• Преподавателю
  • Биология
  • Биология сабағы Экология ғылымы. Шығыс өңіріндегі тірі дүние құпиялары, ондағы үйлесімділік

Биология сабағы Экология ғылымы. Шығыс өңіріндегі тірі дүние құпиялары, ондағы үйлесімділік

Экология ғылымы.Шығыс өңіріндегітірі дүниеқұпиялары, ондағы үйлесімділік. Сабақтың мақсаты: Өтілгентарау бойынша білімдерінжүйелеу, олқылықтардыанықтау. Қосымша қысқа метражды деректі фильмбойынша,«Газет беттерінен» айдары бойыншажергілікті ақпараттарменхабардар болу. Көрнекіліктер: Тақтада Тиым сөздер: Аққуды атпа Досыңды сатпа. Аққудай ақ бол, Махабатқасақ бол. Орман- ел дәулеті, жер сәулеті. Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын. Ел – елдіңкөркі, орман-тоғай жердің көркі. Дәрі шөп...
Раздел Биология
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Экология ғылымы. Шығыс өңіріндегі тірі дүние құпиялары, ондағы үйлесімділік.

Сабақтың мақсаты: Өтілген тарау бойынша білімдерін жүйелеу, олқылықтарды анықтау.

Қосымша қысқа метражды деректі фильм бойынша, «Газет беттерінен» айдары бойынша жергілікті ақпараттармен хабардар болу.

Көрнекіліктер:

Тақтада

Тиым сөздер:

Аққуды атпа

Досыңды сатпа.

Аққудай ақ бол,

Махабатқа сақ бол.

Орман - ел дәулеті, жер сәулеті.

Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.

Ел - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі.

Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады.

Бағбан болсаң - бақ өсір, балама деп тал өсір.

Қораңда малың болсын, көшеңде талың болсын.

Дала көркі -мал, өзен көркі -тал.

Жүгері -алтын дән, жүгері жерге сән!

Жүгері малға жем, жүгері -тәтті нан!

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы -- жақсы тәрбиеленген адам. (Эпиктет)

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады.

А. Құнанбайұлы.

Сабақ кезеңдері:

1.Ұйымдастыру (мақсат қою, міндеттерді анықтау)

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Топтық жұмыс ұйымдастыру, бағыт-бағдар беру.

4.Қорытындылау.

5.Үйге тапсырма.

Мұғалімнің бағыт -бағдары мен жұмыс барысындағы ұстанымдарға қоятын талаптары.

Сендердің алдарыңа қойылатын талап - іштей белсенді болу. Талаптың орындалуына негіз болатын жайт- сендердің шабыттарың. Адам шабыттану үшін нақты мақсат қою керек. Бүгінгі күні адамзатта мақсат-мүде өте көп және әрқилы. Дәл қазір сендердің мақсаттарың рухани дамудың жоғары деңгейін алу. Осы мақсатқа жету жолында мұғалімнің нысана ретінде қойған құпия сыйлығы бар. Оны алуды мен сендердің алдарыңа кіші-гірім мақсат етіп қойғым келді. Осы кіші және үлкен мақсат сендерді бүгін шабыттандыруы тиіс. Кім шабыт алады?

Кімде кім осы сыйлыққа ынтызар болса, намысшыл, ақылды, экологиялық танымдылығы жоғары сауатты болса сол бүгінгі күні ерекше ( бұрынғыдан өзгеше әрекеттенеді,) шаршамайды, шалдықпайды өзіне өзі сенімді болып әрекеттенеді.

Қазір біздер адам өмірінде бар жоғы 5пайыз ғана қызмет ететін ми қыртысының жұмысын бар жоғы 0.5 пайызға көтерейік.

Мақсатқа жету жолындағы сәттілікке айналаға деген сүйіспеншілік, сыйластық, жылылық сезімдер мен адалдық, өзіңе деген сенімділік негіз болады екен. Сондықтан біздер осы сенімге кіреміз.

Адамның өзінің өзіне деген сенімділігі оның дене қалпына да байланысты болады деп, мұғалім басшылығымен жаттығу жасалады.

Білімің сенің мол болсын,

Абыройың зор болсын!

Достарыңның сәні өссін,

Толған айдай бағы артсын!

Абыройың тағы өссін!

Қорған болшы халқыңа,

Ел сүйсінер даңқыңа.

Мұғалімнің оқушыларды шабыттандыру мақсатында жүргізген кіріспе сөзінен соң

үй тапсырмасы тексеріліп, даярлық дәрежесі бойынша марапат қағаздары таратылады.

Марапаттау қағаз мазмұнына қарай оқушылар жылдам топтарға бөлініп топтық жұмыс жасалады. ( Алған сыйлық қағаздар мазмұны әрқилы, сол мазмұнмен барлығың танысыңдар. Қосымша ретінде берілген нақыл сөздер мен өсиеттер мазмұнына да жете мән беру сабақтың келесі этаптарында жауап беруде қажеттілігі болады. )

Топтық жұмыс тапсырмалары:

  1. Шығыс өңірінің тіршілік дүниесі туралы нендей мәліметтер берер едіңдер. (Баяндау жоспарына, тірек сызбанұсқа көмегіне сүйенулеріңе болады.)

