«Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы курсының бағдарламасы (авторлық) 9-сынып

    Жалпы биология курсында «Генетика негіздері» тарауы ең қиын тараудың бірі болып есептеледі. Генетика математикаға  ұқсас дәл пәндерге кіреді. Генетикада ген - өлшем бірлікке жатады. Генетика заңдылықтарын жаттауға болмайды, оны тек түсіну керек, себебі генетикалық есептер заңдылықтарға тікелей байланысты. Әсіресе күрделі генетикалық есептерді шығару білігін дамыту үшін теориялық білім мен есеп шығарудың алгоритмін оқушы жақсы меңгерсе еш қиналмай, қиын тарауды өте жақсы меңгереді.      Гене...
Раздел Биология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебі







«Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы

курсының бағдарламасы (авторлық)

Құрастырған: Мұңайтбасова К.Х.

химия-биология

пәндерінің мұғалімі

«Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы курсының бағдарламасы (авторлық)9-сынып






Атырау қаласы


ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
ГЕНЕТИКАЛЫҚ АНАЛИЗ НЕГІЗДЕРІ
Х СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН


МҰҢАЙТБАСОВА Күләш

Атырау қаласындағы №10 орта мектептің

химия-биология пәндерінің мұғалімі


І.Түсінік хат

(10 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


Жалпы биология курсында «Генетика негіздері» тарауы ең қиын тараудың бірі болып есептеледі. Генетика математикаға ұқсас дәл пәндерге кіреді. Генетикада ген - өлшем бірлікке жатады. Генетика заңдылықтарын жаттауға болмайды, оны тек түсіну керек, себебі генетикалық есептер заңдылықтарға тікелей байланысты. Әсіресе күрделі генетикалық есептерді шығару білігін дамыту үшін теориялық білім мен есеп шығарудың алгоритмін оқушы жақсы меңгерсе еш қиналмай, қиын тарауды өте жақсы меңгереді.

Генетикалық анализ (талдау) - гендерді белгілері арқылы анықтап көрсететін генетика әдістерінің жиынтығы. Егер химия пәнінде қышқылдарды, негіздерді анықтайтын индикатор лакмус қағазы болатын болса, ал биологияда белгілердің ажырауы арқылы гендердің санына байланысты болады.Анализ фенотип және генотип бойынша жасалады, яғни сыртқы белгілерің жиынтығы және гендер жиынтығы бойынша.

Мысалы, моногибридті будандастыруда Ғ2 - де фенотип бойынша 3:1 ажырау, дигибридтіде 9:3:3:1 белгілері бойынша ажырау заңы дәлелденіп анализ жасалады.

Анализ керісінше геннен белгіге қарай жасалуы мүмкін.

Бұл қолданбалы (элективті) курс оқушылардың генетика саласында білімдерін тереңдету, қоршаған ортаның мутагенезінің генетикасы, адам денсаулығын қорғау бағытындағы білімді кеңейтуге негізделген. Қоршаған ортаның ластануы халықтың денсаулығына әсер ететіні түсінікті, өйткені көптеген аурулар адамның ұрпақтан ұрпаққа ауысатын гендік мұраларының және қоршаған ортаның қатысуымен пайда болады. Сонымен қатар бұл курс болашақта биология саласы бойынша мамандық (адам-адам, адам-табиғат) таңдауда, ұлттық біріңғай тест тапсыруда, ғылыми жоба сайыстарынан білімді тексеруде, жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық ретінде тереңдетіліп жүргізіледі. Г.Мендельдің І,ІІ, ІІІ-заңдарын, Т.Морган заңдарын дәлелдеуге есептер шығару, өз бетімен және практикалық жұмыстарға көбірек уақыт бөлінді.

Бұл курс 34 сағатқа негізделген.

Курстың мақсаты: Жалпы биологияны оқытуда генетика саласынан оқушылардың білімін тереңдету, моногибридті, дигибридті, тригибридті будандастыруда Мендельдің І,ІІ,ІІІ - заңдарын дәлелдей білуге баулу. Адамның көптеген белгілерінің тұқым қуалауы Мендель заңдылықтарына сәйкес жүретіндігін өмірмен байланыстыра отырып меңгерту.

