Lesson study бойынша рефлексивтік есеп

Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Рефлексивтік есеп

8 «А» сыныбында 2014-2015 оқу жылының қаңтар айынан бастап биология пәнінен зерттеу сабақтары жүргізілді. Зерттеудің мақсаты - оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін пайдалана отырып сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алғашқы зерттеу сабағы өткізілді.

Бұл сыныптан А деңгейіндегі оқушыға Якупова Гульнараны алдым. Ол биология пәнінен тақырыптарды жақсы меңгерген, ізденушілік-зерттеушілік қабілеті жоғары, есте сақтау қабілетімен ерекшеленетін белсенді оқушы. Гульнара негізінен орыс тілді, сондықтан осы зерттеу сабақтары арқылы оның өзіндік ойын еркін жеткізуге, тақырыптың мазмұнын және топта өз ойын ортаға салу, топ жұмыстарына баға беру арқылы сөйлеу мәдениетін дамытқым келді.Lesson study бойынша рефлексивтік есепLesson study бойынша рефлексивтік есеп

Бірінші зерттеу сабағында ол өз тобында көшбасшы міндетін атқарды және тобындағы басқа оқушыларға да көмектесті, олардың да идеяларын тыңдай отырып, түйінді идеяны шығара білді.

В деңгейіндегі оқушым Сериков Руслан сабағын жақсы оқиды, шапшаң, айтылған ақпаратты тез қағып алады, тапсырма берілсе басқа сыныптастарына қарағанда тез қимылдайды, бірақ өз ойын емін еркін, ашық жеткізе алмайды, бойын «қате болып кете ма?» деген қорқыныш билеген, міне осы қорқынышты сейілту үшін де осы оқушыны таңдап алдым. Осылайша Руслан топтық жұмыстарда оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп, диалог арқылы аз да болса бойындағы қабілетін шыңдап, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын байытады деген оймен топта әр оқушымен қарым-қатынасқа түсуге жағдай жасадым. Бірінші сабақтан бастап Руслан әділ баға беруші ретінде көзге түсті. Lesson study бойынша рефлексивтік есеп

С деңгейіне Абдуллин Дамирді таңдадым. Ол сабаққа ынтасы төмен, өз ойын жеткізе алмайды, мүлдем сөйлемейді, кейде үйге берілген тапсырманы жазбаша түрде алуға мәжбүр боламын. Бірақ пәнге деген қызығушылығы бар, өте жауапты, тиянақты оқушы. Сондықтан топтық жұмыстар арқылы Дамирдің ашылуына жағдай жасауды мақсат етіп алдым. Бірінші сабақта ешқандай өзгеріс болмады, сабақты өздігімен меңгергенмен, өз ойын айтуда қиындық болды. Қасындағы оқушылардың көмегін қажет етті. Сол себепті де келесі сабақтарда жалпылама емес, Дамирге бағытталған түрде әрекет ету керектігі анықталды. Lesson study бойынша рефлексивтік есеп

Lesson study бойынша рефлексивтік есеп Lesson study бойынша рефлексивтік есеп Lesson study бойынша рефлексивтік есеп

Lesson study бойынша рефлексивтік есепLesson study бойынша рефлексивтік есеп



Lesson study бойынша рефлексивтік есеп

Мен жасаған сабақтың құрылымы С деңгейіндегі оқушыға ешқандай өзгеріс әкелмеді, сондықтан басқа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі туындады. Келесі зерттеу сабақтарында бұдан да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деген ойдамын.

Биология пәні мұғалімі: Өзбек Д.М.



© 2010-2022