Өсімдіктер әлемі 6 сынып

Раздел Биология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер әлемі

Мақсаты: Оқушылардың білім сапасын көтеріп, пәнге деген қызығушылығын арттыруда сайыс, ойын түрінде өткізілетін сабақтардың маңызы зор. 6 - сыныпта өткізілген осындай «Өсімдіктер әлемі» тақырыбындғы биологиялық ойын сабағының жоспарын ұсынып отырмын. Сынып оқушыларын екі топқа бөлінді. Ойын топ бойынша жүргізілді. Әр топтың топ басшысы анықталып, топқа ат берілді. Топ басшылары топты таныстырады. Ойын мынадай кезеңдерден тұрады:
І кезең - Таныстыру
ІІ кезең -Кім жылдам? (әр топқа 7 сұрақтан беріледі)
ІІІ кезең - Қарама - қарсы сұрақ
ІV кезең - Олкім, бұл не?
V кезең - Ти кестесін толтыру (өсімдіктердің пайдасы мен қорғау шаралары).
VІ кезең - Сөздіктер сыр шертеді
VІІ кезең - Ой толғаныс (эссе жазу).
VІІІ кезең - Гүл формуласы
ІХ кезең - Мақал - мәтел сайысы
І кезеңде әр топ өздерін таныстырады.
ІІ кезең. Кім жылдам? Сұрақ бізден, сізден жылдам жауап.
І топқа қойылатын сұрақтар:
1. Өсімдіктің өсімді мүшелері.(тамыр, сабақ, жапырақ).
2. Жүгерінің гүл шоғыры. (собық)
3. Борпылдақ және бағаналы жасушалар болады.(жапырақта).
4. Өсімдіктерде ғана болатын органоидтар. (пластидтер)
5. Гүлдің негізгі бөлігі (аталық және аналық).
6. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар (жылу, ылғал, ауа).
7. Бөлінуге қабілетті ұлпа (түзуші).
ІІ топқа қойылатын сұрақтар:
1. Су және онда еріген минералды тұздар сабақтың қай бөлігімен жылжыйды? (қабық)
2. Тамыр бөлімдеріне кірмейді (оймақша).
3. Аналықтың кеңейген бөлігі (жатын)
4. Өсімдіктің көбею мүшелері (гүл, жеміс, тұқым).
5. Тұқымның құрамындағы қоректік заттар (нәруыз, май, көмірсу).
6. Күнбағыстың тұқымы (тұқымша).
7. Фотосинтез кезінде бөлінетін газ (оттек).
ІІІ кезең. Қарама - қарсы сұрақ. Әр топ өздері дайындаған сұрақтарын біріне - бірі қояды.
ІV кезең. Ол кім, бұл не? Ол кім сұрақтары:
1. Фотосинтезде хлорофильдің рөлін сипаттаған ғалым кім?(К.А.Тимирязев)
2. Өсімдіктердің қосарлана ұрықтануын зерттеген ғалым кім?(С.Г.Навашин)
3. Жасушаны алғаш рет көрген кім? (С.Г.Навашин)
4. Ең алғаш жарық микроскобын ойлап тапқан ғалымдар? (Янсендер)
5. «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым кім? (Ж.Күдерин)
6. «Жануартану» оқулығын жазған ғалым кім? (Х.Д.Досмұхамедов)
7. «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» жазуға қатысқан ғалымдардың бір атаңыз.
Бұл не? - сұрақтары:
1. Күннен көзін алмайды, мойны бірақ талмайды? Бқл не?
2. Күн нұрымен піседі, уылжып қолға түседі. Бұл не?
3. Жасыл болып жыпырлап өнеді, сары болып үзіліп түседі. Бқл не?
4. Тіршіліктің қуатын өз бойына жинайтын, жинай - жинай азықты адамзатқа сыйлайтын. Бқл не?
5. Біреу бердім көп қылып тердім. Бұл не?
6. Жерде жатып желіндейді, күз түскеше желінбейді, үндеместен төлдеп жатыр, су беріңдер шөлдеп жатыр. Бүл не?
7. Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызғылт дәу жатыр. Бұл не?

V кезең. Ти кестесін толтыру.

Өсімдіктердің маңызы Өсімдіктерді қорғау шаралары


VІ кезең. «Сөздіктер сыр шертеді» жаңа сөздердің мағынасын ашу.
Камбий, фотосинтез, лептесік, қосжынысты, жай гүлсерік, эндосперм, тозаңдану, ұрықтану, бір үйлі, айқас тозаңдану, ұлпа.
VІІ кезең. Ой толғаныс. Мына заттарды (топырақ, су, өсімдік, жарық, ауа) қатыстырып эссе жазу. 5 минут уақыт беріледі.
VІІІ кезең. Гүл формуласы. Гүлдің атын атап, формуласын жазып, талдау жасау.
ІХ кезең. «Мақал - мәтел» сайысы. Әр топ өздері дайындап келген мақал - мәтелдері арқылы сайысқа түседі, қай тоқтап қалса, сол топ жеңіледі.

© 2010-2022