Геном және қоршаған орта мәселесі арқылы экологиялық генетика мен адам генетикасының көкейкесті бағыттарына аса назар аудару. Ғылыми зерттеу инситуттарына не селекциялық орталықтарға экскурсия ұйымдастырып, ғалымдармен, селекционерлердің жұмыстарымен практика жүзінде танысу.

Курстың міндеттері:

  1. Генетикалық анализде оқушыларға генетикалық коллекциялардың мәнін көрсету.

  2. Генетикалық обьектілерге эксперимент қоюдың ерекшеліктерін түсіндіру.

  3. Будандастырудың нәтижесінде алынуға тиісті нәтижеден ауытқудың себептерімен таныстыру.

  4. Кейбір генетикалық бақылауларды және эксперименттерді математикалық әдістермен өңдеу жолдарын таныстыру.

  5. Барлық тірі организмдер үшін генетикалық заңдылықтардың бірлігін түсіндіру.

  6. Тұқымқуалаушылықтың хромосомдық теориясының негізгі ерекшеліктері.

  7. Мендельдің І,ІІ,ІІІ - ші заңдарын есептер шығару арқылы дәлелдеу;

  8. Моно, ди, тригибридті будандастырулардың мәнін ашып, есептер шығару.

  9. Оқушылардың білімдерін пысықтау және тереңдетіп дамыту

  10. Генетикалық есептер шығарудың алгоритмін негізге ала отырып, оқушылардың білімі, білігі және біліктіліктерін дамыту.

  11. Медициналық генетиканың негізгі міндеттері жөнінде мәліметтер бере отырып, күнделікті өмірде адамның жеке басының денсаулығын сақтау,салауатты өмір сүру қажеттілігі туралы білімдерін тереңдету.

  12. Геном және қоршаған орта туралы шет елдер (АҚШ, Жапония, Түркия, Польша, Румыния, Иран, Тайланд) мен өз еліміздің ғалымдарының экологиялық зерттеулерінің ғылыми негіздері жөнінде мағлұматтарды ақпараттық технология құралдары арқылы жинақтап, танысу.


ІІ. Мазмұндық бөлім

Курстың мазмұны

Сағаттың жалпы саны -34

Кіріспе (3сағ)

Генетикалық анализ - генетика әдістерінің жиынтығы. Белгілердің сақталуына генетикалық орта мен сыртқы орта факторларының әсері. Плейотропия, экспресивтік.Генетиканың негізгі ұғымдары және олрадың өзара байланысы.

1.Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері (4 сағ)

Хромосомалардың құрылысы. Хромосоманың химиялық құрамы мен репродукциясы. Кариотиптің түрлік ерекшеліктері. Хромосоманы санау. Практикалық сабақ «Ауыл шаруашылық дақылдарының ерекшелігін ескеріп, хромосомалармен танысуға препараттар дайындау әдістер»

2.Моногибридтік будандастырудағы тұқымқуалау (6 сағ)

Моногибридтік будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ - заңдары. Мендельдің І,ІІ заңдарын дәлелдеуге есептер шығару. Өз бетімен практикалық жұмыс.

3.Полигибридтік будандастырудағы тұқымқуалау (7 сағ)

Дигибридтік будандастыру.Дигибридтік ажыраудың цитологиялық негіздері. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Тригибридті будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ,ІІІ - заңдарын дәлелдеуге есептер шығару. Практикалық жұмыс.

4.Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер (6 сағ)

Гендердің тіркес тұқымқуалауы. Т.Морганның заңы.Кроссинговер. Генетикалық карталар. Т.Морганның заңын дәлелдеуге есептер шығару.

Практикалық жұмыс «Дрозофила шыбынымен жұмыс»

5.Популяциядағы генетикалық заңдылықтар (4 сағ)

Харди-Вайнберг заңы. Есептер шығару.

6.Жыныс генетикасы (2 сағ)

Адам генетикасы. Медицинадағы генетика және кейбір тұқымқуалайтын аурулардың алдын алу. Геном және қоршаған орта.

