Орман болса олжаң көп, ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақ

Раздел Биология
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Орман болса олжаң көп,ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақОрман болса олжаң көп,ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақОрман болса олжаң көп,ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақОрман болса олжаң көп,ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақОрман болса олжаң көп,ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақОрман болса олжаң көп,ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақОрман болса олжаң көп,ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақ

Қармақшы аудандық оқушылар үйі

Орман болса олжаң көп,ұрпақ үшін ағаш ек ашық сабақ

( а ш ы қ с а б а қ )

Ұйымдастырушы: «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі

Сматова Мархабат Қанибекқызы



Жосалы кенті

2015 жыл



« Бекітемін »

«___»_______________2015 ж

Аудандық оқушылар үйінің

директоры: __________Н.Наурызбаева



Сабақтың тақырыбы: «Орман болса олжаң көп, ұрпақ үшін ағаш ек»

(ашық сабақ)

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Орман ағаштарынан алынатын өнімдер баға жетпес құнды

қойма екендігі және орманның тіршіліктегі маңызды қасиеттері

туралы білімдерін жетілдіру;

ә) дамытушылық: Орман табиғат қазынасы,халық байлығы екендігі туралы

дамыта білім бере отырып оқушылардың есте сақтау

дағдыларын қалыптастыру;

б) тәрбиелік: Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі: білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: іздену, сұрақ - жауап, кесте, сызба, картамен жұмыс, жеке және жұптық жұмыс, т.б.

Пән аралық байланыс:экология,дүниетану, биология, математика, ана тілі,

қазақ тілі т.б.

Сабақтың көрнекілігі: видеоролик,үлестірмелі материалдар,тірек сызбалар, т.б.

Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: дәптер,қаламсап,сызғыш,қалам,өшіргіш, т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесіп,түгелдеу;

ә) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабағымыздың ұранын еске түсірсек:

«Білмейтіндер үйренсін, ал білетіндер тағы да есіне түсірсін!»

Оқушы ережесін қайталап алайық!

  1. Біз барлығымыз өзімізді оқыту үшін жауаптымыз;

  2. Бір-бірімізді тыңдаймыз, сөзін бөлмейміз;

  3. Бір ғана адам сөйлейді, «көтерілген қол ережесі»

  4. Айтылған мәселенің мәні бойынша ғана айтамыз;

  5. Өз ойларымызбен бөлісеміз.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Ізденген жетер мақсатқа. Орман тоғай өсімдіктері мен жануарлары тақырыбы бойынша оқушылар дайындап келген жұмыстарын қорғау.

Сергіту сәті:

Әуенмен табиғат құбылыстарын қимыл іс әрекет арқылы көрсету. Ағаш,

жел, құс, күн. Ағаш дегенде - ағаш болып қолдарын дөңгелете қосады, жел тұрды дегенде жел болып қолдарымен бірқалыпты қозғалады, күн ашылды дегенде - күн болып қолдарын айқара ашады, құстар келді дегенде - құс болып ұшады.



IІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


  1. Орман ағаштарынан алынатын өнімдер: тұрмыстық бұйымдар, құрылыс материалдары, құнды аң терілері, құстардың мамығы, жеміс - жидек, киім, азық - түлік

    • Тұрмыстық бұйымдары: үстел,орындық,сөрелер,есік, терезе, бесік, кереге т.б.

    • Қағаз дайындайтын комбинат жұмысшысы: дәптер, газет, кітап, журналдар

    • Темір жолшы: ағаш вагондар, темір жолдың астына салатын төсеніштер...

    • Дәрі - дәрмек жасаушылар: ағаштан алынған дәрі - дәрумендер

  1. Экология пәні жалғастырады:

Ормантабиғаттың тарту еткен байлығы, баға жетпес халық қазынасы екендігін дәлелдеу үшін орманның маңызды қасиеттеріне көңіл бөлейік:

Ауаны оттегімен байытадыОрманның маңызы

Климатты жақсартады

фитонцид

Орман

Егістікті қорғайды

Топырақты қорғайды

Суды қорғайды

1. Ауаны оттегімен байытады. Жер бетіндегі оттектің 60% ормандар береді. Бір ағаш тәулігіне 3 адамның тыныс алуына қажетті оттегін бөледі. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг көмір қышқыл газын сіңіреді.

