Организмдердің жеке дамуы З. А. Жақаева

Раздел Биология
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы

Тарбағатай ауданы

"Жетыарал орта мектебі" КММ


Пән: биология

Сынып: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі.

Пән мұғалімі: Жақаева Зина Аширжанқызы

Организмдердің жеке дамуы З.А.ЖақаеваОрганизмдердің жеке дамуы З.А.Жақаева

















2015-2016 оқу жылы







Сынып: 10 Күні: 05.02.2016 ж.

Тақырыбы: Организмдердің жеке дамуы (онтогенез) түсінігі

Мақсаты: Ұрықтану дамуы мен кезеңдерінің білгілі бір заңдылықтар негізінде өтетіндігі жайында түсінік қалыптастыру.

Табыс критерилері:

  1. Эмбриология - организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым екенін түсінеді.

  2. Онтогегез- бластула, гаструла, және нейрула сатыларының негізінде дамитынына көз жеткізеді.

  3. Постэмбриондық дамудың түрлерін ажырата алатын болады.

Материалдар:

Бейнефильм - «Көбелектің дамуы», ылғал препараттар- «Тауықтың дамуы», «Бақаның дамуы», таныстырылым, «Бағдаршам» беттері, алдын ала берілген тапсырмалар, стикер, бағалау парақтары, түрлі- түсті маркер, таратпа материалдар (мүшелердің суреттері),

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: 5 мин.

І. Сынып оқушыларын 1,2,3,4,5,6 сандар арқылы топқа бөлу, бағалау парағын тарату, топ ережесін іліп қою.

ІІ. Қызығушылықты ояту- интерактивті тақтадан бейнефильм көрсету 2-мин.

ІІІ. Бейнефильм арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын оқушылармен бірге анықтау. Бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жаздыру.

Сабақтың мақсатын анықтаған соң, интербелсенді тақтадан мақсатын көрсету.

ІІІ. Мағынаны ажырату:

1тапсырма: Жаңа тақырыппен танысу үшін кітаптағы бөлімдер топтарға бөлініп беріледі. Аялдамамен оқу стратегиясы 15мин

І топ. Эмбриология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер

ІІ топ. Ұрық дамуының үш сатысы

ІІІ топ. Постэмбриондық даму

Осы мәтіндерді пайдалану және өздері дайындап әкелген қосымша мәліметтері бойынша, ойларын ортаға салып, Постер жасайды.

Постер жасап болғаннан кейін, әр топтан бір оқушы постерді алып, келесі топқа барып түсіндіреді. Әр топ 3 постерді алмасу арқылы танысып шығады. Танысып болған соң тақтаға апарып іледі. 1-2; 2-3; 3-1; 3-2; 1-3

Тақырыпты қаншалықты түсінгендерін тексеру үшін топтар бір - біріне сұрақтар қояды. -2 мин. Мысылы:

  1. Эмбриология ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері?

  2. Ұрық дамуының қандай үш сатысы бар?

  3. Постэмбриондық дамудың түрлері қандай? «Түймедақ» стратегиясы бойынша.

Сергіту сәті: «Жоғары сынып оқушыларына арналған ертеңгілік жаттығулар» - 1 мин

2 тапсырма: Әр топтың алдына «Эмбриология», «Онтогенез», «Постэмбриондық даму» сөздер жазылған А4 қағазы таратылады. Осыған топ мүшелері алдын ала кабинеттің әр жеріне жазылып ілінген биологиялық терминдерден сәйкесін тауып жабыстырады, түсіндіреді.

ІІІ. Қорытынды:

«Бағдаршам» арқылы жаңа сабаққа қорытынды жасау. Сабақтың мақсатына қайта оралу.

Тақырыпты нақты түсінсе- жасыл түс көтереді;

Тақырыпты жартылай түсінсе- қызыл түс көтереді;

Тақырыпты түсінбесе- сары түс көтереді.

ІҮ.Бағалау парағы арқылы бағаларын қою.

Ү. Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек!» стикерге жазу арқылы бәйтерек ағашына жабыстыру.

Үйге тапсырма:

Ітоп- таныстырылым

ІІ топ - бейнефильм

ІІІ топ - эссе

.

















© 2010-2022