7. Зачет (2сағ)

ІІІ. Нормативті бөлім

«Генетикалық анализдің негіздері» қолданбалы курс бағдарламасының мазмұны мен құрылымы


р/р

Тараулар

Сағат

саны

Оның

Теория -

лық сабақ

ішінде

Практи- Өздік

калық жұмыс сабақ

Кіріспе

3

3

-

І.

Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері

4

1

«Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы курсының бағдарламасы (авторлық)9-сынып2 1

ІІ.

Моногибдидтік будандастыру

6

2

2 2

ІІІ.

Полигибридтік будандасудағы тұқымқуалау

7

2

3 2


ІV.

Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер

6

2

2 2


V.

Популяциядағы генетикалық заңдылықтыр

4

1

2 1

VI.

Жыныс генетикасы

2

-

1 1

«Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы курсының бағдарламасы (авторлық)9-сынып

VII.

«Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы курсының бағдарламасы (авторлық)9-сынып

Зачет


ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

2


Сабақ №


Өтілетін тақырыптар

Сағат Мер

саны зімі

1.

2.

3.

Кіріспе

Генетикалық анализ - генетика әдістерінің жиынтығы.

Белгілердің сақталуына генетикалық орта мен сыртқы орта факторларының әсері.Плейотропия, экспрессивтік.

Генетиканың негізгі ұғымдары және олардың өзара байланысы.

3

1

1

1

ІІ.

4.

5.

6.

7.

Тұқымқуалаушылықтың материалдық негіздері

Хромосомалардың құрылысы

Хромосоманың химиялық құрамы және репродукциясы

Кариотиптің түрлік ерекшеліктері . Хромосоманы санау

Практикалық сабақ «Ауылшаруашылық дақылдарының ерекшелігін ескеріп, хромосомдармен танысуға препараттар дайындау әдістері»

4

1

1

1

1

ІІІ.

7,8

9,10

11,12

Моногибридтік будандастырудағы тұқымқуалау.

Моногибридтік будандастыру. Г.Мендельдің І,ІІ заңдары

Мендельдің І,ІІ заңдарын дәлелдеуге есептер шығару

Өз бетімен практикалық жұмыс

6«Генетикалық анализ негіздері» қолданбалы курсының бағдарламасы (авторлық)9-сынып

2

2

2

ІV.

13.

14.

15

16.

17.18

20.

Полигибридтік будандастырудағы тұқымқуалау

Дигибридтік будандастыру

Дигибридтік ажыраудың цитологиялық негіздері

Аллельлі емес гендердің өзара әрекеттесуі

Тригибридті будандастыру. Г.Мендельдің І.ІІ.ІІІ - заңдарын дәлелдеуге есептер шығару

Практикалық жұмыс

Өз бетімен жұмыс

7

1

1

1

1

2

1

V.

21,22

23.

24.

25.

26.

Гендердің тіркес тұқымқуалауы және кроссинговер

Гендердің тіркес тұқымқуалауы. Т.Морган заңы

Кроссинговер

Генетикалық карталар

Т.Морган заңын дәлелдеуге есептер шығару

Практикалық жұмыс «Дрозофиламен жұмыс»

6


2

1

1

1

1

VI.

27,28

29,30

Популяциядағы генетикалық заңдылықтар

Харди-Вайнберг заңы

Есептер шығару

4

2

2

VII.

31.

32.

VIIІ.

33.34

Жыныс генетикасы

Адам генетикасы

Медицинадағы генетика және кейбір тұқымқуалай -тын ауруларды алдын алу (дәрігермен кездесу)

Геном және қоршаған орта

Зачет

2

1

1

2

ІV. Ақпараттық-әдістемелік бөлім

Курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары:

Қолданбалы курсты оқытуда оқушылардың шығармашылық потенциалдарын дамытуда жеке оқушымен, топпен жұмысты заманымыз-

ға сай педагогикалық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бағдарлы, бейіндеп оқытудың түпкі мақсаты жоғары оқу орнына дайындық болғандықтан жоғары білім беретін оқу жүйесіндегі әдістерді қолданған тиімді.Мысалы: лекция-семинарлар, жобалау - ғылыми жобаларды қорғау, дискуссия, практикалық сабақтар, ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар т.б. Сабақты өткізуде тақырыпты терең меңгеруде интерактивті тақтамен, слайдтар, оқу видеофильмдердерді пайдаланған жөн. Тақырыпқа сай мүмкіндігінше зерттеу обьектілеріне - ғылыми зерттеу институттарына экскурсиялар, көрмелер ұйымдастыру қажет.

