Жүрек-қан тамырлар жүйесі тақырыбына ашық сабақ

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жүрек қан-тамыр жүйесі»

Тақырыптың маңыздылығы: Қан айналу жүйесінің негізгі маңызы мүшелер мен тканьдерді қанмен қамтамасыз ету болып табылады. Тамырлар жүйесінің орталығы жүрек.

Жүрек пен қан тамырларының біріккен қызметі нәтижесінде мүшелер мен тканьдер дәл жағдайына қажетті қанмен қамтамасыз етіледі.

Сабақтың түрі: Бинарлық

Сайыстың мақсаты:

«Жүрек қан - тамыр жүйесі» тарауын сайыс түрінде өткізе отырып оқушыларды жүрек

құрылысын, маңызын, қызметін білуге үйрету. Жүректің орналасатын орнын, ірі қан тамырларының латынша атауларын білу. Сайыс кезінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Білімділік: «Жүрек қан - тамыр жүйесі» тарауы бойынша оқушылар білімдерін қорытындылап, бағалау.

Дамытушылық: «Жүрек қан - тамыр жүйесі» тарауын қорытынды сайыс түрінде өткізе отырып, оқушылардың білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін нығайту.

Тәжірибелік: Жаңа технологияны игере отырып, оқушылардың танымдық қабілетін арттыру.

Сайысқа қатысушылар: 104 Сан/гиг тобының оқушылары.

Пән ішілік байланыс: «Жүрек жұмысының сыртқы көрінісі. Биотоктар, заңдары, ырғақтары. Қан айналым жүйесі», «Жүрек жұмысының жүйкелік және гуморальдық реттелуі»

Пән аралық байланыс: сестралық іс негізі «Функциональды жағдайды бағалау», терапия «Жүрек қан - тамыр жүйесінің аурулары», латын тілі «Латын терминологиясы»

Қолданылған оқулықтар: А. Қ. Сәтпаева «Адам физиологиясы», С. А. Георгиева «Физиология», Г. И. Косицкий «Рук. к прак. занятиям по физиологии»;

А. Рақышев «Адам анатомиясы», Ж. К. Ермахан «Тәнтану», М. Дайырбекова «Адам анатомиясы»

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин.

Оқытушылар аудиторияның сайысқа дайындығын тексереді. Сайыстың өткізу маңыздылығын мәнін атап өтеді. Сайыстың өту барысын, сайысқа қатысатын топшаларды таныстырады. Әділқазылар алқасының мүшелері: әдіскер: Ахметова С. Ж, ЦӘК меңгерушісі: Жайлығұлова Б. Ж, оқытушы Бурхард А. А

Топшалардың деңгейін бағалау бақылау парағына белгіленеді.

ІІ. Таныстыру - 3 мин. Әр топша өз-өзін таныстырып, эмблема, ұранын айтады.

І топша - ЭКГ

ІІ топша - Жүрек

ІІІ. Біліміңді көрсет: 7 мин.

Экранда қойылған сандарды таңдай отырып, әрбір топшадағы оқушылар қоңырау арқылы жауап беруі керек.

Сұрақ №1 (20 балл)

1. Жүрек бөлімдері, латынша?

2. Қан айналым жүйесі қандай бөлімдерден тұрады?

Сұрақ №2 (20 балл)

1. Жүректің латынша атауы, орналасу орны?

2. Жүректің өткізгіш жүйесінің бөлімдерін атаңыз?

Сұрақ №3 (40 балл)

1. Жүрекше - қарыншалар арасындағы қақпақшалар, маңызы?

2. Жүрек циклының фазаларын ата?

Сұрақ №4 (40 балл)

1. Жүректің қабырға құрылысы?

2. Экстрасистола дегеніміз не? Түрлері?

Сұрақ №5 (60 балл)

1. Кіші қан айналу шеңберінің артериялары мен веналары?

2. Жүрек тондарын ата, пайда болуы?

Сұрақ №6 (60 балл)

1. Үлкен қан айналым шеңберінің артериялары?

2. Жүрек автоматизмі дегеніміз не?

ІҮ. Оқушылар «үнсіз суреттер» бойынша сұрақтарға жауап береді. 10 мин.

