Экологиялық жоба Мұратсай бөгенінің экологиясы

Экологиялық жоба "Мұратсай бөгенінің экологиясы" Ел қонысы –Мұратсай   Мұратсай елді  мекенінің аталуы Кеңес Үкіметіне дейін осы жерде мекендеген Мұрат есімді әрі шаруасы бар адамның есіміне байланысты.Кейін бұл жер осы кісінің атымен аталып кеткен.Оны профессор Айсұлу Бисенғалиева да (Орал қаласы) «Алтын сандық» атты кітабында «Ел қонысы-Мұратсай» атты мақаласында келтірілген. 1975 ж. 5 мамырда КСРО Үкіметінің жарлығы бойынша М.Маметова атындағы қой совхозының  №6  бөлімшесі мен “Ордa” қой совх...
Раздел Биология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жоспар:

I Кіріспе бөлім:Ел қонысы-Мұратсай!

II Негізгі бөлім: а)Мұратсай табиғаты мен экологиясы

ә)Мұратсай бөгені немесе Мұратсай көлі

б)Көл экологиясы-басты мәселе

III Қорытынды: «Су жүрген жер-береке»









Ел қонысы -Мұратсай

Мұратсай елді мекенінің аталуы Кеңес Үкіметіне дейін осы жерде мекендеген Мұрат есімді әрі шаруасы бар адамның есіміне байланысты.Кейін бұл жер осы кісінің атымен аталып кеткен.Оны профессор Айсұлу Бисенғалиева да (Орал қаласы) «Алтын сандық» атты кітабында «Ел қонысы-Мұратсай» атты мақаласында келтірілген.

1975 ж. 5 мамырда КСРО Үкіметінің жарлығы бойынша М.Маметова атындағы қой совхозының №6 бөлімшесі мен "Ордa" қой совхозының №2 бөлімшесіне қарсы Тайғара жері "Мұратсай" қой совхозы болып құрылды.

Жер көлемі- 91559 га. Оның 12531 га- егістік,75419 га-жайылымды жерлер, 200 га суармалы жер болды.

Бүгінгі таңда Мұратсай ауылы- Бөкей ордасы ауданына қарасты, Мұратсай ауылдық округінің әкімшілік орталығы.

Мұратсай табиғаты мен экологиясы

Мұратсай ауылы Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс Каспий маңы ойпатында орналысқан. Шекарасы солтүстігінен Жәнібек ауданымен, батыста Ресеймен, оңтүстік батыста Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылдық округі және «Хан Ордасы» ЖСШ-мен, ал шығыста Бисен ауылдық округімен шектеседі. Жер бедері жазықта, сай-салалы болып келеді. Солтүстік- батыстан оңтүстік- шығысқа қарай жері тегіс келеді.

Климаты - қатаң континентті. Мұхиттар мен теңіздерден қашық болғандықтан, қысы суық, бірақ батыстан келетін циклонның әсерінен кейбір кезде жылылыққа ауысып отырады. Жазы ыстық әрі құрғақ та, ұзақ болады. Климат түзуші бірінші фактор-Күн радиациясының әсерінен бір шаршы сантиметрге 11120 ккал-ға дейін жылынады. Қыс кезінде күн сәулесінің түсу бұрышының азаюына байланысты, сонымен бірге күннің қысқарып, қар жамылғысының күн сәулесін шағылыстыратынына орай кун радиациясының мөлшері азайды.

Екінші фактор- ауа массасының әсерінен. Үш түрлі ауа массалары әсер етеді. Бұлар арктикалы, полярлы (қоңыржай) және тропиктік ауа массалары. Осылардың ішінен, әсірессе, қыс айларында Азия антициклонының ішкерілей енуі нәтижесінде ауаның температурасы төмендеп, ашық ауа райы қалыптасады. Ол жаз айларында ыстық ауа райын түзеді. Ал көктем мен күз айларында кенеттен түсетін салқын ауа болады.

Атлант мұхитынан келетін қоңыржай ауа массалары жылдың қай мезгілінде болсын климатты жұмсартып, ылғал әкеледі.

Үшінші фактор-Жер бедері.Ол ауа температурасына, ылғалдылығына, желдің жылдамдығына белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Сондықтан әр жердің өз микроклиматы бар. Мысалы Мұратсайдың да өз климаты бар. Соңғы он жылдағы ауа райының жергілікті бақылауының нәтижесінде көз жүгіртсек (мұғалім-географ Каспи Жахатов) 1990ж. қаңтар айында ең салқын күн "13"күні-"200С", орташа температурасы -50С, айдың «15» күні ашық, «16» күні бұлтты, жауын- шашын болған жоқ. 1990ж. шілдеде -ең ыстық күндері+34-360С, орташа +24,30С, бұлтты, жауын-шашынды күн-7, ашық күн-24.

