. - қан сорғыш жәндіктер; тарақан, үй қара шыбыны, цеце шыбыны, т.б. - аса қауіпті ауру қоздырғышын тарататын жәндіктер; бал арасы, тұт жібек көбелегі - пайдалы жәндіктер кездеседі. Сонымен қатар ара, көбелек, т.б. жәндіктер өсімдікті тозаңдандырады; құмырсқа, қоңыз дернәсілдері топырақты қопсытады. Жәндіктердің сирек және жойылып бара жатқан 200-дей түрі (Тянь-Шань апполоны, әсем барылдауық қоңыз, махаон, сары көбелектің кейбір түрлері, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Шала түрленіп дамитындар (hemіmetamorphosіs) - төменгі сатыдағы қанатсыз жәндіктерге және жоғарғы сатыдағы жәндіктердің бірқатар отрядтарына тән даму жолы. Бұларға: біркүндіктер, инеліктер, тарақандар, дәуіттер, термиттер, таяқшатәрізділер, теріқанаттылар, биттер, жартылай қатты қанаттылар, т.б. жатады. Шала түрленіп дамитындардың онтогенезі 3 сатыдан тұрады: жұмыртқа, дернәсіл және ересек жәндік (имаго). Бұларда қуыршақ сатысы болмайды (қ. Толық түрленіп дамитындар). Бұлардың ерекшелігі жұмыртқадан шыққан дернәсіл ересек жәндікке ұқсайды және қоректенуі де ұқсас келеді. Имаголарының қанаты болған жағдайда, дамуының соңғы сатыларында дернәсілдерінің де қанат нышандары пайда болады. Құрлықта тіршілік ететін Шала түрленіп дамитындардың дернәсілдерін - нимфа, ал суда тіршілік етуіне байланысты арнайы тыныс алу органдары (желбезектері) пайда болады, мұндай дернәсілдерді - наяда деп атайды. Бұларға біркүндіктер, көктемдіктер, тағы басқа жатады.









Буынаяқтылар типі-аяғы бунақтаған, екіжақты симметриялы, көпжасушалы жәндіктер. Денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған. Осы типке жататын жәндіктердің барлығының аяқтарыбуын-буын бунақтармен жалғасқандықтан, буынаяқты жәндіктер деп аталған. Шер шарын мекндейтін жануарлар дүниесінің 80 пайыздан астамы буынаяқтылар үлесіне тиеді. Қазір ғылымға олардың 1 миллионнан астам түрлері белгілі. Буынаяқтылар типінің негізгі үш класы бар. Олар:шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, бунақденелілер класы. Өзеншаяны, асшаян, таңқышаян, құршаян шаянтәріздестерге жатады. Өрмешітәріздестердің өкілдері: айқышты өрмекші, бүйі, қарақұрт, мизан. Бунақденелілердіңтүрі өте көп. Оларға тарақан, көбелек, маса, шегіртке, инелік, қоңыз, дәуіт кіреді. Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі көпқылтанды буылтық құрттар деп аталады. Буылтық құрттардың негізгі айырмашылығы- денесі хитинді затпен қапталған. Хитин дегеніміз-жасуныққа ұқсас ағзалық зат. Шаянтәріздестерге хитинге әктенген заттар сіңеді. Ал, өрмекшітәріздестердің , бунақденелілердің хитинінде нәруыз көбірек болады. Мекені: құрылықта, топырақта, теңіз және тұщы суларда , басқа ағзаларда мекендейді. Буынаяқтылардың барлығына тән ортақ белгілер: екі жақты симметриялы , үш қабатты, алғашқы ауыздылар, денесі буылтықты, аяқтары буын-буын бунақтармен жалғасқандықтан, бұлар буынаяқты жәндіктер деп аталған. Дененің барлығы хитинді экзоқаңқамен қапталған. Хитин берік және жеңіл болғандықтан буынаяқтылардың тез қозғалуына көмектеседі. Хитин түлеп отырады. Жабынның ішкі жағынан жеке буда түрінде бұлшық еттер бекінеді, соның нәтижесінде дене бөліктері біріне -бірі тәуелсіз, дәлме-дәл, өте шапшаң және тиімді қозғалыс жасай алады. Жүрегі және қан тамырлары қанды дене қуысына айдайтындықтан, қанайналым жүйесі тұйықталмаған ашық жүйелі болады. Қан қызметін түссіз гемолимфа атқарады Асқорыту жүйесі алдыңғы және артқы ішектен тұрады., көптеген бездері болады. Тыныс алу жүйесі суда өмір сүретіндерде желбезек, құрлықтағыларда өкпе, жоғары сатыдағы буынаяқтыларда -трахеялық жүйе. Зәр шығару жүйесі қосалқы бездерден және мальпигий түтікшелерден тұрады. Жүйке жүйесі буылтық құрттарға ұқсас. Дара жыныстылар, тура және түрленіп дамиды. Шаянтәрізділер класының өкілдері: өзеншаяны, таңқышаян, асшаян, циклоп, омар, құршаян. Өрмекшітәрізділер класы: Өкілдері: құршаян, шаршылы өрмеші , құсжегіш өрмекші, ит кене.

Мекені: құрылықта тіршілік етеді. Ерекшеліктері: Дене екі бөліктен -баскөкірек және құрсақтан тұрады. Баскөкіректе 6 жұп аяқ орналасады. 1-ші жұп -күйісаяқ, 2-ші жұп -тұтқыаяқ. Қалған төрт жұп аяқ жүруге арналған. Құрсақта аяқ болмайды. Дем алу мүшелері -демтүтік, өкпе қапшығы. Қанайналым жүйесі ашық. жүйелі. Ірі арқа қан тамырыжүрек қызметін атқарады. Зәр шығару қызметін сатанбез және мальпигий түтіктері атқарады. Ас қорыту ішектен тыс жүреді.



© 2010-2022