Поурочный план по биологий на казакском языке на тему Балықтардың кәсіптік маңызы 7 класс

  Биология 7-сынып Тақырыбы Балықтардың кәсіптік маңызы Мақсаты Оқушылардың балықтар класы бойынша алған білімдерін саралай отырып, бір жүйеге келтіру. Тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды өз білімдерін тексеріп бағалауға, ізденімпаздыққа,  адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Сілтеме 1.     Оқулық 2.     З.У.Имжарованың редакциялауымен «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде». Оқу-әдістемелік құрал. Ақтөбе қаласы 2012ж 3.     Интернет материалдары Оқу нәтижелері -        Балықтардың шеміршекті және сүйекті топтарын ажырата білуге үйренеді. -        Кәсіптік маңызы зор балықтарға қамқорлық жасау туралы түсінік қалыптасады. -        Балықтардың кәсіптік маңызы жөнінде білімдері толығады, танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды. Әдіс-тәсілдер Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер: Топтастыру технологиясы, СТО, қорытынды рефлекcия Негізгі ресурстар АКТ, стикер, карточкалар, маркер, плакаттар, ppt. презентация.    
Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дүйсебекова Айнур Хибадуллаевна №8 орта мектеп Жетібай ауылы

Биология пәні мұғалімі



Биология

7-сынып

Тақырыбы

Балықтардың кәсіптік маңызы

Мақсаты

Оқушылардың балықтар класы бойынша алған білімдерін саралай отырып, бір жүйеге келтіру. Тақырыптағы негізгі ұғымды тауып, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларды өз білімдерін тексеріп бағалауға, ізденімпаздыққа, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сілтеме

  1. Оқулық

  2. З.У.Имжарованың редакциялауымен «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде». Оқу-әдістемелік құрал. Ақтөбе қаласы 2012ж

  3. Интернет материалдары

Оқу нәтижелері

  • Балықтардың шеміршекті және сүйекті топтарын ажырата білуге үйренеді.

  • Кәсіптік маңызы зор балықтарға қамқорлық жасау туралы түсінік қалыптасады.

  • Балықтардың кәсіптік маңызы жөнінде білімдері толығады, танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды.

Әдіс-тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер:

Топтастыру технологиясы, СТО, қорытынды рефлекcия

Негізгі ресурстар

АКТ, стикер, карточкалар, маркер, плакаттар, ppt. презентация.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру

Оқушыларды карточкалар арқылы топқа бөлу. (2 мин)

  • Карточкалар арқылы топқа бөлінеді.

  • «Биологтар», «Экологтар», «Геогрофтар».

  • Топ басшысын сайлайды.

  • Топ ережесімен танысады.

Сергіту сәті:

Сыныпта псиихологиялық ахуал қалыптастыру үшін сергіту сәтін ұйымдастыру (3 мин)

Океанариумге саяхат.

(Видеоролик көрсету).

Үй тапсырмасын сұрау

«Ой қозғау», «Қаламсап» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

(5 мин)

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  • Балықтар қандай кластарға бөлінеді?

  • Шеміршекті және сүйекті балықтардың желбезектерінің ерекшеліктері қандай?

  • Сүйекті балықтар қандай класс тармағына бөлінеді?

  • Шеміршекті балықтардың қаңқасы қандай бөлімдерден тұрады?

  • Балықтардың асқорыту мүшелеріндегі ерекшеліктер

  • қандай?

  • Торсылдақ қандай қызмет атқарады?

І. Қызығушылықты ояту

І.Білу «Миға шабуыл»

Ассоциация құру. (3 мин)

Слайд суреттерді пайдалану арқылы тақырыпты ашады.

ІІ.Мағынаны ашу

ІІ. Түсіну (10 мин)

Топ «Топтастыру» әдісі арқылы балықтардың түрлерін тауып жазады.

1-топ. «Балықтарды қорғау»

2-топ.«Балықтардың кәсіптік маңызы» тақырыптарына қатысты кластер, постер құрастырады және қорғайды.

3-топ.Семантикалық карта

ІІІ. Қолдану (6 мин)

«Кәсіптік маңызы зор балықтардың кездесетін аймақтары» картадан тауып, балық түрлерін тұсына жапсыру.

ІV. Талдау (8 мин)

«Тіл- өнер» анаграммадан сөз құрастырып, орыс-ағылшын тілінде аударады.

1.Өзен

2.Теңіз

3.Балық

4.Бекіре

5.Уылдырық

6.Ау

7.Қармақ

8.Қалбыр

V. Жинақтау

Синквейн арқылы қорыту (3мин)

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Мағыналы сөздер

5.Синоним

БҮҮ кестесіннің 3 бөлімін толтырады.

«Балық», «Уылдырық», «Бекіре».

VІ. Бағалау.

Бағалау парағына қарап, оқушыларды бағалаймын. (3 мин)

Жиынтық бағалау

Үйге тапсырма

§52.

Үй тапсырмасын білу, күнделіктеріне жазып алу.

Рефлексия

1.Бүгінгі сабақта қандай жаңа тың мәселелер туралы білдіңіз?

2. «Автордың орындығы» (2 мин)

Браконьерлерге балықтарға қамқорлық жасау туралы еркін хат жазу.

Хатты топта дауыстап оқу.



© 2010-2022