Жылы

Айы

Бұлтты күндер

Жауын шашын

Ашық күндер

Аңызақ күндер

Дауылды күндер

Ең төменгі температура

Ең жоғары температура

Қаңтар

Шілде

1990

-5 0С

24,30 С

16;7

16;7

15;24

-15

2;6

-200С

360С

1991

-4 0С

25,80 С

11;3

11;3

20;28

-23

1;2

-260С

410С

1992

-4,5

24 0С

13;8

11;8

18;23

-15

7;10

-260С

360С

1993

-4,6 0 С

24,20 С

20;8

19;8

11;23

-15

13;11

-210С

370С

1994

-4 0 С

21 0С

18;4

18;4

13;27

-8

3;4

-170С

330С

1995

-5,7 0 С

-

13;-

11;-

18;-

-

2;-

-180С

1996

-12,70С

26 0С

7;4

7;3

24;27

-28

-;3

-230С

380С

1997

-90 С

27,30 С

18;5

18;5

13;26

-29

-;2

-250С

380С

1998

-11,70С

22,8 0С

10;11

10;11

21;20

-15

-;-

-270С

400С

1999

-30,50С

25,7 0С

15;8

15;8

16;23

-24

1;5

-160С

410С

2000

-2,10 С

25,4 0С

12;10

12;10

19;21

-22

2;2

-200С

410С

2011

-6,70С

35 0С

18; 7

7; 1

13; 24

-15

2;5

-220С

420С

2012

-8,20 С

31 0С

20; 8

10; 1

11; 23

-16

4;7

-250С

400С

Көпжылғы бақылаулардың қорытындысы бойынша бұл күндердің қаңтардағы t0-сы -24-250. Атмосфераның ғаламдық жылынуы туралы ғалымдарымыздың айтқаны келіп тұрғандай. Дегенмен, шекті температуралардың амплитудасы да арта түскендей.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері -180-200 мм.Ылғалдың көбі қыста,ерте көктемде және күзде түседі. Қардың орташа қалыңдығы-10-15 см.

Топырағы: - ашық қызғылт және сұрғылт. Жалпы шөлейт зонасына және оның геологиялық қалыптастыру жастығына қарай құрамында тұз қоспаларының көп мөлшерде болуы тән. Топырағының құнарлы органикалық бөлігі- 1-2,2% шамасында. Сортаң, сорлы жерлер көп кездеседі. Сондықтан бұл жерлерде шөп жамылғаны, негізінен, жусанды-боз, ақселеу, қоңырбас топтарынан тұрады. Басым өсімдіктер акселеу, боз, бетеге, жусанның түрлері (ақ, сарыбас, боз, қара) қоңырбас, келіншекбас, сүттіген, ебелек, ошаған, жантақ, бақ-бақ, меңдуана, еркекшөп, бидайық,бәйшешек,қызғалдақ, т.б. шөптер өседі.

Пайдалы қазбалары:-саз балшық, одан кірпіш тас соғып құрылысқа пайдаланады. Сондай-ақ қамыс та құрылысқа,отын ретінде қолданылады.

Жануарлары:-Құстар: торғайлар, қарға, сауысқан, көкек, қарлығаш, безгелдек, қарақұс, ителгі, құтан, тырна, жапалақ, шіл. Жыл құстары- аққу, қаз, үйрек, шағала, қасқалдақ, қырғи, құладын, күйкентай, қызғыш, дуадақ, шіл, жылқышы, үкі, әупілдек.т.б;

Сүтқоректілер- қасқыр, қарсақ, түлкі, күзен, борсық, қоян, ондатра, кірпі, жарқанат, киік, саршұнақ, дала және үй тышқаны;

Бауырымен жоғалаушылар: Кесіртке, сарыбас жылан, сұр жылан, кәдімгі гадюка, т.б.;

Қосмекенділер: көлбақа, құрбақа;

Сондай-ақ, құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей, маса, көбелек, т.б. қарапайымдылар.

