Конспект урока Теріні күту

Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы


Сабақтың тақырыбы: Тері, оның құрылысы, қызметі, гигиенасы.
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушыларға тері, оның құрылысы, маңызы, гигиенасы туралы түсінік қалыптастыру;
тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтауға тәрбиелеу;
дамытушылық: теориялық білімдерін практикамен байланыстыра отырып, оқушылардың ой - өрістерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылығын арттыру.
Оқушыларға сигналдық белгілер мен бағалау парағы таратылып беріледі.
Үй тапсырмасы «Кубизм»әдісі арқылы сұралады.
1. Зерттеңіз Сыртқа шығару жүйесінің бөлімдерін
2. Суреттеңіз Бүйрек құрылысын суретте
3. Салыстырыңыз Бүйрек ауруларын тыныс алу ауруларымен
4. Ассосация Бүйрек сөзіне
«Миға шабуыл» кезеңі.
«Тері» сөзіне ассосация құру.
ІІ. «Мағынаны тану» кезеңі.
ЖИГСО әдісі қолданылады. 1, 2, 3, 4 деп санау арқылы жанұялық топтан эксперименттік топқа келеді.
1 - топқа: терінің құрылысы.
2 - топқа: терінің маңызы.
3 - топқа: шаш және оның гигиенасы.
4 - топқа: терінің гигиенасы.
Эксперименттік топтан қайтадан жанұялық топқа келіп, кластер жасай отырып жұмыс жасайды.
ІІІ. «Ой толғаныс» кезеңі.
«Теріні күте білеміз бе?» атты 5 минуттық эссе жазады.
ІҮ. Зертханалық жұмыс.
«Беттегі терінің типін анықтау.»
Құрал - жабдықтар: қағаз салфеткалар.
Жұмыс барысы:
1. Шұрықтар мөлшерін анықтау:
а) шұрықтар көрінбейді;
б) шұрықтар үлкен, олар апельсин қабықтарына ұқсайды.
2. Қағаз салфеткаларды беттің әр жеріне жақындатып басыңыздар, оның түсінің қай жерде көп өзгеретініне көңіл бөліңіздер.
3. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
а) сіздің бетіңіздің қай бөлігі терінің қандай типіне жатады?
б) майлы, құрғақ және қалыпты теріні күту ережелері қандай?
4. Қорытынды.
Ү. Үйге тапсырма.
Мәнжазба жазу. «Дәрілік өсімдіктерді косметикада пайдалану.»
ҮІ. Бағалау.



© 2010-2022