Асқорыту жүйесін қорытындылауға арналған бақылау жұмысы

Раздел Биология
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат rar
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асқорыту жүйесі

1-вариант

1. Тағамның әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырап, өңделген заттардың сіңірілуі мен қорытылмаған заттардың сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін мүшелер жүйесі - ......

А) тыныс алу жйесі

В) қанайналу жүйесі

С) асқорыту жүйесі

Д) зәршығару жүйесі

Е) бұлшықет жүйесі

2.Тағамның химиялық өңделуі - бұл ......

А) шайналып ұсақталуы

В) сөлдің әсерінен ыдырауы

С) өңделген заттардың сіңірілуі

Д) қорытылмаған заттардың сыртқа шығарылуы

Е) барлығы дұрыс

3. Асқорыту жолын ретімен орналастыр:

1) өңеш

2) асқазан (қарын)

3) ауыз қуысы

4) аш ішек

5) жұтқыншақ

6) тоқ ішек.

А) 5, 1,3,2,4,6

В) 3,5,1,2,6,4

С) 1,5,3,2,4,6

Д) 3,5,1,2,4,6

Е) 1,2,3,4,5,6.

4. Бос орынды толықтыр: Тілдің ұшы - _______, екі бүйірі - ________, ал түбі ______сезеді.

А) тәттіні, қышқыл мен тұзды, ащыны

В) ащыны, қышқыл мен тұзды, тәттіні

С) қышқыл мен тұзды, тәттіні, ащыны

Д) тәттіні, ащыны, қышқыл мен тұзды

Е) ещтеңе сезбейді

5. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұратын әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жататын түтік пішінді қуыс мүше:

А) жұтқыншақ

В)өңеш

С)асқазан

Д) ауыз қуысы

Е) аш ішек

6.Адамдағы тұрақты тістер саны:

А) 24

В) 20

С) 18

Д) 32

Е) 36.

7. Асқорыту жүйесінде суды көбірек сіңіретін мүше:

А) қарын

В) тоқ ішек

С) аш ішек

Д) ұлтабар

Е) соқыр ішек

8.Бос орынды толықтыр: Асқазан жоғарғы жағынан _______ төменгі жағынан _______ жалғасады.

А) жұтқыншақпен, тоқ ішекпен

В) өңешпен, аш ішекпен

С) жұтқыншақпен, аш ішекпен

Д) өңешпен, он екі елі ішек

Е) бауыр, аш ішекпен

9. Ересек адамдарда аш ішектің ұзындығы:

А) 1-2 м

В) 3-4,4 м

С) 5,5-6 м

Д) 6-7 м

Е) 25-30 см

10. Ауызда астық құрамындағы қай заттар ферменттің әсерінен ыдырайды?

А) көмірсулар

В) майлар

С) минералды тұздар

Д) су

Е) ақуыздар

11. Астан уланған адамның ауру белгілері -

А) Жүрегі айниды, құсады, іші ауырып, өтеді, әлсізденеді.

В) Қарынның сілекейі тітіркеніп, қабынады.

С) Бүкіл денесі қалшылдап, тынысы тарылады

Д) Басы айналып, көзі қарауытады, есінен танады.

Е) Тісі сарғайып, кіреукесі бұзылады.

12.Бауырдан бөлінетін сөлді атаңыз:

А) гармон

В) фермент

С) интерферрон

Д) өт

Е) токсин.

13. Асқорыту мүшесіндегі тамақ немесе микробтар әсерінен қабынатын тоқ ішектің бөлігі:

А) Бүйен.

В) Соқыр ішек.

С) Он екі елі ішек.

Д) Тік ішек.

Е) Аш ішек.

14. Сілекей бездерінен тәулігіне қанша сілекей бөлінеді:

А) 20-25 мл

В) 1,5-2 л

С) 2-2,5 л

Д) 2,6-3,3 л

Е) 36-40 мл

15.Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым:

А) Гигиена.

В) Гистология.

С) Диетология.

Д) Анатология.

Е) Физиология.

16.Сөл бөлу, шайнау, жұту орталығы қайда орналасқан?

А) аралық ми

В) ортаңғы ми

С) сопақша ми

Д) мишық

Е) үлкен ми сыңарлары.

17. Астың сіңуі қайда жұреді?

А) аш ішек бүрлерінде

В) тоқ ішекте

С) соқыр ішекте

Д) асқазанда

Е) ауыз қуысында.

18. Ағза зертханасы деп аталады:

А) Бауыр.

В) Тік ішек.

С) Ауыз.

Д) Қарын.

Е) Аш ішек.

19.Адам ағзасындағы ірі сілекей безінің саны:

А) 4 жұп

В) 10 жұп

С) 8 жұп

Д) 2 жұп

Е) 3 жұп.

20. Асқорыту жүйесінде аминқышқылдарға дейін ыдырайтын оргаикалық қосылыс:

А) көмірсу

В) глюкоза

С) ақуыз (нәруыз)

Д) май

Е) крахмал.

21. Ішек сөлінің ерігіш күйге айналдыратыны:

А) Тек өсімдік майы

В) Тек жануар майы

С) Тек көмірсулар

Д) Тек ақуыз (нәруыз)

Е) Барлық органикалық заттар

22. Қарын сөліндегі қышқыл:

А) Күкірт қышқылы

В) Фосфор қышқылы

С) Нуклеин қышқылдары

Д) Азот қышқылы

Е) Тұз қышқылы.

23. Бір түбірлі тістер:

А) Ақыл тістер

В) Үлкен азу тіс

С) Сойдақ, күректіс

Д) Азу тістер

Е) Кіші азу тістер.

24. Сілекей безінің қызметін зерттеген:

А) С.П.Боткин

В) И.М.Сеченов

С) И.Мечников

Д) И.П.Павлов

Е)К.А.Тимирязев

25.Тамақтану тәртібінің бұзылу нәтижесі:

А) Қарын жарасы

В) Кариес

С) Цинга

Д) Тырысқақ

Е) Дизентерия (қантышқақ)

© 2010-2022