Мұғалім мектеп айнасы (эссе)

Мұғалім мектеп айнасы(эссе)            Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құ...
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазіргі заманның мұғалімі қандай болуы керек?(эссе)



«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»-деген екен Әл-Фараби бабамыз.

Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. «Уақыттың жалғыз өлшемі бар ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол - арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала - мектеп және оның мұғалімі.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мәселе алдыда тұр. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек. Қазіргі қоғамдағы мұғалім - жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек.

Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты - саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың, яғни жаңашыл мұғалімнің қолынан келеді дегім келеді. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,

Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.

Шаршаса да осы жолдың бойында,

Қандай рақат, шын бақытын тапса адам.













Мұғалім мектеп айнасы(эссе)

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың қазіргі жаңа технологиясын шебер терең меңгерген болғанда ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Мұғалімнің бір ғана сыры - оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам - кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры - мұғалімнің тілді меңгеруі - тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі - өнер. Себебі, тіл - тәрбие құралы. Төртінші қыры - байқағыштық сезімі-көрегендігі. Бесінші қыры - әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры - жан-жақты дарындылығы. Жетінші қыры - үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры - үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті-сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға.
Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз ұстаздың қолынан келеді. Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал-тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде. Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемалар да баршылық. Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбек қажет, ал ол үшін жағдай керек.
"Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады" деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.
Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалімде - озық техникалық, электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына, рухани өсуіне, әдеби-мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.
Енді осыған сәйкес ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқтала кетейік: Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі нәтижеге қол жеткізе алады. Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады, азаматтық ар-ожданын үнемі қорғай алады. Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Мұғалім қай пәннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің әр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық "Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым-қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады" дейді. Үшіншіден, міндетті орта білім беру, стандартты оқулықтарды пайдалану, ақпараттардың көбеюі, т.с.с. Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп-салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жету мүмкін. Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымда бала тәрбиесіне негіз етіп алуы шарт. Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет.
Ал, ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпасада түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуы тиіс. Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. "Ұстаз" сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі - белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы десе, екіншісі - жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз - баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Елбасымыздың осы жылғы Жолдауында "Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет" - деп айқын атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған жолдауында "ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз" деген болатын.
Қашан да білімді ұрпақ - болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры - жас ұрпақтың тағдыры - бүгінгі ұстаздардың қолында.











ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болуы керек?

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өз ойларын нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни көзқарасы жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгере алатын, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын көздейді. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясеткерлер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?» деген екі мәселе алдында тұр. Әлемдік өркениетке сай сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Жаңа тәсілдер қолдану стратегияларын қамтитын бағдарламалар мұғалімдердің оқу үрдісінде нәтижеге жетуіне өз ықпалын тигізеді. Әлемдік білім алу деңгейіне жетудің негізгі мақсаты - оқушыларға білім беруде жаңа стратегияларды қолдану, сабақ берудің стереотипін өзгерту, сабақ өткізу арқылы зерттеу болып табылады. Білім беру үрдісін заман талабына сай жақсартудың тағы бір жолы-инновация яғни, білім алу жолындағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау және қолдану үрдісін басқару. Бұл білім беру мазмұнына, әдісіне, формасына ұйымдастыруға және басқаруға қатысты. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық модуліне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім - ұстаз, иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник (инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог) дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді. Яғни әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, меңгергеннен соң сабақ барысында қолдану өткізеді. Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, әр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог - ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа тәсілдері жеткілікті. Қазіргі қоғамдағы мұғалім - жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар, әрі оқушысын осы қасиеттері арқылы өз бетінше оқып, ізденіп кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы керек. Ұстаздар тобына коучинг сабақ өткізу мақсатында, мен жүз пайызға барып келген мектебіміздің қазақ тілі пәні мұғалімі Сақтағанова Райсамен және мектеп әкімшілігімен ақылдасып, олардың да ойларын, пікірлерін мұқият тыңдап, мұғалімдердің оқытудағы тәжірибесін жақсарту мақсатында коучинг сабақ өткіздім.
Әкімшілік өкілдерімен кеңескеннен кейін коучинг сабақтарымды өткізуді жоспарлап, мұғалімдермен әңгімелестім. Әңгімелесуге ұжымның (әкімшілікті қоспағанда) жиырма мұғалімі қатысты. Әңгіме барысында мұғалімдерге деңгейлік бағдарламаның мақсат -міндеттері, күтілетін нәтижелері туралы жан - жақты түсінік беруге тырыстым.
«ХХІ ғасыр мұғалімі» деген тақырыбын алдым. Бірінші сергіту сәтін өткізіп, мұғалімдердің көңіл - күйлерін көтеріп алдым, ынтымақтастық атмосфера құрылды. Әр түрлі гүлдердің суреттерін таратып беру арқылы мұғалімдерді үш топқа бөлдім:
1-топ «Жас қанат»,2-топ «Шабыт»,3-топ «Жас ұлан».Әр бір топ өз аттарын таңдап,сол аттарға байланысты өз пікірлерін, идеяларын ортаға салып, топ ережесін құрып, өз мақсаттарын айтып өтті. Топқа бөлу,топ аттарын таңдау өте қызықты болды. Бұрын бұл әдіс-тәсілмен таныс емес мұғалімдер, әсіресе, жас мамандар басында түсінбей,сабақ барысын түсінген соң қызығушылық танытып іске шын ықластарымен кірісіп кетті. Бірлескен оқу ортасында әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, бір-бірін тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.