2. Климатты жақсартады. Ормандар суықтың, құрғақ желдің әсерін әлсіретіп, климатты жақсартады.

3. Топырақты құрғақшылықтан сақтап, топырақта ылғалдың сақталуына, құнарлылығын сақтауға жағдай жасайды.

4. Орман су ресурстарын қорғайды. Ашық жерлерге қарағанда ормандарда қардың еруі жай жүретіндіктен, су көздеріндегі судың деңгейі реттеліп, тасқынды болдырмайды.

5. Егістікте күздік дақылдарды желден, суықтан қорғап үсіп кетуден сақтайды.

6. Орман атмосфераны фитонцидтермен байытады. 1га жерге егілген ормандар тәулігіне 30кг дейін фитонцидтер бөледі, бұл бір үлкен қаланың ауасын тазартуға жетеді.

Фитонцидтер дегеніміз - ауру тудыратын бактерияларды жойып жіберетін ұшқыш заттар, тірі организмге зиянды әсер ететін түрлі қосылыстар мен шуды, шаңды сіңіреді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Білімдерін шыңдау:

Мысалы:

I - топқа тапсырма: (дәптерге орындайды), 60 кг макалатура 1 га орманды шабудан сақтайды, ал 180 кг макалатура тапсырсақ неше тонна орманды сақтайды екен? Есептеңдер.

II - топқа: 1 тонна макалатурадан 25 мың оқушы дәптерін дайындауға болады. Егер біздің сынып оқушылары 5 тонна макалатура жинап тапсырсақ қанша оқушы дәптерін дайындауға болады?

Карточкамен жұмыс.

Әрбір қоқыстың қоршаған ортаға келтіретін залалына қарап өзіңнің балыңды тағайында, зияны көп болса жоғары бал, аз болса төмен бал (1 балдан 5 балға дейін).

  • Картоп, жуа, сәбіз қабықтары -1 б

  • Қағаз, картон - 2 бал

  • Полиэтилен - 3 бал

  • Консерві банкілері - 4 бал

  • Пластик шөлмектер, сынықшыны - 5 бал

ФЖаңа терминдер ойыны: Оқушылар әріпті таңдайды, әріпке байланысты терминге сипаттама немесе сұрақ қойылады.

К

О

М

Ф - фитонцид дегеніміз не ?

М - макалатура дегеніміз не ?

О - адам тыныс алғанда қандай газды жұтады ?

К - адам тыныс алғанда қандай газды шығарады ?

Шығармашылық жұмыс:

1.Орман шаруашылығының маңызы қандай?

2. Орманның жаулары не?

3.Орман өсуіне қарай неше топға бөлінеді?

4. Орман көп болса олжаң көп -деген мақалды қалай түсінесің?

Білімді мыңды жығар

Орманның пайдасы және оны қорғау.

Орман ағаштарынан алынатын өнімдер

Орман-тоғай құстары.

Орманның жаулары.

Экологиялық диктант. Диктантта мәтініне сәйкес сөйлем ішінде түсіп қалған жеке сөздерді орын - орнына тауып жазу көзделеді:



сөйлемдер

Қажетті жауаптар

  1. Жер бетіндегі ......... 60% ормандар береді.

  2. 1 ағаш тәулігіне ............ тыныс алуына қажетті оттегін бөледі.

  3. Жаз айында қайың ағашы 44 кг, емен 28 кг ......... сіңіреді.

  4. Орман атмосфераны ....... байытады.

  5. Ормандарды ..... біздің міндетіміз. Оны қалпына келтіру үшін көктемде немесе күзде жас ...... отырғызады..

  1. Көмірқышқыл газын

  2. Фитонцидтермен



  1. Қорғау, көшеттерді



  1. Оттектің

  2. 3 адамның



Қорытынды: Венн диаграммасы.

пайдасы

ластануы

орман

Есте сақта!

  • Жағажайда,бұлақта немесе көл жағасында болсақ суға ештеңе лақтырма

  • Сұлу табиғатта қоқыс қалдырма, өзіңнен кейін жинап кет

Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма:

  • Үйде отбасы мүшелерімен бірге экологиялық мәселелерді талқылау;

  • Орманды қорғау туралы өлең шығару.



© 2010-2022