Сабақ жоспары Тыныс алу

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §39. Омыртқалы жануарлардың тынысалу жүйесінің құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Омыртқалы жануарлардың тынысалу мүшелері туралы білімдерін қалыптастыру. Сыртқы ортамен газалмасуды атқаратын мүшенің балықта - желбезек, қосмекенділерде - тері, өкпе, жорғалаушылар мен сүтқоректілерде - өкпе, құстарда - өкпе және ауа қапшықтары екендігін меңгерту.

Дамытушылығы:Оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, есте сақтау қасиетін ақпараттық технологиялар арқылы дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды бірлесіп жұмыс жасауға, ұжым намысын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивтік тақта, үлестірме парақтары

Сабақтың әдісі: Теориялық білім беру

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

(Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, жоқ себептерін анықтау)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Нені білемін» сұрақ-жауап

20. Біржасушалы қарапайымдар қалай тыныс алады? ( суда еріген оттегімен)

30. Нейронның қысқа өсіндісі қалай аталады? (дендрит)

40. Ауыз, жұтқыншақ, ішектен тұратын асқорыту жүйесі қай жәндікке тән? (ақсұлама)

50. Құстардың тістері қандай? (болмайды)

20. Сүтқоректілерде қандай тістер болады? (күрек, сойдақ, азу тістер).

30. Бауырдан бөлінетін сөл не деп аталады? (өт).

40. Өсімдіктекті жануарлардың ішегінің құрылысы дене тұрқынан неше есе үлкен? (20 есе).

50. Күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны неше бөлімнен тұрады? (4 бөлімнен).

20. Информатикада өлшем бірлік, ал биологияда паразит жәндік не? (бит).

30. Шығу тегі, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы не деп аталады? (ұлпалар)

40. Кірпікшелі кебісше қандай жолдармен көбейеді? (жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді)

50. Циста деген не? (қорғаныш қабаты).

Жаңа тақырыппен өткен тақырыпты байланыстыру

Ребусты шешу:

Сабақ жоспары Тыныс алу

Тынысалу жүйесі

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Тынысалу мүшелері мен мүшелер жүйесінің негізгі ерекшелігі жануарлардың даму деңгейі мен тіршілік ету ортасына тікелей байланысты. Мысалы: суда тіршілік ететін жануарлардың көпшілігінде тынысалу жүйесінің негізгі мүшесі - желбезек.

Сабақ жоспары Тыныс алу

Қосмекенділердің басым көпшілігі өкпемен тыныс алады. Оларда тыныс алуға тері де қатысады. Себебі: қосмекенділердің өкпесі нашар дамыған. Сондықтан қосымша газалмасу - тері арқылы жүреді. Бақа суда да, құрлықта да тері арқылы тыныс ала береді. Қосмекенділердің терісі - жұқа, жұмсақ. Сырты сілемейлі шырышпен шыланып, ылғалданып тұрады. Мұндай тері суда еріген оттегін жақсы өткізеді.

Сабақ жоспары Тыныс алу

Құстардың өкпесі жақсы дамыған, тығыз ұяшықты өкпенің ішіне ауатамыр тарамдалған. Ауатамыр тармақтарының өкпемен жанасатын жерлері, бүкіл өкпе қылтамырларымен торланған. Кейбір демтүтік ауатамыр тармақтары өкпеден өтіп, әртүрлі ішкі мүшелердің аралықтарына енеді. Сөйтіп кеңейеді, ауа қапшықтарын түзеді. Бұл қапшықтардың тарамдары түтікті сүйектердің ішіне, бұлшықеттер арасына, тері астына дейін тарайды. Ауа қапшықтарының көлемі өкпенің жалпы көлемінен 10 есе артық. Олар құс денесін ұшу кезінде қызып кетуден сақтайды, әрі салмағын жеңілдетеді.