Топқа бөлу нәтижесінде мұғалім оқушының өзара пікір алмасуы, өз ойларын ортаға салып ақылдасуын, оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, талқылауға белсенді қатысуға мүмкіндік алады, осы мақсат іске асқан жағдайда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізетіндігін және оқушылардың не білетінін және нені жасай алатындығын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысатындығын ұғынды.
Иновациялық сабақ бойынша бейне ролик көрсету арқылы, «ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек?» деген сұрақ қойылды. Осы сұраққа жауап ретінде әрбір топ өз ойларын постерлерге жасап, өз топтарын қорғап шықты. Мұғалімдер бір-бірімен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін ашық емін- еркін айтып қызу жұмыс үстінде.




«Жас қанат» тобы бұл сұраққа былай жауап берді:
Өз пәнін жетік меңгеру, ақпараттық жаңа технологияны тиімді пайдалану, жаңа технологиялық әдістерді меңгеру, құзырлы болу, оқушылардың психологиясын түсіне білу, ой қиялы ұшқыр болса ғана ХХІ ғасыр мұғалімі бола алады деп аяқтады.
«Шабыт» тобы: өсіп келе жатқан ағаштармен бейнелеу арқылы санатты, тәжірибелі, ұлағатты, жаңа технологияны жетік меңгерген, мәдениетті, жан-жақты дамыған мұғалім болу керек.
«Жас ұлан» тобы: тәжірибе алмасатын, сауатты, үш тілді жетік меңгерген, психолог, салауатты өмір салтын ұстанатын, салмақты, ортаға сыйлы, ізденімпаз, білікті маман, оқу әдістерін бірнеше сабақпен ұштастыратын мұғалім ғана ХХІ ғасыр мұғалімі бола алады деп сөзін жумақтады.
Үш топты салыстыра отырып бірінің айтқан сөздерін екіншілері қайталаған жоқ, әрбір топтың өз пікірі, өз талаптары, алдына қойған мақсаттары бар. Коучинг сабаққа қатыса отырып мұғалімдер, өздерін оқушы орнында отырғанда ғана жаңа әдіс-тәсілді үйрене отырып, бізде осылай сабақ өтсек, бұл біз үшін тиімді әрі қызықты сабақ екендігіне көздері жетті. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдыларымен амал көзқарастарына зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс үдерісін барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды. Осы мақсатта мұғалім жұмыс үдерісіне мақсатқа жету жүйесін енгізеді.
Сабақтың соңында жеті модульмен таныстырып өттім. Әр бір модульге жеке-жеке тоқтап, сабақ барысында қалай пайдалану керек екендігін түсіндіріп бердім. Сосын мұғалімдер рефлекция жазды. Бүгінгі сабақ қалай өтті? Ұнады ма, әлде ұнамады ма деген сұраққа жауап берді. Бүгінгі сабақты қорыта келе отырып мынадай нәтижеге қол жеткіздім:
- мұғалімнің өзіндік іс тәжірибесін жаңа заманға сай жаңарту;
- озат тәжірибелі мұғалімдермен байланыста болып,тәжірибе алмасу;
- педагогикалық, ғылыми жаңалықтарды игеру, әдістемелік құралдарды меңгеру;
- қалаған тақырыбы бойынша педагогикалық зерттеу жүргізу;
- әрбір ісін сынақтан өткізіп қателігін талдап отыру.
Инновациялық үрдістің өмірге келуі қоғамдағы әлеуметтік сұраныстар мен білім жүйесіндегі білім беру саясатының нәтижесі себеп болады. Білім беру саясатының мәні, мақсаты білім беру ісін замана талабына сай ізгіліктендіру, білім алу кеңестігін кеңейту, оқыту пәндерінің мазмұнын үздіксіз тереңдету, оқыту үрдісіне мұғалімнің жаңаша көзқараста болуын қамтамасыз ету, сабаққа ғылыми ізденіс элементтерін ендіру, әрі осы аталынған іс әрекеттерді оқушылармен бірге күнделікті іске асырып отыру.Сондықтан мектеп өмірінде білім беру ісін жаңарту жолдары жүргізіледі.
Мұғалім жеке көзқарасы бар,соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы.
Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілет болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұхият қарайтын дәуір.
Мұғалімнің басты мақсаты - қоғамның сұранысына лайықты ізгілік қасиеттерді бойына сіңірген тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ізгіліктің нұрына бөленген ұлы ұстаз Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деп сонау бірінші мыңжылдықта айтқан ұлағатты сөзінің мәні де осында жатыр.


© 2010-2022