  2. Ұлан жерінің экологиясы туралы нендей алып қосарларың, толықтыруларың бар.

  3. Өз жерлеріңдегі экологиялық апатты аймақтар проблемасын шешуде тың идеяларың қандай мазмұнды?

1-3-оқушылар төмендегідей мазмұнды мәлімдемелер береді. Тірі дүние құпиялары мен ондағы үйлесімділікті оқып үйрену, сезіну санаға орнықтыруға әбден лайық ақиқат, қажетті әрекеттер. Себебі ғылыми тілдегі экологиялық жүйе, биогеоценоз дегендеріміз - мәдениеттің табиғи үлгісі. Биогеоценоз дегеніміз не? Ол нақты құрылық немесе су үлескісін мекендейтін барлық тірі ағзалардың жиынтығын көрсеттетін бірлестік. Ол жай ғана жинақ емес, ол солардың арасындағы өзара әрекеттестік жиынтығы. Бұл терминді неміс зерттеушісі Карл Мебиус ұсынған. Осы тығыз байланыстағы тұрақты ашық табиғат жүйелерін - экологиялық жүйе дейміз. Эко жүйе ұғымын 1935 жылы ағылшын ботанигі А. Тенсли енгізген. Биоценоз өсімдік жамылғысы өскен құрлықтың бір бөлігін ғана қамтыса, ал экожүйе - кең аймақ көлемінде болатын кез келген зат айналымын қамтамасыз ететін жүйе. Биоценоздағы байланыстар коректену мен энергия қабылдауына тәуелді болады. Осыған орай автотрофтар, гетеротрофтар, продуценттер мен консументтер, редуценттер тб ұғымдары бар.

ШҚО аймағындағы биогеоценозды құрайтын алуан түрлі өсімдіктер мен жануарлар дүниесін неге білмеске. Нақтырақ айтсақ екінші Швейцария атанған Катон-Қарағай жеріндегі ашық тұқымды шырша, қарағайын, Тарбағатай мен Алтай тау сілемдеріндегі экологиялық жүйені, Маркакөл, Зайсан, Алакөлдегі гидрофиттер мен реликтивті жануарлар құпиясын неге білмеске. Халық атауында қызыл балық деп аталған майқан балығы, сүйекті балықтарға жататын сазан, ақ шағала, тұңғиық, қоға, аққанат, балықот сияқты өсімдіктердің қызыл кітапқа енгені әркімді де қызықтырады. Тасқа шыққан қына, оны жарып өскен бұта мен қараған арасындағы қызғалдықтардың дәрілік қасиеттерін білу артықшылық етпейді.

Меніңше бұл жайттарды жай ғана тану, оқу емес, оларға еліктеу, олардан үйрену, табиғаттағы тірі дүние үйлесімділігін қабылдау бізге міндет.

Оттекті боледі

Ауаны шаң-тозаңнан, у-дан тазартады

Бактерияларды жояды.

Ауа райын салқындатады.

Өсімдіктер Топырақ түзуге қатысады.

Азықтың қайнар көзі.

Дәрі-дәрмек (150-ден астам түрі)

1га жердегі жас теректер жапырақтарын жаз бойы 300кг шаң басады.

Бұғы үшін жаз мезгілінде 30-40 кг өсімдік текті қорек керек.

Орман кемірушілері індеріне шөптекті өсімдіктен төсеніш төсейді.

Жануарлар тұқымдарды таратады. Суыр мен тышқандар топырақтан ін қазып, жерді қопсытады. өсімдіктерді індеріне тасып, шіруін тездетеді.

Шұбалшаң 1,5 м тереңдікке кіре алады, қопсытады, оттекпен байытады.

Ащы жусан мен түймешетен алма ағашына оның жауларын - жеміжегіш пен гүлжегішті үркітеді.

Теңіз балдырларының құрамына бром мен иод тұздары болады, тамаққа қосады.

Ламинария атты балдырды қалқанша бездің жұмысын қалпына келтіруде қолданады.

(халықтағы атауы -теңіз орамжапырағы делінеді)

Қытай емгерлері балдырлардың емдік қасиеттерін бұдан 2300 жыл бұрын білген.

Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің 500 түрі дәрілікке жатады. Олар: адыраспан, қараандыз,итошаған,мыңжапырақ,түймешетен, ермен, дәрмене, өгейшөп, бақбақ, шайшөп, қалақай, атқұлақ, қызылтаспа, су бұрышы, ойраншөп, тау қылша т.б.

Соңынан «Түйін сөз» айдарымен қорытындылау, талдау, өзін өзі бағалау өтеді.











Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан Облысы

Ұлан ауданының білім беру бөлімі

«Р. Марсеков атындағы орта мектеп » КММ





«Шығыс өңірінің табиғат тамашалары»


тақырыбында 10-11сынып оқушыларымен өткен сабақтың кеңейтілген жоспары.


Мұғалім Алымбекова Г.Б.





Касым Кайсенов кенті 2014-2015 ж

© 2010-2022