Экологиясы:- ҚР-ның жері экологиялық жағынан үш ауданға бөлінеді:

I-Экологиялық таза;

II-Экологиялық орташа;

III-Экологиялық лас:

Біздің аудан экологиялық жағынан орташа ауданға жатады. Алайда, Кеңес кезіндегі ядролық сынақ 1947-1995 ж.ж Капустин-Ярдан ( Ресей) біздің жерімізде болғандықтан топырық,ауа,су ластанды.Адам да,мал да ауруға үшырады. Жүрек-қан тамыр, ақ қан, қатерлі ісік аурулары мен кемтар сәбилер өмірге келді. Мысалы: Зинешев Ерболаттың 13-14 жасар баласы (Ілияс), Дүйсенғали Есенбаевтың қызы, Өтепов Саматтың қызы, Абдрахов Уалихан- ақ қан ауруы, Ниталиев Мәліктің мүгедек баласы, ал қатерлі ісікпен қан тамыр ауруынан қайтыс болғандар бірнеше ондаған адамдар.

Мұратсай бөгені

Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясында (401-б; «Арыс» баспасы, Алматы 2002ж) «Мұратсай бөгені - Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылдық округінің аумағында орналасқан. Көлемі 16,2 млн,м3. Мұратсай бөгені Жәнібек суару-суландыру жүйесінің суы ағады. Маңайындағы елді мекендердің жайылым жерін (1059 га) сумен қамтамасыз етеді» деген шағын ғана мәлімет берілген.

Жәнібек ауданының Ұзынкөл-Мұратсай жағынан басталатын табиғи судың ағыс жырасы біздің аумақта үлкен сулы сайға айналып Тобылғы, Күрілдеуік, Қарағаш бөгеттері арқылы Шала Қопа көліне, Қарасу жылғасы арқылы Хаки сорына барып жалғасады. Мұратсай ауылы маңындағы ең терең жері 14 м (1975 ж). Суы ащы- рН- 7,93 . Хлорид, сульфат тұздары, иондары бар. Біркелкі мөлдір. Жазда тартылып ащылана түседі. Балдыр өседі. Жағасында қамыс, құрақ, жыңғыл, тал, т.б. өсімдіктер өседі. Суында сазан, табан, шортан, көксерке, алабұға, қарась, қара балық, қызыл қанат балық, қосмекенділер, өзен шаяны, айқұлақ, ұлу, ондатра, жыл құстары тіршілік етеді.

Мұратсай табиғи су қоймасы. Оны пайдалану жөнінде 1975 ж. совхоз құрылғанда 200 га жерді суландыру бөлігіне беріп, канал салынып, су айдайтын насос қондырылды. Ресейдің Палласовка ауданындағы Тарғын өзенінен Жәнібек арқылы су жіберілді. 2000 ж. Келісім бойынша 1 млн.м3, соңғы жылдары 3 млн.м3 астам су айдалуда. Жер асты суының маңызы зор. Алайда, шөлейт зонада орналасқан және жерінің күндізгі беті тұзды болғандықтан суы ащы. Тұщы жер асты сулары Әжен, Тайғара елді-мекендерінен ғана 15-20 м тереңдіктен шығады. 1990 ж. Орда ауылының Әймекен жерінен Орда-Мұратсай-Жәнібек және Мұратсай-Сайқын су құбырлары жүргізілді.

Қазіргі кезде экологиялық мәселелер ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Жалпы жер бетіндегі күллі адам баласын толғандырып отырған өзекті мәселелердің бірі де осы экологиялық мәселе болып саналады. Күнделікті тұрмыс-тіршіліктің қалыпты өтуінің өзі де экологиялық мәселелерге тығыз байланысты. Сондықтан да «Экология -ел тағдыры» деген сөз тіркесі қазіргі өмірімізде өте жиі айтылып жүр.

Соңғы 40-50 жылдың ішіндегі еліміздің табиғат байлықтары қорының азаюы, қоршаған ортаның шектен тыс ластануы және осылардың адам ағзасына зиянды әсерлері айқын байқалуда. Еліміздегі экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу шараларына мемлекетіміз ерекше көңіл бөліп отыр. Соның бір айғағы - 2007 жылдың 9 қаңтарында қабылданған «ҚР-ның экологиялық кодексі». Бұл маңызы өте зор жүйелі түрде жинақталған экологиялық заңнамаларға жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Республикамыздағы экологиялық "30" нашар ауданның қатарына біздің Бөкей ордасы ауданы жататын болса, оңың бір бөлігі - Мұратсай ауылы аумағы. Мұратсай ауылы экологиясының нашарлауының үлкен бір көлігі- Мұратсай бөгенінің ластануы. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, Мұратсай бөгені су қоймасы болғандықтан, оған Кеңес Үкіметі кезіңде қарағанда, соңғы жылдары Ресейдің Палласовка ауданындағы Тарғын өзенінен Жәнібек арқылы жіберілетін су көлемінің көп мөлшерде азаюы немесе бір жылдары тіптен тоқтап қалуы. Мысалы, бұрынғы жылдары Палласов жүйесінен Жәнібек суару жүйесіне 70-80 млн. м3, ал, 2000 жылдары 4-6 млн.куб, м3 су жіберілген.Оның Мұратсай бөгеніне келетіні жоғарыда келтірілгендей, 1-3млн м3 шамасында.