Экранда берілген суретті тез тапқан топша қоңырау арқылы қол көтеріп жауап беру керек. Әр дұрыс табылған жауапқа - 2 балл

Үнсіз суреттер: 1 2 3....8 9 10

Ү. Топ басшыларының пікірсайысы. 8 мин

Ортаға сұрақ тасталады екі топ басшылары өз ойларын айтып, дәлелдеуі қажет. «Қай жерің ауырса да, салмақ жүрекке түседі» Сұрақ: НЕГЕ?

Ой сараптауына байланысты - 1 - 5 балл

ҮІ. Тәжірибеңді таныт! 15 мин

Бұл сайыста топ оқушыларының ептілігі, шапшаңдығы ескеріледі. Тыныштық жағдайда және жүктемеден кейін.

1 топша - қан қысымын өлшеу.

2 топша - тамыр соғысын өлшеу

ҮІІ. Блиц сұрақтар. Әр топқа алдын-ала дайындалған сұрақтар беріледі. 5 мин.

Әр дұрыс жауапқа - 1 балл

І топша

1. Тамырлар жүйесін зерттейтін сала?

2. Үлкен қан айналым шеңбері қайдан басталады?

3. Атқаратын қызметіне қарай тамырлар түрі?

4. І тон қандай, қай кезде естіледі?

5. Жүрек циклының ұзақтығы?

ІІ топша

1. Кіші қан айналым шеңбері қайдан басталады?

2. Тамырлар жүйесінің орталығы?

3. Интервалдарды ата?

4. Жүрек қақпақшаларын ата?

5. Жүрек қызметінің реттелу механизмі?

ҮІІІ. Көрермендер үлесі - 6 мин. Алдын ала берілген есептерді шығарып, дұрыс жауап берген жанкүйерлер өз үлестерін қалаған топшасына қосады. 1 - 5 балл

Есеп шығарыңыз: 1. Қара жұмыс істеген кезде дене еттеріне көп күш түседі, оларға қажет қан мөлшері де арта түседі, осыған орай жүрек соғуы жиілейді, еті де қатты жиырылады, яғни жүрек қызметі күшейеді.

Сұрақ: Бұл қандай реттелу?

2. Ағайынды Э. және Г. Веберлер үй қоянының мойнында орналасқан кезеген жүйкені кесіп, оның ұшын электр тогымен тітіркендірген, осы кезде жүректің соғуы сиреп, жиырылу күші әлсіреген. Бұл жүйкені ұзақ уақыт қатты тітіркендірсе, жүрек диастола кезінде тоқтап қалатыны байқалған.

Сұрақ: Бұл қай жүйкенің әсері? Бұл жүйкенің әсерінен жүректің автоматиялық қасиеті қалай өзгереді? Қандай әсерлер болады?

Есептердің жауабы.

1. Жауабы: ОЖЖ мен қандағы әсері күшті химиялық заттар (гуморальдық) реттейді. Жүрек қызметінің орталықтың қатысуымен рефлекс және қан арқылы реттелуі - экстракардиялық, яғни жүректен тыс жолмен реттелу болып саналады.

2. Жауабы: Кезеген жүйке жүрек қызметін тежейді. Бұл жүйкенің әсерінен жүректің автоматиялық қасиеті төмендейді, яғни жүрек соғуы сирейді. Хронотроптық теріс әсер, теріс инотропты әсер, теріс дромотропты әсер, теріс тонотроптық әсерлері болады.

ІХ. Сайысты қорытындылау. 5 мин.

Оқушылар сайыстың өту барысын топ оқушылардың дайындығын бағалап, қорытындылайды.

Әрбір топшадағы белсене қатысқан оқушыларды атап өтеді.

Сайысқа қатысқан екі топшадағы оқушыларға алғыстарын білдіріп, марапаттайды.

Бағалау парағы

Топшалар Таныстыру - 3мин.

2 балл «Жұмбақ сандық»

7 мин. «үнсіз суреттер» 10 мин.

2 балл

«Бәйге» топ басшыларының пікірсайысы.

8 мин

1 - 5 балл Тәжірибеңді таныт! 15 мин

1 - 5 балл «Қар лақтыру»5 мин. 1 балл

Көрермендер үлесі - 6 мин. 1 - 5 балл

Сайысты қорытындылау.



© 2010-2022