білгір биолог сыныптан тыс шара

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Білгір биолог»

Мақсаты: Оқушылардың биология пәнінен қызығушылығын арттыру.

Түрі: интеллектуалды ойын

Көрнекілігі: слаид, презентация

Жоспары: 1. Таныстыру

2. Бәйге

3. Ғажайып жетілік

4. халық айтса, қалып айтпайды

5.Есте сақта!

6.Ойлан, тап (логикалық есептер)

7.Шығармашылық жұмыс

Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар және ұстаздар! «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген халқымыздың қанатты сөзі тегін айтылмаса керек. Білімсіздіктен кейін біреулер ішерге ас, істергеи жұмыс таппай жүрсе, білімділер ғаламды таң қалдырып, көкке ұшып, көк тіреген ғимарат тұрғызып, роботтарды адамша сөйлетіп жатқаны бұл күнде ешкімге таңсық емес. Елімізде басқарып отырған Президентімізден бастап, парламентте отырған депутаттардың 70 пайызға жуығы ауылдан шыққан екен. Ендеше талай ғұламаларды туғызған қазақтың қасиетті ауылдарының бірі ретінде білім ордамызда өткелі отырған «Білгір биолог» сайысына қош келдіңіздер!

Көзге түсер жүйріктер бағасымен,

Су да ағар таулардың саласымен

Қара қылды қақ жарар алдарыңда

Танысайық әділ - қазы алқасымен - дей отырып, сайысымызға төрелік ететін әділ - қазы алқаларымен таныс болыңыздар.

География, биология пәндерінің мұғалімі, ұлағатты ұстазымыз Қалила Сарықызы

Химия пәнінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі Асылзада Амандаулетқызы

Тәрбие ісінің меңгерушісі, қазақ тілі пәні мұғалімі Айнұр Ысқаққызы

Тек сәттілік қатысыңдар сайысқа

Мықты болсаң қабырғаңмен қайыспа

Оқу керек, білім керек қашан да

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па - дей отырып сайысымызды бастаймыз.

1.Таныстыру.

Екі топ өздерін таныстырады (Алғырлар, Тапқырлар )

2.Бәйге. (топқа сұрақтар беріледі, тез жауап беру керек)

1-топ:

1.Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым (ботаника)

2.Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қашан шықты? (1978ж)

3.Жасушаны ашқан ғалым (Роберт Гук)

4.Өсімдіктің вегетативті мүшелері (тамыр сабақ жапырақ)

5.Қазақстанда қанша қорық бар? (9)

6.Тек өсімдік жасушасына тән денешік (пластид)

7.Өсімдіктің көбею мүшелері (гүл, жеміс, тұқым)

8.Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы (ұлпа)

9.Күн гүлі деп аталатын өсңмдңк (күнбағыс)

10.Жапырақтар түгел тікенге айналған өсімдік (кактус)

2-топ:

1.Жануарлар әлемін зерттейтін ғылым (зоология)

2.Өсімдік пен жануар арасын байланыстыратын бір жасушалы жәндік (жасыл эвглена)

3.Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған (Тимирязев)

4.Жасыл эвглена қалай қозғалады (талшық)

5. «Жануартану» оқулығын жазған (Х.Досмұхамедов)

6.Тамыр түрлері: (негізгі жанама қосалқы)

7.Фотосинтез процесін ашқан ғалым (Тимирязев)

8.Жарықта өсімдік жапырағында жүретін процесс (фотосинтез)

9.Бидайдың жемісі (дәнек)

10.Кірпікшелі кебісшенің кірпікшелерінің саны қанша? (2000-2500)

3.Ғажайып жетілік (берілген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді)

Жұмбақтар:

10.Біреу бердім, көп қып тердім (тұқым немесе дән)

20.Тіршіліктің қуатын өзбойына жинайтын

Жинай-жинай азықты адамзатқа сыйлайтын (өсімдік)

30.Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі (жеміс)

40.Алуан түсті жайқалып тұр далада

Басты азық бал жинайтын арада

Одан артық сый болмайды анаға (гүл)

Сандар:

10. «Қызыл кітаптың» үшінші басылымы қашан шықты (1996ж)

20.Роберт Гук жасушаны қашан ашты? (1665ж)

30.Х.Досмұхамедов «Жануартану» оқулығын қашан жазды? (1922ж)

40.Пластидтердің неше түрі бар? (3)

Ең,ең,ең...

10.Ең тез жылдам өсетін өсімдік (бамбук, тәулігіне 1 м өседі)

20.Ең ұзақ жасайтын ағаш (емен, 2000 жыл)

30.Ең үлкен балық (кит акуласы)

40.Ең биік сүтқоректі (керік)

Ғылымдар

10.Микробиология нені зерттейді (ұсақ ағзаларды)

20.Вирусология нені зерттейді (вирустарды)

30.Цитология нені зерттейді (жасуша)

40.Микология нені зерттейді (саңырауқұлақтар)

4.Халық айтса, қалып айтпайды. (жұлдызшалардағы сөздерге байланысты тыйым сөздер айту керек.

1.Шөп- Көк шөпті жұлма, таптама.Көкті жұлма көктей соласың.

2.құс - Құс ұясын бұзба

3Жылан - үйге кірген жыланның басына ақ құйып шақырады.

4.Қой - қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбасын

5.Мал - малды теппе, ақты төкпе

6.Жылқы - Атты басынан ұрмайды

7.Аққу - аққуды атпа, досыңды сатпа

8.Ағаш - жалғыз ағашты кеспе.

5.Есте сақта! (20 сөз беріледі,есте сақтап жазып алу керек)

Саңырауқұлақ, орман, тұқым, күн, жасуша, жаңбыр, жылан, су, ұя, қоян, вирус, бактерия, бүркіт, балық, өсімдік, қарға, картоп, жер, қарлығаш, бұлт.

6.Ойлан, тап! (логикалық есептер беріледі)

1.Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жылт еткен сәуле сөніп - өшті. Үй иесі бұрын көреме, әлде салт аттылар бұрын көреме? (ешқайсысы көрмейді себебі сәуле сөнгеннен кейін жанған жоқ)

2.Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? (Бір пұт)

3.Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше жан отыр (3 жан)

4.Сырғауылдың биіктігі 20 құлаш. Ұлу күндіз 5 құлаш жоғары шығып,ал түнде 4 құлаш төмен түседі. Ұлу неше күнде сырғауыл басына шығады (16 күнде)

5.Ешкі жылына бір рет егіз лақ туады.Егіздің бірі еркек болса, бір ешкі он жылда неше бас болады (1047 бас болады)

6.Әрбәр бұтаға 3 қарғадан қонғанда 1 қарға төбеде ұшып жүрді. Қарғалар қайта ұшып, бұтаққа төрттен қонғанда 1 қарға тағы ұшып жүрді. Бұтақ қанша, қарға қанша (5 бұтақ, 16 қарға)

7.5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады)

7.Шығармашылық жұмыс

«Табиғатты қорғайық» атты тақырыпта тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме жазыңдар. Тірек сөздер: табиғат, әсемдік, байлық, қоршаған, орта, қорғау, міндет, өсімдік, парыз, жануар.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берейік

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың біз нәтижесін көрейік - деп қорытынды сөз кезегін қазыларға береміз.

Жеңімпаз топты құттықтаймыз. Қатысып, тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

© 2010-2022