Екінші себебі-ауыл тұрғындарының көлдің және оның айналасындағы тазалығына неқұрайлы қарауы; көл айналасына күл-қоқыс тар төгу, қыс мезгілінде көлден мал суару, сонын салдарынан көлге мал тезегі немесе мал өлекселерінің түсуі, тазалық сенбіліктерінің аз жүргізілуі, т.б.

Ел байлығы, ауыл ырысы, белгілі бір деңгейде күн көрістің көзі де болып отырған Мұратсай бөгенінің экологиялық мәселелерін шншуге бағытталған төмендегідей шараларын белгілеуге болады:

- Палласов жүйесінен келетін суға мемлекет тарапынан жеткілікті деңгейде ақша бөлу;

- Жәнібек арқылы келетін каналды тазарту жүмыстарын жүргізу;

- Көл жағалауына ауыл тұрғындарын тарта отырып, тазалық жұмыстарын жүргізу;

- Ауылдың шығыс бетіндегі тартылып қалған каналға су жіберіп, қыс мезгілінде мал суаруды тек сол жерден ғана ұйымдастырса,бкөлдің негізгі бөлігін мал тезектері немесе өлекселерінен сақтауға болады.

Негізгі бөлігі ауылдың солтүстік жағында орналасқан көлдің арғы жағалауларында қамыс, жыңғыл өсетін болса, бергі ауыл жақ бетінде, жоғарыда айтып өткеніміздей, ешбір тал-терек жоқ. Осы мәселені әкімшілік пен мектеп, басқа да мекемелер, ауыл адамдары болып, жоспарлы түрде тал отырғызып, күтімге алу арқылы шешуге болады. «Бабалар еккен шынарды, балалары саялайды», көл жағасында жайқалып тұрған тал-терек әрі ауа тазалығына, әрі саясы демалуға таптырмас орын болар еді.

Мұратсай бөгенінің суы мал және шаруашылыққа пайдалануға жарамды Туристік мәдени демалыстарға пайдалануға санитарлық эпидемиологиялық тұрғыдан сай келеді. Оны аудандық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығы РМҚК арқылы анықтадық. Көліміздің байлығы, экологиясы, ластануы және сараптама қорытындысы қосымша беттерде көрсетілген.

Жаз мезгілінде суға түсетін арнайы орын белгіленіп, ол жерге де көгалдандыру жүмыстарын жүргізсе, суға түсуге арнайы жағдайлар жасалып, демалыс орындарын салса дұрыс болар еді. Себебі, жаз мезгілінде демалушылар кез келген жерге түсіп, демалып, отырыс жасап, т.б. тамақ қалдықтарын тастау арқылы көлдің ластануына тағы жол береді. Ал жаңағыдай арнайы орын болса, халықтың мәдени демалуына, тазалық сақтауына әсері болары сөзсіз.

Пәк-Табиғат жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен Ананың

Туған жердің табиғатын аялау, - деп Р.Сәтімбетов жырлағандай, туған жер, Табиғат -Анамызды пәк қалпында сақтау, аялау немесе қалпына келтіру, қорғау-бүгінгі ұрпақ біздердің зор міндетіміз.

Экологиялық жоба Мұратсай бөгенінің экологиясы

Экологиялық жоба Мұратсай бөгенінің экологиясы

Экологиялық жоба Мұратсай бөгенінің экологиясы



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. География оқулығы. 8, 9 сынып.

2. Географ- биолог ардагер ұстаз К.Жахатов жазбалары.

3.Авторский коллектив ЗКГУ им.А.С.Пушкина. «Природно- ресурсный потенциал и проектируемые объекты заповедного фонда ЗКО» г. Уралск, 1998 год.

4. Интернет жүйесі.

© 2010-2022