Білімдерін тексеру және бағалау жүйесі:

  1. Күнбе-күнгі бақылау, тексеру: сабақ барысында әңгімелесу, әрбір сабақ соңында тест не есеп (деңгейлік - ҮӘЖ)

  2. Тақырыптық бақылау, тексеру: генетикалық есептер шығаруда бақылау жұмыстары.

  3. Қорытынды бақылау, тексеру: кешенді тест.

  4. Практикалық жұмыстарды - зачет ретінде «тапсырылды» деп бағаланады.

  5. Шығармашылық деңгейдегі оқушылар ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми жобаларды қорғау.

  6. Бағалау жүйесі рейтингілік : репродукті деңгей 1-3 ұпай, конструктивті деңгей 4-6 ұпай, шығармашылық деңгей 7-9 ұпай. Егер бағамен өрнектесек 1-3 ұпай - «3», 4-6 ұпай - «4», 7-9 ұпай - «5».

Білім мен біліктерге қойылатын талаптар

Оқушылар білуге тиіс:

  • генетикадағы негізгі ұғымдар мен терминдерді және белгілеулерді;

  • генетикалық анализдің әдістерін;

  • хромосома құрылысы мен құрамын;

  • моно, ди,тригибридті будандастыруларда Менделдің І,ІІ,ІІІ - заңдарын білу;

  • генетикалық есептер шығарудың алгоритмін;

  • генетикалық коллекциялардың қолданылуы;

  • міндетті, стандартты деңгейде және жылжымалы деңгейде білуге тиісті негізгі 25 ұғымды;

  • молекулалық генетика саласының жетістіктерін.

Оқушылар дәлелдеуі тиіс:

  • генетика терминдерін пайдалана білу;

  • генетиканың модельдік обьектісі-дрозофиламен жұмыс;

  • генотиптері әртүрлі организмдердің гамета типтерін анықтау;

  • Ғ2- ге фенотип және генотип бойынша Пеннет торы арқылы және торды қолданбай анализ беру:

  • ажырау заңының формуласын дәлелдеу;

  • генетикалық есептер шығару;

  • Харди-Вайнберг формуласын қолдану;

  • кариотиптің суретіне қарап, адамның хромосомдық синдромдарын анықтау.

V. Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Курс бағдарламасын құрастырып, өткізу үшін пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімдерге арналған әдебиеттер:

1.Абрамова З.Б. Практикум по генетике. Ленинград «Колос» 1985, 112с.

2.Алиханян С.И. Общая генетика. - М.1989.

3.Ватти К.В. Руководство к практическим занятиям по генетике. -М.

«Просвещение» 1980. 189с.

4.Ишмухамедова Н.Б. Уроки общей биологии.Алматы «Ғылым»1999,175с.

5.Гуляев Г.В. Задачник по генетике. - М. «Колос» 1988, 77с.

6.Крючков А.В. Селекция и семеноводство овощных и плодовых культур. -

М, «Колос» 1987.287с.

7.Лобашев М.Е. Генетика с основами селекции. -М, «Просвещение» 1987.

304с.

8.Паушева З.П. Практикум по цитологии растений. -М, «Колос» 1984. 288с.

9.Программы элективных курсов. Биология. 10-11 классы. Профильное

обучение. Сборник 3. - М.: Дрофа, 2006. - 157с.

10.Орлова Н.Н. Генетический анализ.-М.: Изд-во МГУ, 1991.

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Әбшенова Л.Ү. Биология. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын

тексеруге және олимпиадаларға дайындауға арналған

тапсырмалар. Алматы, 2009. 119б.

2.Ватти К.В. Руководство к практическим занятиям по генетике. -М.

«Просвещение» 1980. 189с.

3. Оқушы анықтамасы. «Талапкер топтамасы». Биология: 6-11 сыныптар.-

«Арман-ПВ», 2005ж.-440б.

4.Энциклопедия для детей. Т.19 - М.: Аванта+, 2003.

  1. 5. Интернет - сайттар

8

© 2010-2022