Интеллектуальный урок по биологии Білімді дарабоз. Биология үйірмесінің кеші

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үйірме кешінің тақырыбы: «Білімді дарабоз»

Мақсаты:

  • Оқушылардың білімдерін тексеру, алған білімдерін тиянақтау, берілген тапсырмаларды орындап, нәтижесін алу.

  • Компьютерде программамен жұмыс жасауда әр-түрлі амал-тәсілдер арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  • Танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Берілген топтық жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, көрнекіліктер, гүлдер, «ActvStudo» бағдарламасы

Барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Білімді дарабоз» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әрқашан білімнен қашпаймыз,

Білімсіз шуақнұр шашпаймыз.

"Білімді дарабоз" атанып,

Ал енді сайысты бастаймыз.

Сайысымызға қатысатын оқушылар екі топқа бөлінеді. І топ - «Атамекен» тобы, ІІ топ - «Табиғат» тобы.

Сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Сайыстың кезеңдері

1)Таныстыру

2)Менен сұрақ сізден жылдам жауап

3)Сәйкестендіру

4)Ғажайып бестік

5)Мені тап

6)Ең,ең,ең......

7)Жұмбақтар

8)Полиглот


Сайысымызға қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.

1- кезең: «Таныстыру». Екі топ постер қорғау арқылы өз топты таныстырады

2- кезең: «Менен сұрақ, сізден жылдам жауап» . Бұл кезеңде топ басшыларына 10 сұрақ жасырылады. Жауапты қазылар талқылап, дұрыс жауапқа 1 ұпаймен бағалайды

Бағындырып ең биік асқарды,

Тылсымына тарататын жастарды.

Ендеше кәнекей назар салайық

Топ басшылар кезеңі басталды.

1-топ

1.Жиырылуға қабілетті ұлпа? «Бұлшық ет»

2.Бүйректің ең қауіпті ауруы? «нефрит»

3.Адам жасушасының ядросындағы хромосома саны? «46»

4.Ғаламшарымызда тазалаушылар? «шіріту бактериялар»

5.Ең жіңіке қантамырлар? «капилляр»

6.Иод алынатын өсімдік? «балдыр»

7. Қаңқа қалдығы Ява аралығынан табылған ежелгі адам тобы? «питекантроп»

8.Бір қабатты ұрық «бластула»

9.Ерігіштігі жөнінен гидроскопты қосылыстар? «майлар»

10.11-13см бұлшық етті мүше? «жұтқыншақ»

2-ТОП

1.Адам 1минутта неше рет тыныс алып дем алады? «16-18»

2.Күнге тура қарай ұшатын құс? «Бүркіт»

3 .Затты ұлғайтып көрсететін құрал? «микроскоп»

4.Инфекциялық аурудың қоздырғышы не? «вирус»

5.Иісті сезбейтін жануар? «дельфин ,кит»

6.қазақстанда өсірілетін дәрілік өсімдіктердің түрі қанша? «500»

7.Қанда эритроциттердің азайып гемоглобеннің кемуінен болатын ауру? «қаназдық»

8.Құстарда болмайтын мүше? «қуық»

9.Сау адамға ауру жөтелгенде,сөйлегенде жұғатын өкпе ауруы? «туберкулез»

10.Адам қандай түрге жатады? «саналы»

3 -кезең: «Сәйкестендіру». Мұнда флипчартпен тапсырма беріледі. Сайыстың шарты жасырылған аңдарды жануарлар типтеріне орналастырады. Дұрыс жауап 1 ұпай.

1.Жыртқыштар: арыстан, жолбарыс , қасқыр,түлкі.

2. Қосмекенділер: бақа, балық, саламандра, құртпошымды.

3. Бунақденелер: көбелек, инелік, шегіртке, құмырсқа, дәуіт.

4. Сүтқоректілер: жарқанат, кит, дельфин, кенгуру, піл.

5. Жорғалаушылар: жылан, қолтырауын, тасбақа, кесіртке.


4- кезең: «Ғажайып бестік».

Ел үшін қиналмас өзекті ер,

Етеді еңбегін төгіп тер.

Білімнің танытар ғажабын,

Ғажайып бестікке кезек бер.

Бес ұяшықта тақырып бойына жасырылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа таңдалған ұпай беріледі.

Интеллектуальный урок по биологии Білімді дарабоз. Биология үйірмесінің кеші

5- кезең: «Мені тап». Бұл кезеңде таңдалған жануарлардың қимылын топқа жасырады. Дұрыс жауап 1 ұпай.
6- кезең: «Ең, ең, ең ......». Бұл кезеңде тақырыпқа сәйкес берілген сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап 1 ұпай.

7-кезең: «Жұмбақтар» сайысы

1.Сыртқа шығар жолы тұйық

Түсі шымқай қызыл сұйық (қан)

2.Таппайтын тағат,

Тығулы сағат (Жүрек)

3.Көрмеген ешкім,

Дәмін тап

Қара орман асты

Ұйыған қатық (Адамның миы)

4.Жез бейнелі өзі

Кең дал еркесі

Мөп-мөлдір көзі (Киік)

5.Үкінің баласындай

Байғыздың ағасындай (жапалақ)

6.Қаймықпайды күшті аңнан

Қорқады тек тышқан (піл)

7.Денсаулық үшін өмір өзегі (ауа)

8.Күмбір-күмдір қарағыш ,қартайғанша жарадың (құлақ)

9.Тарам-тарам бір ғалам

Айқыш-ұйқыш шырғалаң

Толған ағыс тоқтаса

Жоғалады бірге адам (Қантамыр )

10.аяғы жоқ жүреді

Қанаты бар ұшпайды

Балалар оны

Отырып-ақ ұстайды (балық)

11.Үй ішінде үйі

Жем тасиды жиі (қарлығаш)

12.Алыстан қарасам аппақ

Татып қарасам тәтті-ақ (Қант)

8-кезең: «Полиглот». Сұрақтардың жауаптарын орысша, ағылшынша аудармасын табу.

Қорытындылау.
Осымен сайысымыз аяқталды. Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

№247 орта мектептің биология пәнәнің мұғалімі Бердібекова Шолпан


© 2010-2022