Соғады жүрек-өмірдегі тілек

Раздел Биология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныптан тыс сабақ

Құрметті ұстаздар бүгінгі сыныптан тыс сабағымызға қош келдіңіздер!

9-класс аралығында өтетін сыныптан тыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Тақырыбы: "Соғады жүрек - өмірдегі тірек"

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой-өрісін байқау әрі кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, Жүрек ұғымын жан -жақты ашуға, басқа пәндерімен байланысы бар екенін, оларды өмірде пайдалана білуге оқушыларға түсіндіру ұғындыру.

Тақырыпты ашу үшін:

Өлен оқылады. Тыныштық күйде тындалады.

Жүргемді сақта

Жүрегімді сақта

Бұл алағай шақта,

Бұл бұлағай шақта!

Күнге керек жүрек

Түнге керек жүрек

Саған құнсыз болса,

Гүлге керек жүрек!

Жүрегіңді жебе,

Жүрегімді жебе,

Өзің сүймеген соң,

Өзге сүймес деме.

Жүрегіңді қорға

Жүрегімді қорға

Соғып жүр ол зорға

Соғатындай сорға

Жүрегімді тыңда

Жүрегіңді тыңда

Шақырмашы құзға

Батырмашы мұңға

Жүрегіңе рақым

Жүрегіме рақым

Жүрек деген сұлу

Жүрек деген ақыл

Жүрегіңді сақта

Жүрегімді сақта

Иә ,Тәңірім, көз бер

Жүрек көзі жоққа . Жүрсін Ерман

Оқушылар тақырыбымыз қалай болмақ деп ойлайсыздар ?

Сергіту сәті: Жүректен жүрекке жететіндей бір - бірімізге жылы лебіздер білдірейік. 3-шапалақ рахмет! 3-мин

Мағынаны тану: 15-мин

1-топ Нұржан, Аружан, Жазира , Ақниет , Зарина.

Жүрек құрылысы туралы

2- топ Алтынай, Бексұлтан, Айнұр, Гүлназ, Сағын.

Жүрек ұғымын жақсы жылы сөздермен байланыстыру анамен бала арасында ыстық жүрек екі жас арасында жүрек туралы айтылды.

3- топ Аделина, Сағидан, Әмина, Айткүл, Ернұр.

Жүрек ұғымын әдеби тілде жеткізу.

Абайдың Қара сөздері. Он Жетінші Сөзі

Қайрат, Ақыл, Жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат; «Ей ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз, кәмлетке жетпейтұғын; Әуелі, өзіңді білуге ерінбей жалықпай үйрену керек, ол Меніи ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей жалықпай орнына келтірмек те Менің ісім. Лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір болмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкірліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емеспе? осы екеуі маған қалай таласады?»
Ақыл;«Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын ол Мен, сенің сөзіңді ұғатұғын Мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен. Залалдан қаша алмайды екен. Ғылымды үйреніп алмайды екен. Екеуі маған қалай таласады. Менсіз өздері неге жарайды?»
Жүрек;«Мен Адам денесінің Патшасымын. Қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жылы төсек, тамағы тоқ, жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің тамақсыз қандай болып жаты екен деп, ойлатып, жан ашытып, ұйқысын арылтып, төсекте дөңбекшіп қоймайтын Мен. Ұят сақтап, кішіге рақым қалдырып, Ол Мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Таза болсам, адам баласын алаламаймын, жақсылыққа елжіреп кететін, Ол Мен. Жаманшылық болсада Ол мен. Әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбандық, дейтұғын, бәрі Менен, менсіз осылардың көрген күні не? Осылар маған неге екеуі таласады?»
Ғылым айтыпты; "Қайрат сенің айтқандарыңның бәрі рас, көп өнерлеріңнің бәрі рас, сенсіз ештеңе болмайтұғыны да рас, қаруыңа қаттылығыңа да мол, пайдаң да мол, бірақ Залалың да мол. Кейде жақсылық пен жаандықты Берік ұстап Кетесің, соның Жаман.
ей, Ақыл, айтқандарыңның бәрі рас, сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас, екі дүиненің жайын да сен білесің, амал да, айла да сенен шығады. Сенің қырың көп, Жүрек сенің қырыңа жүрмейді. Жақсылық құмар болады айтқаныңа. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Жиреніп, үйден қуып шығарады.
Қайрат сенің қаруың көп, күшің мол, сені де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Және де қолыңды босатпайды. Үшеуің басыңды қос, бәрін Жүрекке билет, деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Үшеуің бірдей табылсаңдар, топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол. Үшеуіңала болсаңдар да, мен Жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, таза сақта, қалпыңа құдай әрдайым қарады деп, кітаптың айтқаны осы" депті.

сұрақтар қою арқылы постер қорғап жүрек тақырыбын ашылады.

Көрініс: Оқушылар алған білімдерін көрініс арқылы білдірді. Оқыс жағдай болғанда алғашқы көмек көрсете алатындарын айтып өтті. 7-мин

Рефлекция: Тақтада жүрек суреті ілінеді әр оқушы жүректен шыққан жылы лебізді сөзін осы сабақтан алған сөзін жазып іледі. 5-мин

Қорытынды: "Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді, бұл да басты мүше бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес" (Әл-Фараби) 5-мин



© 2010-2022