Сабақ жоспары Тыныс алу

Сүтқоректілердің өкпесінде ауатамырлар таралып, оның төменгі ұштары өкпе көпіршіктерімен аяқталады. Өкпе қылтамырлары да жиі тор түзеді. Осыдан сүтқоректілердің өкпесі қанды оттегімен жақсы қамтамасыз етеді. Тыныс алуды қабырға арасындағы бұлшықеттер мен көкірек, құрсақ қуыстарын бөліп тұратын көкеттің жиырылып, босаңсуы қамтамасыз етеді. Сүтқоректілердің көмекейінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған.

Сабақ жоспары Тыныс алу

ІV. Бекіту.

Тест

1-топ

  1. Суда тіршілік ететін жануарлардың тыныс алу мүшесі не?

  1. Желбезек

  2. Өкпе

  3. Кеңірдек

  4. Мұрын

  1. Суда да, құрлықта да тіршілік ететін жануарлар қай класқа біріктірілген?

  1. Сүтқоректілер

  2. Жорғалаушылар

  3. Қосмекенділер

  4. Құстар

  1. Жорғалаушылардың денесі немен қапталған?

  1. Хитинмен

  2. Целлюлозалы қабықпен

  3. Безді түктермен

  4. Мүйізді қабыршақпен

  1. Құстардың тыныс алу мүшесі -

  1. Желбезек

  2. Өкпе және ауа қапшығы

  3. Тері

  4. Мүйізді қабыршақ

  1. Қай кластың өкілдерінде дыбыс сіңірлері жақсы дамыған?

  1. Сүтқоректілерде

  2. Қосмекенділерде

  3. Жорғалаушыларда

  4. Құстарда

2-топ

  1. Балықтар оттегінің қандай түрімен тыныс алады?

  1. Қатты оттегі

  2. Оттегі қажет емес

  3. Еріген оттегі

  4. Көміртегімен

  1. Қосмекенділерде қосымша газалмасу процесі қайда жүреді?

  1. Өкпеде

  2. Теріде

  3. Кеңірдек

  4. Көмей

  1. Жорғалаушылардың тыныс алу мүшесі -

  1. Тері

  2. Желбезек

  3. Өкпе

  4. Көмей

  1. Құстардың ауа қапшықтарының көлемі өкпенің жалпы көлемінен неше есе артық?

  1. 25

  2. 10

  3. 15

  4. 35

  1. Хордалылардың тынысалу жүйесінің тыныс жолына сәйкес келетін мүшелерінің ретін анықта

  1. Көмекей - кеңірдек - өкпе

  2. Танау тесігі - өкпе - көмей - кеңірдек

  3. Кеңірдек - танау тесігі - өкпе - көмей

  4. Танау тесігі - көмекей - кеңірдек - өкпе

3-топ

  1. Балық желбезегі неше жұп желбезек доғаларынан құралады?

  1. 3-4 жұп

  2. 5-6 жұп

  3. 2 жұп

  4. 1-2 жұп

  1. Бақаның суда тіршілік ететін дернәсілі қандай мүшесі арқылы тыныс алады?

  1. Өкпесі

  2. Терісі

  3. Желбезегі

  4. Ауа қапшығы

  1. Жылан, кесіртке бұл ағзалар қай кластың өкілі болып табылады?

  1. Сүтқоректілер

  2. Қосмекенділер

  3. Жорғалаушылар

  4. Құстар

  1. Қосмекенділердің терісі қандай?

  1. Жұқа, жұмсақ

  2. Қалың, қатты

  3. Мүйізді қабыршақтанған

  4. Қалың, жұмсақ

  1. Ағза оттегімен үздіксіз қамтамасыз етіліп, одан көмірқышқыл газының үздіксіз шығарылуы қандай процес?

  1. Фотосинтез

  2. Тыныс алу

  3. Зат алмасу

  4. Ас қорыту.

Үй тапсырмасы. § 39 оқып, 90-суретті салу.

Бағалау.

© 2010-2022