Өзімізді тұмаудан қорғайық

Тақырыбы: Өзімізді тұмаудан қорғайық. Мақсаты: Әр түрлі тыныс жұқпалы аурулардан сақтандыру. Сыныбы: 5-7 сыныптар Өткізген: Мектеп медбикесі: Насигазиева А. С. Барысы: ЖРВИ мен тұмау-бұл тыныс жолдарының,вирустар туындататын ең көп таралған аурулары.Олар науқас адамнан ауа-тамшы жолымен жұқтырылады.      Тұмау-өте қауіпті дерт,оған немқұрайлықпен қарап, дұрыс емделмесеңіз, ағзаңызға үлкен қауіп төндіресіз. Аурудың негізгі белгілері: -бастың ауыруы -бұлшықеттің ауруы -дене қызуының көтерілуі -жөтел -тамақтың ауруы -мұрынның бітелуі. ЖРВИ мен тұмау балаларда құсумен,іш өтумен,тыныс алуының қиындауымен білінуі мүмкін. ЖРВИ МЕН ТҰМАУ АУРУЫ КӨБЕЙГЕН КЕЗЕҢДЕ АУРУ ЖҰҚТЫРУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ АСҚЫНДЫРМАУҒА БОЛАДЫ;  1.Адамдар көп жерде бетперде кию керек. 2.Мұрынның сілекейлі қабатын,әсіресе үйден шығар кезде оксолин майымен майлау керек. 3.Адамдар көп жиналатын орындарға бармау керек. 4.Қатты тоңбау,ауа райына байланысты киім кию керек. 5.Алғашқы профилактикасы үшін дәрі қобдишасының долуы тиіс(термометр,бетперде,аскорбин қышқылы,интерферон,оксалин майы,мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер) 6.Жеке тазалықты сақтау,қолды жиі жуу. 7.Ұдайы ылғалды тазалау шараларын жүргізіп,үй-жайды желдетіп отыру керек(күніне 3 реттен жиілетпей). 8.Науқас адамдармен қатынас жасамау. 9.Таза ауада көп жүріп, спортпен айналысу, белсенді өмір сүру. 10.Жүйке жүйені тоздырмау,тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамау. 11.Тұрақты түрде тамақтану; мүмкіндігінше жемістер мен көкөністерді,пияз,сарымсақ,лимон жеу. 12.Сүйықтықты  мүмкіндігінше көп ішу(су.шырын т б). ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері білінген кезде дереу дәрігер шақырту керек. ЕГЕР АУЫРЫП ҚАЛСАҢЫЗ,НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? - Жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік пайдаланудағы орамалмен жабыңыз. -Пайдаланылған орамалды дереу лақтырыңыз. -Айналаңыздағы адамдарға бөлінулердің ауа-тамшылы жолдары арқылы таралуын шектеу үшін бетпердені пайдаланыңыз,бетпердені әр 2 сағат сайын ауыстырыңыз. -Үйге дәрігер шақыртыңыз,кеңес қатан түрде сақтаңыз. Өзіңізді емдеумен айналыспаңыз.   Тұмаудың алдын алудың ең тиімді және оңай әдісі күзде жасалған екпе! Есте сақтайық! Төсекте жатып, мерзімінде емделу ережелерін сақтасаңыз – бір аптадан соң сыныптастарыңызды вирусты жұқтырамын деп қауіптенбей, сабаққа кірісе аласыз.
Раздел Биология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Өзімізді тұмаудан қорғайық.

Мақсаты: Әр түрлі тыныс жұқпалы аурулардан сақтандыру.

Сыныбы: 5-7 сыныптар

Өткізген: Мектеп медбикесі: Насигазиева А. С.

Барысы:

ЖРВИ мен тұмау-бұл тыныс жолдарының,вирустар туындататын ең көп таралған аурулары.Олар науқас адамнан ауа-тамшы жолымен жұқтырылады.

Тұмау-өте қауіпті дерт,оған немқұрайлықпен қарап, дұрыс емделмесеңіз, ағзаңызға үлкен қауіп төндіресіз.

Аурудың негізгі белгілері:

-бастың ауыруы

-бұлшықеттің ауруы

-дене қызуының көтерілуі

-жөтел

-тамақтың ауруы

-мұрынның бітелуі.

ЖРВИ мен тұмау балаларда құсумен,іш өтумен,тыныс алуының қиындауымен білінуі мүмкін.

ЖРВИ МЕН ТҰМАУ АУРУЫ КӨБЕЙГЕН КЕЗЕҢДЕ АУРУ ЖҰҚТЫРУДАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА ЖӘНЕ ҚАЛАЙ АСҚЫНДЫРМАУҒА БОЛАДЫ;

1.Адамдар көп жерде бетперде кию керек.

2.Мұрынның сілекейлі қабатын,әсіресе үйден шығар кезде оксолин майымен майлау керек.

3.Адамдар көп жиналатын орындарға бармау керек.

4.Қатты тоңбау,ауа райына байланысты киім кию керек.

5.Алғашқы профилактикасы үшін дәрі қобдишасының долуы тиіс(термометр,бетперде,аскорбин қышқылы,интерферон,оксалин майы,мұрынға тамызатын тұзды ерітінділер)

6.Жеке тазалықты сақтау,қолды жиі жуу.

7.Ұдайы ылғалды тазалау шараларын жүргізіп,үй-жайды желдетіп отыру керек(күніне 3 реттен жиілетпей).

8.Науқас адамдармен қатынас жасамау.

9.Таза ауада көп жүріп, спортпен айналысу, белсенді өмір сүру.

10.Жүйке жүйені тоздырмау,тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамау.

11.Тұрақты түрде тамақтану; мүмкіндігінше жемістер мен көкөністерді,пияз,сарымсақ,лимон жеу.

12.Сүйықтықты мүмкіндігінше көп ішу(су.шырын т б).

ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері білінген кезде дереу дәрігер шақырту керек.

ЕГЕР АУЫРЫП ҚАЛСАҢЫЗ,НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

- Жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрныңыз бен аузыңызды бір реттік пайдаланудағы орамалмен жабыңыз.

-Пайдаланылған орамалды дереу лақтырыңыз.

-Айналаңыздағы адамдарға бөлінулердің ауа-тамшылы жолдары арқылы таралуын шектеу үшін бетпердені пайдаланыңыз,бетпердені әр 2 сағат сайын ауыстырыңыз.

-Үйге дәрігер шақыртыңыз,кеңес қатан түрде сақтаңыз. Өзіңізді емдеумен айналыспаңыз.

Тұмаудың алдын алудың ең тиімді және оңай әдісі күзде жасалған екпе!

Есте сақтайық!

Төсекте жатып, мерзімінде емделу ережелерін сақтасаңыз - бір аптадан соң сыныптастарыңызды вирусты жұқтырамын деп қауіптенбей, сабаққа кірісе аласыз.

© 2010-2022